Кері есептер +4; -4
12.Сабақтың тақырыбы: Кері есептер +4; -4 93 бет
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кері есептер туралы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: санау материалдары
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Оқыта отырып үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру«Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау
— Балалар біз бүгін кері есептер туралы түсініктерімізді кеңейтеміз
Ү. Жаңа білімді меңгерту
Оқулықпен жұмыс
№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу
Алма – 5 Алмұрт — 9
Алмұрт — ?, 4-еуі артық Алма — ?, 4-еуі кем
Шешуі: 5+4=9 Шешуі: 9-4=5
Жауабы: 9 алмұрт Жауабы :5 алма
Дәптермен жұмыс
№ 2 тапсырма
3>2 4<1 7>5 6<8 9<5 6>10
Теңсіздіктерді екі бағанға жаз. Тура емес теңсіздіктерді тура теңсіздіктермен алмастыр.
ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру
Қосымша тапсырмалар орындат
ҮІІ. Білімді бекіту
Логикалық тапсырмаларды шешу
ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Бағалау
№ 3 тапсырма
Оқушыларды бағалау