Әдеби ертегі. Ә.Тәжібаев «Толағай»
Қазақ әдебиеті 6 В 5.10.13
Әдеби ертегі. Ә.Тәжібаев «Толағай»
| Деңгей | Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар |
| Топқа бөлу | Қазақ халқының ертегілері бойынша 3 топқа бөлінеді. |
| Білім | 1. Әдеби ертегі, Ә.Тәжібаев, «Толағай» ертегісі туралы оқушы санасына жеткізу. 2. Қазақ ертегілерінің мазмұнына байланысты түрлерін естеріне түсіру. 3. Қазіргі заман жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқандығын көрсету. |
| Түсіну | 1. Орыс әдебиетінде қандай әдеби ертегілер бар? Мысалдар келтіріңдер. 2. Ә.Тәжібаев кім? Оның қандай әдеби ертегісі бар? Ақынның шығармашылығы? 3. Толағай қандай ерлік істер жасады? |
| Қолдану | 1. Ертегі мазмұны бойынша әрқайсыларың жеке параққ сұрақ жазып, оны өз ішеріңнен сайланған жүргізушіге беріңдер. Жүргізушінің белгісімен кез келген парақты алып, жауап беріңдер. Барлық сұрақтарға жауап алған соң, бірі-біріңмен талдасып, мәтін құрап, әңгімелеңдер. Түпнұсқамен салыстырыңдар. Ең белсеңді оқушы анықталады. |
| Талдау | 1.Ертегі мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? 2. Қазіргі заман ертегісін құрастырып көріңдер. Кімнің ертегісі қызықты шығар екен? |
| Жинақтау | 1.Венн диаграммасын толтырыңдар: Кәдімгі ертегі Әдеби ертегі 2.Толағайға қандай хат жазар едіңдер? |
| Бағалау | 1. Толағай ертегісін мазмұндау 2. Толағайдың істеген ерлігі туралы суретін салу. |