4 санын қосу және азайту
- Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.89 бет
Сабақтың мақсаты: 1.4санын қосу және азайту жайында түсінік беру,жаттықтыру. 2. Ұқыптылыққа баулу.3. Есептеу дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: натурал сандар қатары.
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
№ 4 дұрыстығын тексеру. 89 бет.
ІҮ Жаңа сабақ:
1) 4-ті қосу үшін 3 сан аттап қосу керек екені туралы түсінік беру.
4+4=8 5+4=9 6+4=10
8-4=4 9-4=5 10-4=6
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ү. Білімді бекіту.
Үш сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен ата, содан соң кему ретімен атаңдар.
0 4 8 10 6 2
№ 4 Қызыл және көк кесінділердің ұзындығының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.
№ 5 Есепті шығарту.
Өрік-3 түп. 3+4=7
Шие-4 түп Жауабы: 7 түп ағаш.
Шығармашылық тапсырманы орындату.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз не істеуді үйрендік?