Бізді қоршаған ортадағы төртұрыштар (тік төртбұрыш, параллелограм, квадрат, ромб, трапеция)

Пән: Геометрия, 8 сынып

Тақырыбы: Бізді қоршаған ортадағы төртұрыштар (тік төртбұрыш, параллелограм, квадрат, ромб, трапеция)

Күні: 23.10.13 ж

Мұғалім: Бейбитбаева А.Е.

 

Сабақ құрылымы: мен сабақты мектепте қолданылып жатқан жаңа әдіспен өткіздім. Мақсатым оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын ояту болатын.

Сабақты үйреніп жатқан әдістердің ішінде Lesson Study – мен жүргіздім. Сабақтын құрылымын қарастыру кезінде А,  В, С деп бөлінетін оқушылардың деңгейлерін шатастырып мақсат қойдым:

/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /А/Өмірде кездесетін төртбұрыштар (төртбұрыш, параллелеграм, квадрат, ромб, трапеция) туралы мәлімет алу
/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /В/Төртбұрыштардың төбелері, қабырғалары,  диагональдары, бұрыштары туралы мағлұмат алады.
/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /С/Тік төртбұрыш, квадрат, параллелеграм, ромб және  трапецияның түрлерін және қасиеттерін ашып түсінеді

Оны сабақты талдау барысында түсіндім.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып, үйге берілген тапсырма сұралды. Өткен тақытырқа байланысты диктант беріліп, оқушылардың өздеріне тексеру ұйымдастырылып, бағалау парағына баға қоюды сұрадым.

Тақырып қоршаған ортамен байланысы болғанмен сыни тұрғысынан ойлау пайдаланып тақырып айтылды, бірақ сабақтың мақсатын айтпадым.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын сыныпты топқа болу орындалды. Топқа бөлуді дұрыс уйымдастырмадым. Оқушыларға: «Қандай фигураны алсандар сол тақырыпта жұмыс жасайсындар», — деп айтылды.

Топқа бөлініп болған сон әр топ өз тақырыптарында жұмыс жасады. Топтық жұмысқа 7 минут уақыт берілді. Топтық жұмысты бақылау барысында параллелограмды  қарастырып отырған Есболат (А деңгейдегі оқушы)  амандық пен Еркежанды (С деңдейдегі оқушылар) тыңдағысы келмей: «Өзім салам, өзім жазам» деді. Мен қастарына нұсқау беру барысында: «Есболат топпен жұмыстың мақсаты жалғыз өзін сызып, қарастыру емес, сіз сызбасын салсаңыз олар қасиеттерін жазсын», — дедім. Біраз уақыт өткенде Есболат Еркежаннан «қасиеттерін қарастырып, жаза берші, мен жалғыз үлгермейтін секілдімін» деп көмек сұрады.

Жұмыстарын қорғайтын уақытта басқа топтар тек екі адамнан  ғана шыұғып қорғап жатса трапеция тақырыбында жұмыс жасаған топ төрт оқушы да шығып, трапецияның  өмірде қайда кездесетінін, оның қасиеттерін кезектесіп барлығы бірге қорғады.

Сергіту сәті екі кезеңнен тұрды. Жұмыстарын қорғап болған соң, «математиканың сұлулығы» тақырыпта ойды демалту кезеңі өтті. Слайдтар біткен соң В, С топтағы оқушылардан алған әсерлері жайлы сұрадым.

Тақырыпты бекітуге А (жеңіл) және В (орташа) топтағы есептер берілді. Мұндағы тапсырмаларды әр оқушы өзі орындау керек болатын, мұндағы байқағаным  С деңгейдегі оқушылардың көңіл күйлері түсіп кетті.

Уақытқа үлгермедім. Қоңыраудың соғып кетуіне байланысты А топтағы есептер үйге беріліп, оқушылардың топтағы жұмыс жасауын өздеріне бағалаттым да, сабақтан алған әсерлерін тыңдадым.

Өз сабағымды орташа деген бағамен бағалаймын.