М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, өткен тарихпен байланыстыра ерлік қасиеттерге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу, өлеңнің мазмұны мен маңызын ашу.

Дамытушылық:  Қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру; тіл дамыту;

Тәрбиелік:  Отансүйгіш, ұлтжанды жеке тұлға, азамат қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, баяндау.

Панорамалық байланыс: музыка, тарих, әдебиет, биология.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Өткен тапсырмаларды еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Туған елге деген сүйіспеншілік пен туған жерге құрметтің басты үлгісін танытқан қазақтың батыры әрі патриот ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын білу – біздің парызымыз.

Міне, бүгін Махамбет туралы білгенімізді нақтылай отырып, жаңа өлеңімен танысамыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. Сабақтың эпиграфы оқылады.

Жаңа шығармамен таныспас бұрын артқа шегініс жасалады.

Схема бойынша Махамбеттің кім екенін түсіну.

Махамбет Өтемісұлы кім?

 

«Тарланым»                                     батыр                             1904 ж туған

 

 

 

«Ереуіл атқа              МАХАМБЕТ

ер салмай»                                                                                                             халқын                                                                                                                                    сүйген                                                                                                                                                   ер

 

 

досы Исатай                                                       ақын                  «Соғыс»

(Алдарына дайын қағаз беріліп, ақын туралы бар білетіндерін жазады, ешкім бос отырмайды, ізденіс ой үстінде). Әр қатардан 1 оқушыдан шығып, өз жазғандарын сөз етеді. (5-7 мин.)

Төмендегі схема арқылы өз білетіндерін одан әрі нақтылай баяндайды.

 

көтеріліс

 

Исатай                      Махамбет               Жәңгір

 

 

өлеңдері

Енді Махамбеттің кім екендігін ақынның өз аузынан тыңдап көрелік. («Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны). Терме орындалады.

ІІ. Жаңа сабақ: «Қызғыш құс» өлеңі

Өлең мәнерлеп жатқа оқылады. 2-3 оқушы оқиды.

Ақынның осы өлеңінің мазмұнымен танысайық.

Исатай өлген соң, Махамбет жалғыздықтан жапа шегіп, зарын аспандап ұшқан қызғыш құсқа жеткізеді. Ел қамын жеп, халықпен бірге жүрген мені елімнен айырған — Жәңгір ханның айбары, күшті екпіні болса, қол қорыған сені өз мекеніңнен айырған лашын құстың тепкіні, — деп білемін.

Бұл арада ақының өзін-қызғышқа, Ал Жәңгірді – лашынға теңеуі тектен тек емес. Себебі: қызғыш құс – өз ұясын қызғыштай қорғайтын, адамзатқа пайдасы бар (ол жауын құртын, жәндіктерді құртады) тыныш, бұйығы тіршілік кешетін, көл маңындағы қалың шөпті мекендейтін, кішкентай, нәзік бейкүнә құс. Махамбет те халқын сүйген, сол халықтың қамын ойлаған. Әділдікті жақтаған жан.

Ал,  лашын болса, ұшқыр қыран, қатты тегеурінді құс. Оның  тездігі ұшқырлығы сонша, адамның көзі шалып үлгірмей қалады. Осы тездігінен басқа қырандар да, тіпті бүркіт те қорқады екен. Лашынды Жәңгір ханға теңеуі де сондықтан. Осы өлеңде ақын бейнесін табиғаттың бір бөлшегі қызғыш құспен, қайырымсыз ханды озбыр лашын құспен салыстырады.  Әдебиетте психологиялық параллелизм деп аталатын терең ұғымды түсінік бар.

Махамбет                                       қызғыш құс

Жәңгір                                             лашын

Мені елден айырған

Хан Жәңгірдің екпіні,

Айтып – айтпай не керек?

Құсалықпен өтті ғой.

Махамбеттің көп күні.

Шынайы дос, ағасындай болған Исатайдан айырылған кезде, қатты қайғырғандығын, қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса ақынның елсіз, туған жерсіз өмірі қиын екендігін жете түсіндіру, өлеңнің жоқтау түрінде жазылғандығы айтылады.

ІІІ. Дәптермен жұмыс

  • Ерлік туралы мақал-мәтел жазғызу.
  • Ерлік білекте емес, жүректе
  • Ел намысын ер сақтар
  • Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.
  • Сөздік жұмысы (1-2 шумағын аудару)

Махамбет – бірбеткей, тәкаппар, айтқанынан қайтпас қайсар жан. Махамбетті ең алғаш орысша сөйлеткен – Анна Никольская. Ақынның «Қызғыш құс» өлеңі А.Никольскаяның аудармасында былай берілген:

Ау, пигалица – птица, пигалица-птица,

Охранял я родной народ

И с народом меня разлучили,- деп мен бейнелік бояуын жоғалтпай қайталанған.

Бекіту сұрақтарын қоя отырып, сабақты қорытындылау.

  • «Қызғыш құс» өлеңінің себебі?
  • Лашын қандай құс? Жәңгір кім?
  • Қызғыш қандай /Махамбет кім?»
  • Көтеріліс қалай деп аталады? Неліктен?
  • Махамбет арманы орындалды ма?
  • Біз қандай елміз?
  • Егеменді ел болуымызға себеп болған оқиға (желтоқсан оқиғасы)

Желтоқсан оқиғасы кезінде «Қара бауыр қасқалдақ» өлеңінің айтылғандығын, бұл өлеңде де құстардың салыстыра жырлануы айтылады.

-Қара бауыр қасқалдақ

Қайда ұштың пыр-пырлап-ей

Сазын қалды сәбидің

Еңбегіндей былқылдап – ей

Қара бауыр қасқалдақ-ей

Кері қайт.

Сиреп қалған тоғайға

Қамықпа деп көңіл айт,

Ұяң қалса иесіз,

Айдын үшін сол қайғы

Қаңғып келген шүрегей,

Көлге пана болмайды – ей .

Халықтың қасқалдаққа мұңын шағуы, шүрегейдің (басқаның) елге пана болмайтындығын айтады.

 

Үйге: «Қызғыш құс» өлеңін жаттап келу.