С.Торайғыров « Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі.
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров « Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі.
Сабақтың мақсаты:
«Қамар сұлу» романын талдай отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу.
Сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: СТО технологиясы бойынша
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, тірек сөздер, флипчарттар.
Сабақтың барысы:
І. Ой шақыру.
Қызығушылықты ояту.
(2 топқа қима қағаз таратып беремін . Әр топ өз атын қорғайды.)
І топ – «Замана»
ІІ топ – «Салт-дәстүр»
ІІ. Мағынаны ажырату.
Романды талқылап шығу мақсатымен әр топқа эксперт парағы таратылады.
1 – эксперт парағы
- Қамар кім?
- Қамардың бақытсыздығы неде?
2 – эксперт парағы
- Омар неге Жорға Нұрымға Қамарды бермекші болып көнеді?
- Қамар өз бақыты үшін күресе алады ма?
(2 топ берілген кесте бойынша жұмыстарын талқылап қорғайды. )
«Талқылау» кестесі
| Шығарманың тақырыбы Талқылау | «Қамар сұлу» романы |
| Негізгі кейіпкер | Қамар, Ахмет |
| Тақырып | Қазақ қыздарының теңсіздігі, тарих-әлеуметтік жағдай |
| Әрекет | Қамарды күшпен Жорға Нұрымның алып кетуі |
| Осы әрекетке итермелеген не нәрсе | Омар би мен Қалтаң қажының Омардың келісімісіз уәде беруі |
| Жазалаушы тарап | Омар би, Қалтаң қажы, Жорға Нұрым және бақсы-балгер |
| Олардың бойындағы қасиет | Қатал, мейірімсіз, маңсапқор |
| Шығарма қалай аяқталады? | Ахметтің соққыға жығылып, Нұрымға пышақ салуы. Нұрымның қашып құтылуы. |
«Тұжырым» кестесі
| Кейіпкердің аты | Іс-әрекет | Өмірге қызығушылығы | Кейіпкер әрекетіне баға |
| Қамар | |||
| Ахмет | |||
| Омар | |||
| Жорға Нұрым |
(Әр топ кесте бойынша дәуірге байланысты сипаттама береді.)
| Ескі әлем | Жаңа әлем |
| Сауатсыздық | |
| Жасы үлкен кісіге тұрмысқа шығу | |
| Дәстүрді сыйлау | |
| Қалың мал | |
| Әлеуметтік теңсіздік | |
| Қазақ қыздарының бас бостандығы |
«Қамар сұлу» романының тіл ерекшелігін сипаттау
| Прозамен жазылған сөздері өлең ұйқасы сияқты |
| Проза мен поэзияны аралас қатар қолданған |
| Толған айдай шілдедегі жалт-жұлт еткен… Қара құс сұрпрррпмиииңқарға, Қалайша тең зар,зар Сұңқардың басасындай… |
| Теңеу |
| «Ағатай, болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иекті құрымыңа!» — деп ашуланып , сыбағасын бергендігі есіне түсіп: |
| Эпитет |
| Жиылған жұрт тойған тоққа кетті. Ішті-жеді, қайырлы болсын,-деді |
| Жіңішке әнге қосқан әні қандай, Балауса балбыраған тәні қандай. Жарып салма өткір Ахмет… Тоғыз қырлы тоқсан сырлы жігіт ағасы Жылап – жылап сілесі қатып, |
«Кейіпкерге хат»
(Өзінің ұнаған кейіпкеріне хат жазу.)
ІІІ. Ой толғаныс
«Егер мен автор болсам…»
Оқушыларды бағалау,мадақтау. (Топ басшылары бағалайды)
Үйге тапсырма: Шығармаға жоспар құру.