Шешенге қойылатын талаптар

Сабақтың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: шешенге қойылатын талаптары   жайлы түсінік беру, пікірталас мәдениетін меңгеру, теориялық білімді өмірде қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың тіл мәдениетін, шешен сөйлеуін қалыптастыру, ойлау қабілеті мен тілін дамыту, өз көзқарастарын ашық та жүйелі жеткізе білуге, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, бір-бірін тыңдауға , өз  тілін сүюге, қастерлеуге, сөз мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дискуссия сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кластер,слайдтар, сызбалар,т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақтың эпигрофы:

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

                                  Бұқар жырау

 

Негізгі бөлім:

  Шешенге қойылатын талаптар:

 

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

 

Білімін көтеру

 

Сөйлеу мәдениетін көтеру

 

 

Қабілеті мол

                                                       Білімділік

 

                                                       Шыншылдық

                                                                 

                                                          Мәселесін анық білу

                                                  Жинақылық

                                             Аңғарымпаздық

 

 

 

Шешен сөзге шебер, ойға жүйрік, тіл мәдениетін жан-жақты игерген адам болу керек.

Ал, тіл мәдениеті өз ойын дұрыс, анық мәнерлі сөзбен жеткізе білу іскерлігін меңгеру болып табылады.

«Құнды сөз құнарлы ойдан туады»  Л.Н.Толстой

Сөйлеуге дайындық-шешенннің қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс.

Сөйлер алдында шешен көп жағдайда қатты толқиды, тіпті тыңдаушылармен кездесуден қорқады, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Атақты орыс баспагері И.Т. Сытин ең кішкентай аудиторияның алдында да қысылған. Ал ол-өте білімдар, орыс мәдениетінің мақтанышы, орыс тілінің тамаша білгірі болған.

Неміс зерттеушісі Отто Эртстің “Сізге сөз берілді” деген еңбегінде көпшілік алдындағы қорқыныштың себептерін көрсетіп, одан құтылудың жолдарын ұсынады.

Оның пікірінше, қорқыныштың себебі – шектен тыс ойлап қайғыру. Мұндай жағдайда  сөздің мазмұнына көңіл аударып, іс жайында ғана ойлауды ұсынады.  Көпшілік жағдайда шешен өзінің мүмкіндіктеріне  сенбейді, сондықтан шешен сөйлеуге жақсы дайындалғанына, тыңдаушыларға маңызды және пайдалы нәрселер айтатынына өзін-өзі сендіру керек. Тәжірибесі жоқтықтан қорқатындарға мүмкіндік туған сәттердің  бәрінде сөз сұрап, сөйлеп жаттығу керек. Бір сөзбен айтқанда, психологиялық дайындық қажет. Сөйлеуші өзінің көңіл күйі мен сезімін билей алуы қажет.

Шешеннің қорқынышы сөйлеуге  жеткілікті дайындалмағанынан да болуы мүмкін. А.Ф.Кони дәріске жақсы дайындық болған кезде шешен өзіне – өзі сенімді бола алатындығын айтады. “Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың”, — дейді.

Сөйлеуге дайындық – шешеннің қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс.

СӨЗЖАРЫС

Өнер алды — …  тіл. (қызыл)

Тіл  …  жарады, … жармаса , …  жарады.(тас, бас)

Сөз … тапса, мал … табады.  (жүйесін, иесін)

Жанды жаралайтын да … , емдейтін  де … . (сөз)

… сөз  — жарым  … . (жақсы,ырыс)

Тау мен тасты  …  бұзар,  адамзатты … бұзар.(жел,сөз)

Шешеннің сөзі — … . (ортақ)

Адамның өзі жетпеген жерге … жетеді.(сөзі)

Жақсының сөзі — … тең.(жырмен)

Таза сөйлеу-биік  …  .(мәдениеттілік)

Бал тамған тілден … тамар.(у)

 

 

 

 

 

Мына шешендік сөздердің авторларын табыңдар:

Өнер алды-қызыл тіл. (М.Қашқари)

Шешендік –ақылмен билеу өнері.  (Платон)

Шешеннің  ең ұлы қасиеті-қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. (Цицерон)

Ақыл мен білімнің тілмашы-тіл. (Ж.Баласағұн)

Ойлап айтқан сөз де оралмайды,

Ойнап айтқан сөз де оралмайды .(Ә. Науаи)

Ақын болып туады,шешен болып шығады.(Цицерон)

Айтар сөзді алдымен ойлап ал. (Қорқыт)

Мына  берілген тақырыптарға өз ойымызды білдірейік:

Өмірде не қымбат?

Байлық пен мансап

Денсаулықты сақтау

Интернет жүйесі

 

Сабақты бекіту:

Шешенге қандай талаптар қойған?

-Шешен неге топ алдында толқыған?

-Пікірталастың түрлері қандай?

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.

  Қазақ даласы ән салып тұр. Қазақтың алты жасар баласынан бастап алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік өткір тілмен сөйлей біледі.(Н.Потанин.)

  Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл,айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзіндесөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңғаласың. Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбіне іліп-қағып, сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғаларлықтай оралымды сөйлейді. (В.В.Радлов.)

 

Үйге тапсырма: Мазмұны. 73-74- жаттығу

 

Бағалау.