М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

БҚО, Бөкей ордасы ауданы

Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ

Утарбаева Жанылсын Курамисовна,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

А – поэманы оқиды, мазмұнын түсінеді;

В – кейіпкерлерін таниды, құрылымдық талдау жасайды;

С – жырды оқып бағалайды, өзінің мақсатына батылдық, еңбек арқылы жететінін түсінеді.

І. Қызығушылықты ояту.

  1. «Теңізшілер» тренингі арқылы сынып оқушыларын 3топқа бөлу. Қарсылас топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалайды.

ІІ. Мағынаны тану.

  • Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен танысып өттік. XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих – шындық.

Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын- қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады.

Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.

Мінеки, сондықтан бүгінгі сабағымызда «Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.

«Батыр Баян» поэмасында қандай мәселелер қозғалды? деген сауал көлемінде ой қозғау.

1-тапсырма:

Шығарманың құрылымы бойынша постер қорғату арқылы поэма мазмұнын еске түсіру.

І топқа – оқиғаның басталуы, дамуы

ІІ топқа – оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі

ІІІ топқа – шешімі.

2-тапсырма:

Ассоциациялау

Шығармадағы басты кейіпкер Баянның бойындағы қасиеттерді антонимдік жұппен жазыңдар.

3-тапсырма:

Шығарманың көркемдік ерекшелігі

І топ – теңеулерді табу

ІІ топ – эпитеттерді табу

ІІІ топ – метафораларды табу

4-тапсырма

І топ — «Баянның інісі Ноянды өлтіруі дұрыс па?» (дискуссиялық карта) (ия/жоқ).

ІІ топ – «Әңгімедегі бақытсыз жан …» рөлдік ойын.

ІІІ топ – Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларын салыстыру (Венн диаграммасы).

ІІІ. Рефлексия.

«Ноянның өліміне кім кінәлі?» тақырыбына эссе жазу.

«Теректегі орным» парақшалары арқылы кері байланыс жасау.

Үйге тапсырма: шығармадан ақын монологын тауып жаттау, қазақ-жоңғар шапқыншылығы туралы мәлімет жинау.