Наурыз өлеңдері

Сабақтың тақырыбы: Наурыз өлеңдері

 

Сабақтың мақсаты:

 

1.Білімділік:Ұлыстың  ұлы күніне орай туған жырлардың  мазмұнымен, өзіндік ерекшелігімен таныстыру.

 

2.Дамытушылық:толыққанды  түсіндірме жасауға, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, проблеманың  бағытын анықтауға   дағдыландыру.

 

3.Тәрбиелік:Халықтық дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу.

 

 

 

Сабақтың әдісі: «Кластер», «Түртіп алу», «Эссе»

 

Сабақтың көрнекілігі:

 

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

 

Сабақтың барысы:

 

 

І. Қызығушылықты ояту

 

«Кластер» әдісі

 

  1. «Наурыз» тақырыбына тақтада кластер жасау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Наурыз» тақырыбына дәптерлеріне өздері білетін ақпараттарды жазу, жеке, нәтижесін әуелі жұпта талқылау, сосын топта талқылау.
  2. Топтардың «Наурыз» тақырыбына  жазғандары бойынша класта  презентация жасау.
  3. Тақырып  бойынша  алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.

 

 

ІІ. Мағынаны тану.

 

«Түртіп алу» әдісі.

(кітаппен жұмыс)

 

  1. Мәтінді  өз бетінше оқи отырып төмендегі белгілермен белгілеу;

 

«V» -маған таныс

«+»- мен үшін жаңа

«-»-мен білетін түсінікке сәйкес емес.

«?»-бұл туралы  тереңірек  білгім  келеді.

 

 

  1. Өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.

 

1-топ: Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Келіншек шығар керіліп,

Сәукелесі саудырап.

Қыз шығады қылмиып,

Екі көзі жаудырап.

Бозбала шығар бұрқырап,

Ақбөкендей сырқырап.

Құл құтылар құрықтан,

Күң құтылар сырықтан.

Кетік ыдыс, шөміштің,

Түтіні шығар бұрқырап.

 

2-топ: Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

 

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

 

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

 

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

 

3-топ: Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

Наурызым!

 

Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар,

Наурызым!

 

Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

Наурызым!

 

Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!

 

 

ІІІ. Рефлексия.

 

«Эссе» әдісі.

Берілген суреттер бойынша эссе жазу

1-топ:

 

 

 

 

 

 

 

 

2-топ:

 

 

 

 

 

 

 

3-топ:

 

 

 

 

 

ІV. Үйге тапсырма.

1.Наурыз жырын  жаттау.

  1. Наурыз жыры — бата-тілек, нақыл-өсиет жыры.(ойтолғау жазу)

 

V.Бағалау.