Excel таблицалық процессорында диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Cабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:  Excel  таблицалық процессорында диаграммаларды  құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың түрі:               Жаңа білімді меңгерту  сабағы.

Негізгі мақсаттар: 

Білімділік:                   — Excel электрондық кестесінде графикалық

объектілермен жұмыс жасауға, диаграмма

құра білуге үйрету.

— Оқушыларда   «диаграмма»   ұғымын қалыптастыру.

— Диаграммада көрсетілген мәліметтерді ерекшелеп белгілеуге және топтауға үйрету.

— Диаграммада берілген мәліметтерді салыстырып, анализ жасай білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

— Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, өзінің қызметіне анализ жасай білуге үйрету.

— Болып жатқан құбылыстарды қарап, салыстыра отырып ойлау қабілетін арттыру.

— Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелілік:  

  • Оқушыларды еңбекке, үнемділікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалай                   білуге баулу.

Сабақтың негізгі сұрағы:  

           Электрондық кестеде берілген мәліметтерді көрнекті түрде қалай   беруге болады?

Сабақтың көрнекілігі:

Жабдықтар:

Компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедийный проектор.

Бағдарламалар: Microsoft  Excel, Microsoft Word, Microsoft Power Point

Сабақтың соңында оқушылар білуі тиіс:

Диаграмма қайда қолданылады, артықшылықтары мен кемшіліктері;

Диаграмманың анықтамасы және түрлері;

Диаграмма құру жолдарын ;

Шебердің көмегімен диаграмма құра білу;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің әрекетіОқушының әрекетіуақыт
1Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды сабаққа даярлау.Зейіндерін сабаққа аударады. 

1мин

2 

Білімді тексеру

Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін тексеруӨз білімдерін ортаға салады. 

10 мин

3Жаңа материалды ашуЭлектрондық оқулық көмегімен диаграмма анықтамасын, түрлерін, салу тәсілдерін түсіндіру.Жаңа материалды тыңдап, ой қорытады. 

10 мин

4Сарамандық жұмысОқушылардың іс-әрекетін бақылайдыШебердің көмегімен диаграмма құрады 

15 мин

5ТестОқушылардың тапсырма орындауларын қадағалайды.Тест тапсырмаларын орындайды 

5 мин

6 

Оқушылар білімін бағалау.

Қорытындылап, оқушылардың бағасын жариялайды.Өзін-өзі бағалау парағына баға қояды 

2 мин

7Үйге тапсырма беруҮйге тапсырма бередіОқып келу:  2 мин

 

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатынасын түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Сабақты оқып үйренгенімізді еске түсіруден бастаймыз. Excel таблицалық процессорын оқып, үйренуді жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбын кейінірек айтармын. Сіздердің алдарыңызда бүгінгі сабаққа қажетті жабдықтар  жатыр. Қазір парақшаға әркім өзінің аты-жөнін жаза қойсын. Сабақ барысында әрқайсымыз өзімізді өзіміз бағалаймыз. Әрбір дұрыс орындалған әрекетке 1 ұпайдан қоямыз.

  1. Білімді тексеру

Семантикалық карта

ЖолдарБағандарҰяшықАуданФормула ұяшыққа қалай енгізіледі
 

=

Латын әріптерімен
Араб цифрларымен
В13:С19
Жол мен бағанның қиылысуы

 

Информатикалық диктант

 

Ұяшық кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта                   ,                 ,            ,            жазылады.Ұяшықтар           мен             қиылысында орналасады.   Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес                               мен                    тұрады. Мысалы: В10 адресі      бағанасы мен        жол қиылысында дегенді білдіреді.

Практикалық тапсырма:

Жанұяның  бір күндік шығыны

 АтауыМөлшеріӨлшем бірлігіБағасыСуммасы1 аптада1 айда
1нан0,300кг
2секер
3
4
5
Барлығы

Оқушылар! Егер жанұяның бір күндік шығынын есептеп болсақ, маған құлақ салыңыздар! Сіздердің құрастырғандарыңыз деректерді кесте түрінде беру. Бұны көрнекі түрде басқаша қалай көрсетуге болады? Соның жолдарын Excel бағдарламасының мүмкіндіктерінен іздеп көрелік.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да осы болатын. Дәптерлеріңізге сабақтың тақырыбын жаза қоялық. « Excel бағдарламасында диаграммалар салу.»

  1. Жаңа материалды ашу.

1-қадам:    Негізгі диаграмма жасау

2-қадам:    Диаграмманың орналасуын немесе мәнерін өзгерту

Алдын ала анықталған диаграмма орналасуын қолдану

Алдын ала анықталған диаграмма мәнерін қолдану

Диаграмма элементтерінің орналасуын қолмен өзгерту

Диаграмма элементтерінің пішімін қолмен өзгерту

3-қадам:    Тақырыптарды немесе деректер белгілерін қосу немесе жою

Диаграмма тақырыбын қосу

Білік тақырыптарын қосу

Тақырыпты жұмыс парағының ұяшығымен байланыстыру

Деректер белгілерін қосу

Тақырыптарды немесе деректер белгілерін диаграммадан жою

4-қадам:    Мәндік белгіні көрсету немесе жасыру

5-қадам:    Диаграмма біліктерін немесе тор сызықтарын бейнелеу немесе жасыру

Негізгі білікті бейнелеу немесе жасыру

Қосымша білікті көрсету немесе жасыру

Тор сызықтарын бейнелеу немесе жасыру

6-қадам:     Диаграмманы жылжыту немесе өлшемдерін өзгерту

Диаграмманы жылжыту

Диаграмманың өлшемдерін өзгерту

7-қадам:     Диаграмманы үлгі ретінде сақтау

Excel бағдарламасында диаграмма жасау үшін өздеріңіз есептеген кестені белгілеп алып, вставка-диаграмма таңдаймыз. Диаграмманы өзіміз қалауымызша өңдейміз.

 

  1. Сарамандық жұмыс.

Оқушылар!  Диаграммаларды құру жолдарын толық түсінгенімізді байқау және алған білімізді практикада пайдалана білу үшін әрқайсымыз күнделіктеріміздің артындағы тоқсандық баға құйылған бетшесін ашып, осы оқу жылындағы математика, физика, информатика пәндерінен үш тоқсандағы көрсеткіштерімізді диаграмма түрінде салыстыра қоялық.

Кітаппен жұмыс. 8.5 тапсырманы орындау.

  1. Диаграммалар туралы алған теориялық білімізді  тексеру үшін тест тапсырмасын орындайық.

Электрондық оқулықтан тест тапсырмасы орындалады.

  1. Оқушылар білімін бағалау.

Өзін-өзі бағалау парақшасындағы жинаған ұпай санын рейтинглік бағалау кестесіндегі мәліметтерге сүйене отырып, осы сабақта алған бағаларымызды анықтайық. Оқушылардың бағасы тақтада диаграмма түрінде көрсетіледі.

Диаграммалардың кең тараған түрі ВЕНН диаграммасы .Үкіметіміздің, Ұстаздарымыздың, ата-аналарымыздың, оқушылардың алға қойған мақсаттарын диаграмма түрінде көрнекі көрсете қоялық, ортақ мақсатты анықтайык.улг2003.ppt
7. Үйге тапсырма : §8,5 оқып келуге. Интернеттен Д.Венн туралы

                       мәліметтер оқу.