М.Өтемісовтің «Соғыс» өлеңі. 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:        М.Өтемісовтің «Соғыс» өлеңі.  5-сынып

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік жағынан: Оқушыларға М.Өтемісовтың өмірі мен өлеңдерінен мәлімет беру, тарихи деректерге назар аудару, өлеңнің шығу тарихын түсіндіре отырып, Исатай бейнесін ашу, Махамбеттің әрі ақын, әрі көтеріліс басшыларының бірі екенін дәлелдеу.

2) тәрбиелік мақсаты:  Оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту, ерлікке, әділдікке, табандылыққа тәрбиелеу.

3) дамытушылық мақсаты: Балаларға ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі: М.Өтемісовтің суреті, өлеңдері,көтеріліс болған жерлердің картасы, интерактивті тақта,жоспар, нақыл сөздер жазылған слайдтар.

Пәнаралық  байланыс:  тарих, география, шешендік өнер.

Сабақтың  түрі: жаңа білім беру, аралас сабақ .

Жаңа сабақ.

Махамбеттің өлеңдерін жатқа сұрау.

Сөздікпен жұмыс,мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу.

Жоспар бойынша жұмыстану

Бекіту сұрақтарын беру.

Сабақты қорытындылау.

Махамбет туралы білетіндерін ортаға салу.

 

Ақын

 

 

 

Күйші                                                                                   Батыр

сазгер

 

 

Азамат

Композитор

 

 

 

Көтерілістің жалынды жыршысы                                    Отаршылдыққа қарсы күресуші

 

«… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары  өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні,өз тілі, өз арман талабы »

Мұхтар Әуезов

 

 

Махамбет кім? Қандай шығармалары бар?  Ол шығармаларында не жөнінде жырлайды? Міне, осы жөнінде төмендегі жоспар бойынша мағлұмат беру.

Балалар,  сендердің бүгінгі бейбіт өмірлерің үшін, қазақ халқының мүддесін, елдігін сақтау мақсатында жау оғынан тайсалмаған, оттан, судан тайынбаған, өткір сөздерімен ерлікке баршаны жұмылдыра білген небір жаужүрек батырлар, айыркөмей жезтаңдай шешендер, ақындар өткені белгілі.

Солардың ішіндегі ірі тұлғалардың бірі, бүгінде туғанына  210  жыл толып отырған Махамбет Өтемісұлы.

Махамбет 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмы, Бекетай деген жерде дүниеге келген. Әкесі — Өтеміс, атасы – Құлмәлі, руы – беріш.

Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып, ел ішіне ерте араласқан, ұйымдастырғыш қабілеті күшті. Таланттылығын ел бірден таниды. Жәңгір хан оны «Сарай ақыны» еткісі келеді, баласы Зұлқарнайынның қасына қосшы қылып Орынборға жібереді, алдайды, арбайды, бірақ ханның еңбекші елді қанауы, әділетсіздігі Махамбетті хан ордасынан тез жеріндіреді.

Нарын о бастан қонысқа, шаруаға қолайлы жер,4 түлік бірдей ен жайлап қоныстайтын құт орын. Ол еспе құм емес. Суға да, нуға да бай. Батысы Еділге, Шығысы Жайыққа жетсе, Оңтүстігін Каспий теңізінің толқыны шайып жатыр.

Міне, осы Жерді Жәңгір хан мен патша өкіметі ғана иеленбекші. Атамекенінен, құнарлы жерінен, малынан айырылған халықтың қолына қару алып, хан сұлтандарға аттанбасқа амалы болмады.

1936 жылдың көктемінде бүкіл беріш ауылдары, соңынан 12 ата байұлының шаруалары ат сайлап дүр көтерілді. Көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарған.

Исатай кім? (Исатай туралы мәлімет беріледі)

Исатай мен Махамбет сарбаздары бай мен билердің ауылдарын шауып, жәбір көрген көптің кегін әпереді.

