Ондықтармен санау

13.Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен санау. 143 бет

Сабақтың мақсаты:1. Ондық туралы түсінік беру.2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:дидактикалық материалдар

Оқыту әдісі:  Түсіндіру.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

                            Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.  Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ а) Ондықтар туралы түсінік беру.

9 таяқшаға тағы бір таяқша қоссақ, 10 таяқша болады. Бұл  «ондық» деп аталады.

Осылай он таяшадан екі бума алсақ,екі ондық.

Сонымен;          1 ондық-он-10           6 ондық-алпыс-60

2 ондық- жиырма-20        7 ондық-жетпіс-70

3 ондық-отыз-30                8 ондық- сексен-80

4 ондық –қырық-40  9-ондық— тоқсан-90

5 ондық- елу-50                  10-ондық- жүз-100

№1  Ондықтармен есептеу.

3 онд+1 онд.=4 онд.               4 онд.-1 онд.=3 онд.

30+10=40                        40-10=30

5 онд.+2 онд.=7 онд.              7онд.-5 онд.=2 онд.

50+20=70                        70-50=20

№ 2. ондықтармен сана

20                   90

50         80        40           90

№ 3 Сурет бойынша есеп құрау.

5-4 өрнегі бойынша сұрақ қою.

№ 4 Теңдеу шешу.

4+а=7   а-6=2                  7-а=1                  а+1=8

а=3        а=8            а=6            а=7

 ІҮ. Сабақты қорытындылау:   Біз не істеуді үйрендік?