PowerPoint-та слайд-фильмдер жасау негіздері. Шаблондар және дизайндар. Шебер
Сабақтың тақырыбы: PowerPoint-та слайд-фильмдер жасау негіздері. Шаблондар және дизайндар. Шебер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.
Дамытушылық: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін таныстыра отырып, жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, жаңа технологияларды пайдалану жолдарын, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жігерлілігін, ынталылығын арттыру.
Сабақтың типі: Аралас сабак
Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
Компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиалық проектр, Электронды оқулық, карточкалар, плакат суреттер
Сабақтың өту кезеңдері:
Кіріспе нұсқау
1 кезең. Ұйымдастыру кезеңі
2 кезең. «Жүзден жүйрік» (Өтілгенді қайталау)
3 кезең. Жаңа сабақ (презентациялық көрсетілім)
Ағымдық нұсқау
4 кезең. Практикалық тапсырмалар
Қорытынды нұсқау
6 кезең. Сабақты қорытындылау
7 кезең. Бағалау
8 кезең. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқу құралдарын бақылау, кабинеттің гигиеналық талапқа сай болуы тексеру.
2 кезең. «Жүзден жүйрік» (Өтілгенді қайталау)
Ойын шарты былай: Ойынға бірнеше оқушылар шығып сұраққа жауап береді. Жауап берген оқушы үйге берілген тапсырманы жақсы меңгергеніне қарап баға қоямын.
- Блокнот дегеніміз не?
- Блокнот программасын қалай іске қосамыз?
- Блокнотқа мәтінді қалай кірістіреміз?
- Блокнотта алмасу буферіне қалай көшіреді?
- Блокнотта мәліметті қалай қырқып алады?
- Қаріптің әлпетін, өлшемін қалай өзгертеді?
3 кезең. Жаңа сабақ (презентациялық көрсетілім)
Слайдтарды қарап шығудың PowerPoint-та мынадай 5 режимі бар. Әрбір режимнің өзінің ерекшеліктері бар.
Обычный режимі.
Бұл режимде слайд оң жақта, текстері сол жақта, ал ескертпелер төменде орналасады. Мұнда тексті сол жақ панельде де, слайдтың өзінде де редакторлеуге болады.
Структура режимі.
Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады.
Слайдтар режимі.
Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады.
Сортировщик слайдов режимі.
Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т.б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды.
Показ слайдов режимі.
Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады.
Презентацияны жобалау.
Презентацияны құруда мынадай тәсілдер қолданылады.
- Безендіру стилі бар, дизайн шаблондарын пайдалану.
- Бұрын құрылған презентацияның дизайнын қолдану. (мысалы кейбір мекемелерде бір стиль қолданылады. Мұндай жағдайда қайта-қайта безендіру жұмысын жүргізбес үшін бұрынғы презентацияның безендірілуі қолданылады)
- Жаңадан бастау, алдымен текст енгізілдеі де, содан соң дизайнмен жұмыс жүргізіледі.
- Word документінң құрылымын импорттау арқылы.
Дизайн шаблондарын қолдану.
Презентация құрғанда дизайн шаблондарын қодану үшін, мына командалар орындалады: Файл-Создать командасын орындап, Создать презентацию терезесінде Шаблоны оформления бетін ашу керек. Қажет шаблонды таңдап, ОК батырмасын шерту керек. Таңдаған шаблон слайдқа қолданылады.
Ал Презентации бетінде әртүрлі дайын презентациялар бар. Мұнда тек өзіңнің деректеріңді енгізе қоюға болады.
Безендіру шаблоны мен презентация түрінің айырмашылығы мынада: шаблонда тек дизайн сақталады, Ал презентация түрінде деректерді орналастыру облыстары да сақталады, яғни құрылым қолданылады.
Егер презентация құру дизайн шаблонын қолдану немес бос презентация құрудан басталса, онда Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа слайдтың эскизін таңдауға болады. Таңдалған эскизді редакторлеу кезінде өзгертуге болады.
Бірінші слайдпен жұмысты аяқтаған соң, келесі слайд құру үшін құралдар тақтасындағы Создать слайд батырмасын шертеді. Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде алдымен слайдтың эскизін таңдау керек.
