Көңілді тапқырлар сайысы

Көңілді тапқырлар сайысы

1- жүргізуші: Атамыз білім дәнін болған екпек,

Оқытып балаларды білім сеппек.

Қазақтың кең даласын жарық қылған,

Атамыз Ыбырайға мың рахмет.

2- жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

1- жүргізуші: — Құрметті ұстаздар, оқушылар, 8 сыныптар арасында

өтетін » Көңілді тапқырлар сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер! ( музыка ойнайды)

 2- жүргізуші: » Талапты ерге нұр жауар» демекші, ортаға » Тапқырлар» командасын шақырамыз.

Ойла- ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Формуланы білмесең,

Өте алмайсың көпірден.

   2- жүргізуші: ( Берілген формулалардың жұптарын табу керек).

Көрермендерге сұрақ:

1) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі: (планиметрия)

2) Санның жүзден бір бөлігі: ( процент)

3) Глобус қандай геометриялық фигураны елестетеді?

1- жүргізуші: 2- тур. » Тапқыр болсаң ұтып көр»

Жібермейміз есе біз,

Ғалым болып өсеміз.

Көзді ашып, жұмғанша ,

Есепті де шешеміз.

2- жүргізуші: 3 3 3 3 3 3 = 1000

(333*3+3/3) = 1000

4 4 4 4 4 4 4 4 = 500

( 444+44+4+4+4)=500

Сандардың сол жағындағы сандарға амал таңбаларын қой:

1) -2х+(-25), х= -10 өрнегінің мәні неге тең?

2)екі санның қосындысы 8-ге, көбейиіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап.  (5; 3)

1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің шүбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

2- жүргізуші:  Әрбір команда өзінің өнерлерін көрсетсін.

Көрермендерге сұрақ – есеп:

1) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай).

2) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? ( түйеқұс ұшпайды).

1- жүргізуші: 3- тур: » Жұмбақтар»

Өз ойыңды жүйелейтін,

Алған білімді түйіндейтін,

Әр нәрсенің жауабын тез

Есте сақтап күлімдейміз.

2- жүргізуші: Олай болса кезекті жұмбаққа да берейік, шешімін кім табады.

1- Тапқыр: Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді, дамылсыз қанша шапса да,

Бір мәреге келмейді.

( параллель түзулер).

2- Алғыр: Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашасың         .

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың.

( квадрат түбір)

Көрермендерге сұрақ:

А) » Адымда- ойлан» ойыны.

«7»- ге еселік сан.  (4)

«4»-ке еселік сан.   (4)

Б) Санның квадратын тап.

22,   23,   24

32,   33,   34.

4- тур: » Бақытты сәт»

1- жүргізуші:  Әр нәрсенің бастауы

Жетекшіге тиісті.

Оның әрбір істері

Өз ісінің жемісі.

2-жүргізуші: Онда неге тұрамыз

Қолға алайын сол істі.

Әр жетекшінің өз ісі

Білімділігіне тиісті.

«Әр қолда өзінің ісі».

Қағаз, қалам , яғни екі қолымда қарындаш беріледі.

Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер сызады.

Викториналық сұрақтар:

1) егер 1 жұмыртқа 4 минут қайнаса, 5 жұмыртқа неше минут қайнайды?

2) Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?

3) Негізгі геометриялық фигураларды ата.

4) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)

5) Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. ( параллель)

6) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу. ( перпендикуляр)

7) катет пен гипотенуза туралытеорема кімнің атымен аталады? ( Пифагор)

8) Квадраттық функцияның графигі ( парабола).

5- тур: » Сөзжұмбақ»

Сұрақ: 1) Үлкен хорда- диаметр

2) берілген нүкте- центр

3) шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді- хорда.

4) геометриялық фигура- шеңбер.

5) Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық- радиус.

Өлең үшбұрыштар жайлы:

» Есеп туралы ой»

Қажетті сөздер:

  1. » Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін — математика» (М.В.Ломоносов)
  2. Білімдіден шыққан сөз,

Білімдіге болсын кез. ( Абай)

  1. Қорытынды.