PAINT графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:

     Оқушыларға Paint графикалық редакторы жайлы жалпы мағлұмат беру және

суреттерді қиып алып, басқа жерге орналастыруға үйрету.

 

  • Дамытушылық:

      Оқушылардың ойлау  қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс  істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және  оны  өмірде қолдана  білуге  ықпал  жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

  • Тәрбиелік:

      Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу және тиянақты жұмыс жасауға талаптандыру.

 

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Нысандарды қиып, оларды орналастыру жұмысын компьютерде практикалық түрде  көрсетіп алу керек.

 

  1. PAINT редакторын аш.
  2. Бiрнеше жемiстi, саңырауқұлақты және табақша суреттерiн сал.
  3. ПРОИЗВОЛЬНОЕ ВЫДЕЛЕНИЕ құралын қолдан. «Без фона» командаларын пайдалануды ұмытпа.
  4. Саңырауқұлақты ерекшелеп белгiле.
  5. ПРАВКА менюіне кіріп, ВЫРЕЗАТЬ командасын таңда.
  6. ПРАВКА менюінен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.
  7. Саңырауқұлақты табақшаға сал.
  8. Осы әрекеттер арқылы қалған саңырауқұлақтар мен жемiстердi табақшаға салыңдар.
  9. Бiрнеше жемiс түрлерi мен себеттiң суретiн сал.

Жемiстердi себетке жиып салу керек. Ол үшін жемістерді бір жерге жиып, себеттiң iшiне орналастыр. Тапсырманы орындап көрiңдер!

  1. Суреттi СЕБЕТ деген атпен сақта

Сабақтың әдісі: көрсете түсіндіру, ойын технологиясын  пайдалану

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Компьютерлік — бағдарламалық  Мicrosoft Power Point, Word,

                                       құралдар: «Paint» графикалық редакторы

 

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

 

 

Қауіпсіздік ережесін естен шығармайық.

«Біле бер, қанша білсең, — тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа  біле, біле».

Жүсіп Баласағұн

«Компьюша» досымыздан хат келді.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  “Paint “ графикалық редактор патшалығына саяхат деп аталады. Өмірдегі сияқты “информатика әлемінде” де көп кедергілер кездеседі.Саяхат барысында алдымызда көптеген кедергілер бар.Ол- тапсырмалар.

Сіздерге сәттілік тілей отырып  саяхатымызды бастайық. І с к е  с ә т !

І. ОЙ СЕРГІТУ

 

С е р г i т у  с ә т i

 

Бiрiгiп түгел сынып,

Көтерiлдiк биiк,

Бойларыңды тiк ұста,

Қисаймасын иық.

Тағы отырып, тұрып,

Қозғала түс, шынық.

Бәрiн жасап болсаңдар,

Отыр да, ендi тынық.

/Б.Бөрiбаев/