Геометриялық фигуралардың қиылысуы

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардың қиылысуы.152 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Ұқыптылыққа баулу. 3.Танымдылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Оқыту әдісі:  Түсіндіру.

Сабақтың түрі:  қайталау.

                            Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.  Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

Суретте қандай сызықтар бар?

Бір-бірімен қиылысқан фигураларды ата.

Бір-бірімен қиылыспаған фигураларды ата.

Екі түзудің қиылысқан нүктесі нешеу?

Сәуле мен кесіндінің ше?

Қисық сызық пен сәуленің ше?

Қисық сызық пен кесіндінің ше?

Түзу мен кесіндінің ше?

№ 2 а) Мына фигуралар бір-бірімен қиылыса ма, әлде қиылыспай ма?

ә) Мына фигуралар бір-бірімен қиылыса ма, әлде қиылыспай ма?

 

№ 3 70 пен 20 сандарын пайдаланып, азайту амалына есеп құрастыру.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?

Ү. Үйге тапсырма: № 4 мысалды шығару.