Сызықтық алгоритмді програмалау

Сыныбы:  9 «Ә»                   Күні:   11.12.2012 ж

Сабақтың тақырыбы:      Сызықтық  алгоритмді програмалау

Сабақтың мақсаты:          білімділік: оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру машығын қалыптастыру;

                                               дамытушылық: Есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;

                                               тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.

Сабақтың түрі:                   аралас сабақ

Сабақта қолданылатын

әдістер:                                  түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақта қолданылатын

құрылғылар:                       компьютерлік сынып, интерактивтік тақта, электрондық оқулық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Жан-жақты білім тексеру.

       А) «Алгоритм қасиетері »

       Ә) «Ұлы ғалымдар»

        Б) «Матеатикалық өрнектерді аудару»

        В) «Есептің мәнін тап»

III. Жаңа сабақтарды түсіндіру:

I V. Жаңа тақырыпты түсінуін тексеру

V Үйге тапсырма

  1. Сабақтың қорытындылау

VIІ. Бағалау

 

  1. Жан-жақты білім тексеру.

       А) «Алгоритм қасиетері » Оқушылар алгоритм түінігімен, қаиеттерін интерактивтік тақтаға жазады.

              Ә) «Ұлы ғалымдар» Интерактивтік тақтаның «прожектор» құрылғысын қолдана отырып ұлы ғалымдардың фото суреттерін көрсету арқылы оқушылар олардың кім екенін аңықтайды?

        

        Б) «Матеатикалық өрнектерді аудару» бұл тапсырмада оқушылар математикалық өрнектерді Паскаль програмалау тіліне аударады.

      В) «Есептің мәнін тап» — бұл тапсырмада оқушылар сандардың бүтін және бөлшек бөлімдерінің мәнін табу арқылы  білімдерін шыңдайды.

 

 

 

 

 

 

    

 

III. Жаңа сабақтарды түсіндіру:

Program <программаның аты>
           Сипаттау бөлімі
begin
           Операторлар бөлімі
end.

 

Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:

 

 

 

 

-Паскаль  бағдарламалау    тілінде  операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді:

-Операторлар Begin және end операторлардың ішіне алынып жазылады:

-Тек меншіктеу операторларынан ғана тұрса, оны қарапайым оператор деп атайды.

Сызықты бағдарлама қарапайым операторлардан тұрады.

Сызықты бағдарлама жазу үшін келесі операторлар қолданылады:

:=                                      меншіктеу операторы;

Read немесе  readln –       енгізу операторы

Write  немесе writeln    —       шығару операторы.

Сызықтық бағдарламалар құрылымында бiр амалдан екiншi амалға өту  тiзбектi  түрде  орындалады. Ешқандай шарт тексерiлмейдi,  керi  қайту немесе амалды  қайталау  болмайды.

Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау кезінде  келесi негiзгi операторлар қолданылады:

read (readln)- берілгендерді енгізу,

write (writeln)-нәтижені шығару.

readln және writeln операторларынан кейін бірнеше мән жазылса олар жақшаға алынып, араларына үтір қойылады.

Сипаттау (var) бөлімінде барлық айнымалылардың типтері анықталады.

Есеп.

 

I V. Жаңа тақырыпты түсінуін тексеру

V Үйге тапсырма

Оқулықтың 72-бетіндегі №4 есеп және №5 есептерді Паскаль программалау тілінде шығарып келу

  1. Сабақтың қорытындылау

Сабақты тест тапсырмалрын орындау арқылы қорытындылау.

1. Pascal-ды қандай програма ретінде білесіңдер? 
1) Мәтіндік және құжаттарды өңдеу 
2) Программалау тілі және жасау 
3) Мәліметтер базасы және кесте құру1
2. Pascal-да есептің жауабын қалай көреді? 
1) F9 пернесін басу арқылы  
2) Open 
3) Edit2 
3. Pascal-дағы тұрақты  қалай белгіленеді? 
1) сандармен 
2) Const 
3) бас әріптермен 3
4. Pascal-дағы есептің басы? 
1) Begin 
2) End 
3) Program 
5. Real-сөзінің қызметі? 
1) Нақты сан 
2) Бүтін сан 
3) Тұрақты сан 
6. Integer-сөзінің қызметі? 
1) Нақты сан 
2) Бүтін сан 
3) Тұрақты сан 
7. Логикалық сан? 
1) Boolean 
2) String 
3) CHAR 
8. Символдар қалай белгіленеді? 
1) СHAR 
2) Boolean 
3) String 
9. Жолдар қалай белгіленеді ? 
1) String 
2) CHAR 
3) Boolean 
10.Pascal- программасы қанша бөлімнен тұрады? 
1) 4 
2) 3 
3) 2 
ДұрысДұрыс емес 
0103 

 

VIІ. Бағалау

Оқушының аты-жөніҰлы ғұламаларМат өрнектерді Паскальға аудару Есептің мәнін тапДеңгейлік тапсырмаТестЖалпы бағасы
1.Аманжолов Е
2.Апбасов Д
3.Байтұған А
4.Болатқызы А
5.Болатхан Б
6.Мазбаева А
7Назарбекова А
8Нұрмерген Б
9Сманова Ұ
10Сабденова А
11
12
13
14
15