Дайын презентация дизайнын қолдану үшін слайдта маустың оң жағын шертіп, Применить шаблон оформления пунктін таңдау керек. Сол аттас терезе ашылады. Папка өрісінде презентация орналасқан папка атауын көрсетіп, Тип файла өрісінде Все файлы PowerPoint таңдап, документтер ішінен қажет презентацияны белгілеп, Применить батырмасын шертеді.
Презентацияға басқа презентация дизайнын қолданғанда оның мазмұны өзгермейді.
Қажет болғанда басқа слайдты презентацияға қоюға болады. Ол үшін Вставка-Слайдов из файла командасын орындайды. Обзор батырмасын шертіп, қажет слайд орналасқан файлды таңдайды. Слайдтарды көрсету үшін Показать батырмасын шертеді. Қажетті слайдты белгілеп, Вставить батырмасын шертеді. Немесе барлық сллайдты қою үшін, Вставить все батырмасын шертеді. Бұл жағдайда слайдта орналасқан текст, обьектілер түгелімен көшіріледі.
4 кезең. Практикалық тапсырмалар
№ 1. Презентация құру
- Power Point жүктелгеннен кейін экранға сұхбат терезе пайда болады:
- мастер автосодержания (қолдануға дайын нұсқалар негізінде презентацияны жылдам құруға мүмкіндік береді).
- Шаблон презентации (презентацияның түрін, стильін және көркемдеуін таңдауға мүмкіндік береді).
- Пустую презентацию (бұл бос презентацияны таңдауға арналған).
- Бос презентацияны таңдау арқылы слайдтың құрылымын таңдаймыз.
- ОК шертеміз.
Слайдты көшіру
- Слайдтарды сорттау режиміне өтеміз.
- Көшіргіміз келетін слайдты таңдаймыз.
- Правка – Копировать әмірін орындаймыз.
- Көшірілетін слайд орналасатын слайдқа өтеміз.
- Правка – Вставить әмірін орындаймыз.
№ 2 Слайдтарды жылжыту
- Слайдтарды сорттау режиміне өтеміз.
- Жылжытатын слайдты таңдаймыз.
- Правка – Вырезать әмірін орындаймыз.
- Жылжитын слайд орналасатын слайдқа өтеміз.
- Правка – Вставить әмірін орындаймыз.
Слайдтардың құрылымын өзгерту
- Слайдтарды сорттау режимінде, өзгерткіміз келетін слайдқа ауысамыз.
- Формат – Разметка слайдов әмірін орындаймыз.
- Разметка слайда сұхбат терезесінде жаңа құрылымды таңдаймыз және Переприменить батырмасын шертеміз.
- Слайдтың ішінде бір рет шертеміз.
№4. Слайдтарды өшіру
- Демонстрация режимінен басқа кез-келген режимде слайдты белгілейміз.
- Правка – Удалить слайд әмірін орындаймыз.
- Өшіруді болдырмау үшін Правка – Отменить әмірін орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы Отменить батырмасын шертеміз.
Презентацияға дыбыс қосу
- Дыбыс қосылатын слайдқа ауысамыз.
- Вставка – Кино и звук – Звук из файла әмірін орындаймыз.
- Қажетті дыбысты тауып, оны белгілеп, ОК батырмасын шертеміз.
- Слайдтың дәл ортасында шартбелгі пайда болады, оны слайдтың кез-келген жеріне ауыстыруымызға болады.
- Дыбысты ойнату үшін демонстрациялау кезінде шартбелгі бойынша тышқанды шертеміз немесе автоматты түрде ойнайтын режимге ауыстырамыз.
6 кезең. Сабақты қорытындылау
- Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
- Презентация неден құралады?
- Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
- PowerPoint қалай іске қосады?
- PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
- PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?
- Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.
- Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?
- Мастер автосодержания не үшін қажет?
- Слайдтың безендіруін қалай өзгертуге болады?
- Слайдтың макетін қалай өзгертуге болады?
7 кезең. Бағалау
8 кезең. Үйге тапсырма беру
Төменде берілген тақырыптарға презентация құру:
- «Менің Астанам» .
- «Менің мектебім».