Көтерілістің алдына қойған мақсатының не екенін Махамбет былай деді:

(Махамбет өлеңінен үзінді оқылады)

Исатай мен Махамбеттің халық үшін бірнеше көтеріліске мұрындық болғаны. Қиялы-Моладағы, Теректі-Құмдағы, Тастөбедегі айқастарда қолдың алдында болып, ерлік көрсеткені айтылады. (Көтеріліс болған жерлер  картадан көрсетіледі)

Бүгінгі оқиын деп отырған «Соғыс» өлеңінде ақын көтерілістің ең шырқау шегіне жеткен күнін – 1837 жылғы 15 қарашадағы Исатай қолының Тастөбедегі патша әскерлерімен соғысын суреттеген. Бұл соғыс халық әскері мен подполковник  Гете және біріккен ханның әскерлері арасындағы ұрыстар.

Осы өлеңде  ақын Исатайды әрі көтеріліс басшысы, әрі батыр, әрі ақылды етіп суреттейді. Оның ақ бөкендей ақтабан аты да, асынған қаруы  да

ақын назарынан тыс қалмайды.

Исатайдың ерліктерінің көзге түсерлік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл соғыстың өте бір қиын кезі болатын. Көп адам оққа ұшып, әскердің алды бөгеліп, айнала бораған оқ дем алғызбай, талайдың табанын тайдырарлық кез туды.

Қабырғасын қақыратқан

Тебінгісін төсе атқан

Тізгінінен кесе атқан. . .

Бұндай қиындық басқаларды шошындырса, Исатайды қайраттандыра түседі, «Ерлік әр жерде емес, тар жерде» деген қағиданы батыр растап шығады.

Сөйтіп, қасына ерген қарулы жасақтың басына ауыр хал, қиын кез туғанда, Исатай өлімнен сескенбей, жауға тіке шауып, қамал бұзады. Соншама ерлік көрсетуінің және бір себебі қанды көйлек жан жолдастары Ер Сары мен Қалдыбайдың оққа ұшуы болады.

Кітаптан өлеңді оқымас бұрын сөздікпен жұмыс жасалады, кітаптан оқылып болған соң, төмендегі мақал-мәтелдерді пайдаланып, қорытылады, бекіту сұрақтары беріледі.

 Бекіту сұрақтары:

  1. Махамбет кім, қандай өлеңдерін білесің?
  2. Өлеңде қандай оқиға суреттеледі?
  3. Исатай кім?
  4. Исатай бейнесі өлеңнің қай жолдарында жырланады? (тапқызып оқыту)
  5. Махамбеттің ақын ғана емес, сол көтеріліс басшыларының бірі екендігін қай сөздерінен аңғаруға болады?

Кітаппен жұмыс. Топтық тапсырмалар.

Өлеңдегі сөз тіркестерін тауып,   мағынасын ашу.(мұғалім көмегімен)

І топ:

Зығырданы қайнау, түніменен түйіну, таң атқанша тарану, он екі тұтам жай тартқан.

ІІ топ:

Қабырғаны қақыратқан, тебінгісін тесе атқан, тізгінінен кесе атқан.

Сабақ соңында  Махамбеттің «Жалған дүние» атты өлеңі тыңдалады. Сабақ қорытылады.

Осындай талан-таражға түскен елді, жерді өзіміз иемденуге мүмкіндігіміз туды, өздерінің жанын құрбан етіп, талай батырлар қыршынынан қиылды. Бірақ  жас ұрпақтарға  бейбіт өмірді сыйлап кетті. Қазір Егеменді ел болдық, елтаңбамыз, байрағымыз, ән ұранымқыз бар. Сендердің мақсаттарың сол Қазақстанның болашағы үшін еңбек ету.

2003 жылы Махамбет Өтемісұлының  200  жылдық мерейтойы  ЮНЕСКО  шеңберінде кең түрде аталып өтіліп,4 томдық жинағы жарыққа шықты.Интернетте  Махамбет сайты ашылды.Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді.Ресейдің «Выборг кеме жасау зауыты» ААҚ Қазақстанның тапсырысы бойынша «Махамбет »атты мұнай құю таңкерін жасап шығарып,суға түсірді.Атырау облысында Махамбет атындағы аудан,ауыл,көше бар.

Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым  жерде кесенесі тұрғызылды.

Махамбетке оқ атылды.Ұлы жүрек соғуын тоқтатты. Ақын рухы тапталды.Бірақ 1846 жылы ұлы тұлға Махамбет дүниеден өткен кезде қазақ даласына замана жаршысы дана Абай келіп еді.Ақындық өлмейді.

Әділдік, теңдік іздеген,

Махамбет жыры бізбенен, — демекщі,ақын рухы  1000 жылда да мәңгілік өшпейді.

Екі ғасыр биігінен қарап тұрған Махамбеттің биік рухын естен шығармау үшін жыл сайын Атырауда  «Мен  ақсұңқар құстың сойы едім» атты жыршы-термешілер сайысы өтеді.

XIX ғасырдағы ұлттың ұлы ұраншысы М.Өтемісұлының дара білімді шығармалары негізінде режиссер Жәнібек Жетіруов түсірген « Қызыл жусан»көркем фильмі, «Махамбеттің ізімен» деп аталатын деректі фильм кино туындылары тарихи деректерді өнер тілімен сөйлете білді. Ақын мұрасы

4 томдық жинақ болып жарық көрді. 1- том – Махамбеттің төл туындыларын,

2 – том ақын шығармаларының орысша аудармаларын, 3- том Махамбет туралы зерттеулерді,4- том төл тарихи құжаттарды қамтиды.

Махамбеттің күйшілік, термешілік мұрасын зерттеу мен жаңғыртуда

« Шашақты найза – шалқар күй» атты күйлер жинағы өңделіп,кейінгі жылдары табылған күйлерімен толықтырылды. « Қайран Нарын»,

« Арысымнан айрылдым», « Тауға шапқан» күйлері  Қ.Ахмедияровтың орындауында тыңдармандар жүрегіне жол тапса, жазушы Сәкен Жүнісовтің

« Махамбет» пьесасы сахналанды. Махамбеттің музыкалық мұрасындағы 11 күйі және таңдаулы әндері мен термелері компакт – дискіге енгізілген.

Исатай – Махамбет  бастаған көтеріліс жайлы, оның ішінде Махамбеттің ақындығы мен көтерілістегі басшылық рөлі туралы бұрыннан айтылды да, жазылды да. Әр түрлі басылымдарда оның ақындығын, батырлығын, сазгерлігін, азаматтығын паш еткен 214 – ке жуық естелік, өмірбаяндық мақала, толғау, ғылыми публистикалық зерттеу жарық көрген. Олардың басым көпшілігінде  Исатай мен Махамбеттің кедейшілік тауқыметі өздерінің емес, халықтың жанына батқандықтан, солардың қиналысына шыдамай ашық күреске шыққандығы айтылады.

Махамбет өлгенмен, оның мұрасы өлген жоқ, бірнеше ақындардың шығармаларына ақын   бейнесі арқау болды. Атап айтсақ,  Н.Шөреков

« Исатай – Махамбет» поэмасы, Ж. Молдағалиев  « Кен »  өлеңі,

М. Шаханов « Қарақұм» трагедиясы,  М.Неталиев « Арыстан еді-ау  Исатай» поэмасы,  Ө. Күмісбаев  « Махамбет», Ф.Оңғарсынова  « Алмас қылыш»

Т. Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі, Ә.Әлімжанов « Махамбеттің жебесі» романы, С.Тұрғынбекұлы « Махамбет және Жәңгірхан» тарихы дастан.

Сендерге Махамбеттің рухы, ерлігі, ақындығы дарысын деген тілекпен сабақ аяқталады.

Үйге тапсырма: Махамбеттің «Соғыс» өлеңінен үзінді жаттау.

«Мен таныған Махамбет»  тақырыбында  эссе жазу