«Шешендік өнер» арнайы курстың күнтізбелік жоспары

«Шешендік өнер»  арнайы курстың күнтізбелік жоспары

 (әдебиет пәніне қосымша)

                                             7»Б» сынып,2014/15 оқу жылы

Сабақ тақырыбыҚажетті материалСағатмерзім
1-тарауКіріспе (1 сағ)
1Шешендік өнер-ауызша түрдегі әдеби шығармашылықШешендіктанушы ғалымдар М,Балақаев,Б.Адамбаев,М.Тілеужанов,

А.Қыдыршаев еңбектері

16/09
2-тарау Шешендік өнер тарихы (4 сағ)
2Ежелгі Грециядағы шешендік өнерСократ, Аристотель113/09
3Ежелгі Римдегі шешендікДемосфен,Цицерон шешендігі120/09
4Аристотельдің шешендігіӨмірі мен шығармашылығы127/09
5Ресейдегі шешендік өнерМ.В.Ломоносовтың т.б.шешендік өнер оқулықтары14/10
3-тарау  Ұлттық   шешендік өнерінің  тарихы (4 сағ)
6Түркі халқына ортақ Орхон-Енисей көне ескерткштеріШешендік өнердің алғашқы мұралары111/10
7Әл-Фараби еңбегі«Риторика»еңбегі118/10
8Қорқыттың нақыл сөздері125/10
9Майқы би,Аяз би, Жиренше шешен11/11
4-тарау Қазақ ауыз әдебиетіндегі сөз үлгілері (4сағ)
10Тұрмыс-салт жырларыЕстірту,көңіл айту,жоқтау,жұбату т.б.

бата  берудегі бейнелі ойлар

115/11
11Мақал-мәтелдерШешендік сөздердің мақал-мәтелмен ұқсастығы мен айырмашылығы.122/11
12Батырлар жыры мен ғашықтық жырларЖырлардағы тәлімдік-тәрбие129/11
13Айтыстағы сөз оралымдарыАйтыстағы поэтикалық ерекшеліктер16/12
5-тарау Қазақтың шешендік сөз саптаулары (5 сағ)
14Төле би,Каз дауысты Қазыбек би, Әйтеке биБи-шешендердің шешендік сөздері113/12
15Сырым шешен, Ақтайлақ би, Канай шешенШешендік өнердегі орны120/12
16Тәуке ханның «Жеті жарғысы»Жарғыдағы билік кесімдер127/12
17Қасым хан мен Есім ханның ережелеріОлардың билік кесімдердерінің маңызы110/01
18Абай қарасөздерінің өсиетіНақыл сөздерінің әсері117/01
6-тарау Қазақ жазба әдебиетіндегі шешендік (4сағ)
19М.Жұмабаев»Батыр Баян» дастаны 

 

 

Ақын-жазушылардың шығармаларындағы ұтқыр,тапқыр сөздерді жатқа айту,тәрбиелік мәні

124/01
20Шәкерім өлеңдері131/01
21М.Әуезов»Абай жолы»роман-эпопеясынан үзінді17/02
22Махамбет өлеңдері114/02
7-тарау Шешендік сөздердің түрлері (3сағ)
23Шешендік арнауАсанқайғы мен Әз Жәнібек121/02
24Шешендік толғауМөңке би мен Байдалы би128/02
25Шешендік дауБұхар жырау мен Қазтуған жырау17/03
8-тарау Шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері (3сағ)
26Тіл көрнектілігіТроп,метафора, кейіпиеу, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеулер114/03
27Сөздің дәлдігі-ой айқындылығыФразеология,термин сөздер,көп мағыналы сөз,синоним,омоним,антоним14/04
28Тіл тазалығыСөйлеу мәдениеті111/04
9-тарау Шешенге қойылатын талаптар

(6 сағ)

29Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықСөйлеуге дайындық118/04
30Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениетіДұрыс, таза, айқын,дәл сөйлеуге жаттығу125/04
31Пікірталас,оның түрлеріОйталқы,айтыс,сөзталас,ойбөліс, пікіралмасу,пікірсайыс12/05
32Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдеріДәлелдеу,сендіру,бекерге шығару,сұрақпен төпелеу18/05
33Монолог пен диалогКейіпкердің ішкі толғанысы,сөйлеу өзгешелігі,мәтіндегі ойдың тұтастығы116/05
34Шешендік өнер-тауып айтылған тапқыр сөзШешендер өмірінен123/05

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Түсінік хат

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.

Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 7 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама 7сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.

7 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

«Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген ,аптасына-1 сағат

 

Курстың  мақсаты:

*Оқушылар шешендік өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін  бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру

*Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту

*Ақыл-ойы мен  ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету

*Кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

*Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау

Курстың міндеттері:

*.Антикалық дәуірден бастап, Рим,орыс,қазақ дәстүрінің қалыптасасу тарихы туралы әңгімелеу

*Көркем шығармаларды оқуға деген  қызығушылығын дамыту;

*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау

*.Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету

*.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

*.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

*.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

*.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

 

 

1-тарау Кіріспе1 
Шешендік өнер-ауызша түрдегі әдеби шығармашылық1сағ1
2-тарау Шешендік өнер тарихы4  
Ежелгі Грециядағы шешендік өнер1сағ2
Ежелгі Римдегі шешендік1сағ3
Аристотельдің шешендігі1сағ4
Ресейдегі шешендік өнер1сағ5
3-тарау Ұлттық шешендік өнерінің тарихы4  
Түркі халқына ортақ Орхон-Енисей көне ескерткштері1сағ6
Әл-Фараби еңбегі1сағ7
Қорқыттың нақыл сөздері1сағ8
Майқы би,Аяз би, Жиренше шешен1сағ9
4-тарау Қазақ ауыз әдебиетіндегі сөз үлгілері4  
Тұрмыс-салт жырлары1сағ10
Мақал-мәтелдер1сағ11
Батырлар жыры мен ғашықтық жырлар1сағ12
Айтыстағы сөз оралымдары1сағ13
 5-тарау Қазақтың шешендік сөз саптаулары5
Төле би,Каз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би1сағ14
Сырым шешен, Ақтайлақ би, Канай шешен1сағ15
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»1сағ16
Қасым хан мен Есім ханның ережелері1сағ17
Абай қарасөздерінің өсиеті1сағ18
6-тарау Қазақ жазба әдебиетіндегі шешендік4  
М.Жұмабаев»Батыр Баян» дастаны1сағ19
Шәкерім өлеңдері1сағ20
М.Әуезов»Абай жолы»роман-эпопеясынан үзінді1сағ21
Махамбет өлеңдері1сағ22
7-тарау Шешендік сөздердің түрлері3  
Шешендік арнау1сағ23
Шешендік толғау1сағ24
Шешендік дау1сағ25
8-тарау Шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері3  
Тіл көрнектілігі1сағ26
Сөздің дәлдігі-ой айқындылығы1сағ27
Тіл тазалығы1сағ28
9-тарау Шешенге қойылатын талаптар6  
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық1сағ29
Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениеті1сағ30
Пікірталас,оның түрлері1сағ31
Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері1сағ32
Монолог пен диалог1сағ33
Шешендік өнер-тауып айтылған тапқыр сөз1сағ34

 

 

 

 

 

 

Білімдерін тексеру және  бағалау жүйесі:

 

*Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.

*.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.

*.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.

*.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде  «тапсырылды» деп бағаланады.

*.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».

 

 

 

           

            Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

 

*шешендік өнер тарихын;

*шешенге қойылатын талаптар;

*шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

*ұлттық шешендік өнердің ерекшеліктерін;

*қазақ тарихындағы белгілі би-шешендер мен билер жайлы мағлұмат.

*өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;

*әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;

*кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра отырып баға беруі.

 

 

Әдебиеттер:

 

1.Адамбаев.Б. «Шешендік сөздер»  -Алматы: «Отау» 1992.

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал  №2, 2007.

3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал  №11, 2007.

  1. «Қазақ тілін жедел оқыту». Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.

5.Г.Косымова Қазақ тілі(шешендік өнер) 11 сынып оқулығы,Алматы,»Мектеп»2011ж

  1. Қазақ басылымдары (шешендер өмірінен мәліметтер)