Сабақтың тақырыбы Батырлар жыры

Қызылорда қаласы№ 4 С.Сейфуллин атындағы  орта мектебінің

 

Қазақ  тілі мен әдебиеті мұғалімі Жанабаева Ф.Т

 

Сабақтың тақырыбыБатырлар жыры
Сілтемеhttp://www.tarbie.kz/
Жалпы мақсаты

 

Батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызын ұғындыру, оқушылардың өзіндік пікір дағдыларын,  өз-өзін және бір-бірін бағалауға қалыптастыру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

 

Оқушы тарапынан түсініктерін тұжырымдау,талдау, қорытындылау, әлеуметтік  өзара байланыста өзіндік ой-пікірін жүйелеу,бағалау өлшемдерін пайдалану.
Сабақта туындаған негізгі  идеяларОқушыларбатырларжырыныңтақырыбы мен идеясынтүсіну,басқаауызәдебиеті үлгілерінен айырмашылығынанықтау ,талдау.Топтықжұмыстыөлшемдерарқылыбағалау
Тапсырмалар

 

 

 

Топтық жұмыс

«Мейірбандық» топ ережесін құрастыру.

Бейнекөрсетілім

ДЖИГСО әдісі

ББҮ толтыру

Ойлау баспалдағы

Ашық/жабық деңгейдегі сұрақтар (Диолог)

Ой толғаныс

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру

«Мейірбандық» көрсетілімнен соң топ ережесі

Оқушыларды 3 топқа (5-6 адамнан) түсті қағаздар арқылы бөлу.

І топ – «Алпамыс батыр»

ІІ топ –«Қобланды батыр»

ІІІ топ –«Қамбар батыр»

ІІ.  Жаңа сабақ

Сабаққа қызығушылық ояту.

1 слайд. Қазақ даласындағы жаугершілік замандағы батырлар ерлігін сипаттайтын көрсетілім

Бүгінгі сабақ тақырыбымыз:

2-слайд. Бейнекөрсетілім

Тапсырма №1

Үш топқа мәтінді бөліп беріп, флипчартқа түсінгендерін түсіріп, постерді қорғайды.

І топқа – «Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған…»

ІІ топқа – «Қазақ эпостану ғылымы»

ІІІ топқа – «Эпостық жырлардың көркедік болмысы,зерттелуі»

Бағалау өлшемдері: Мазмұнын  дұрыс жеткізуі:

Дәйектемелерді нақты келтіруі;

Мағынаның толық ашылуы.

Тапсырма №2

№1 . ББҮ стратегиясын толтыру (жұпта, топта талдау)

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша әр топ бір – бірін бағалайды.

Бағалау түрі:  мадақтау.

Тапсырма №3   «Ойлау баспалдағы»

І топ –Биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған?

ІІ топ- Ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған?

ІІІ топ – Батыр деген атқа кімдер лайықты?

Тапсырма №4    Ашық/жабық деңгейдегі сұрақтар (Диолог)

І топ – Неге батырлар жанқиярлық ерлікке барған,көзсіз батырлық жасаған?

ІІ топ — «Найзаның ұшымен,білектің күшімен» сыртқы жауларын жеңуге бола ма?Әлде       бұл көзқарас бұрыс па? Қалай ойлайсыздар?  Бұл жөнінде қандай дәлелдеме    келтірер едіңіздер?

ІІІ топ – Ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін батырлар тарихта болған ба? Болса    нақты дәлел келтіре аласыз ба?

Топтық тапсырма : «Ел қорғаған батырлар» постерді қорғайды.

Бағалау:

Мұғалімнің тексеруі (өлшемдер бойынша)

 Кері байланыс: оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі.

Үй жұмысы:  1 Батырлар  жыры

2. «Қамбар батыр» жырының мазмұнын оқу

Дереккөздер және жабдықтар: АКТ құралдары (бейне камера, интерактивті тақта), плакат, маркер.
Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері
Сабақты талдау

— проблемалық сұрақ қойып оқушылардың қызығушылығын ояттым;

— видеокөрініс арқылы сыни тұрғыдан оқушыларды ойландырдым;

— Джигсо әдісі арқылы топта оқушылардың белсенділігі артты;

— ББҮ-ша  өз ойларын еркін жеткізе алды;

— оқушылар тақырыпты өздері ашып, нәтижеге қол жеткізді.

— өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау жүргізілді.

Сабақ бойынша өзгертулер

 

 

 

 

 

Не сәтті болды?

«Екі жұлдыз, бір тілек», проблемалық сұрақтарға жауап беру, постерді қорғау, оқушылардың белсенділігі артты.

Не сәтсіз болды?

Бағалау өлшемдерін пайдалануды әлде де қалыптастыру қажет етеді.

Нені өзгерткім келеді?

Уақытты тиімді пайдалану.