Ақпарат, оның түрлері

Тақырып: Ақпарат,оның  түрлері.

Мақсат:

Білімділік – Оқушыларды  ақпарат ұғымымен,оның түрлері жайлы мағлұмат беру.

Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету;

Дамытушылық – Оқушылардың интерактивті тақтамен  жұмыс жасау қабілетін  дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін айтып бер.

Информатика кабинетінде  қауіпсіздік

техникасын сақтау ережелері:

1.ЭЕМ кабинетіне тек мұғалімнің рұқсатымен

кіру  керек.

2.Кабинетте  тәртіп сақтау керек.

  1. Компьютер құрылғыларының үстіне  заттар қоюға болмайды.
  2. Компьютермен жұмысты ақ халат киіп жасау керек.
  3. Қоңырсыған, күйген иіс шыққанда, міндетті  түрде  мұғалімге айту керек.

6.. Электр  тогымен зақымданғанда, ток  көзінен  ажыратып, жәрдем шақыру  керек.*

  1. Оқушылар компьютермен берілген уақыт  бойынша  ғана  жұмыс  жасау керек. (слайдттар)
  2. Пернетақтаның пернелерін қатты басуға болмайды.
  3. Құрылғылардың қосқыш кабельдеріне тиісуге  болмайды
  4. Монитор мен көздің ара қашықтығы 60-70 см-ден кем  болмауы керек.
  5. Дымқыл қолмен, дымқыл киіммен компьютермен жұмыс  істеуге  болмайды.
  6. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді  өшіруге немесе іске қосуға болмайды.

2.Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген   ұғымдарды білдіретін  informatio сөзінен шыққан.   Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз.Бірақ,ақпарат туралы былай айтуға болады: Ақпарат — белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын   мәліметтер тобы.

3.Ақпарат көзі деп нені айтамыз?

Кім ақпаратты хабарласа сол ақпарт көзі болып табылады.Мысалы,мұғалім оқушыларға жаңа тақырып түсіндіреді.Мұнда мұғалім ақпарат көзі болып табылады.

4.Ақпарат қабылдаушы деп нені айтамыз?

Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса,онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.Мысалы,радиодан диктор хабарлама жасайды.Мұнда хабарды естіген адам ақпарат қабылдаушы болып табылады.

5.Адам ақпаратты қандай түрде  қабылдайды?

Адам өзінің сезім мүшелері арқылы  ақпаратты  таңбалы және бейнелі  түрде қабылдайды.

6.Бейнелік ақпарат дегеніміз не?

Бейнелік ақпарат деп табиғат көріністерін,кескіндерді, дәм, иіс, көру, сезу мүшелері арқылы

алынатын ақпараттарды айтады.

7.Таңбалық ақпаратқа не жатады?

Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлесу және жазу түрінде алатын ақпараттар жатады.

 

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе.

ІY.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ақпаратты адам баласы туғаннан бастап қабылдай бастайды.Ақпаратты қабылдай бастағаннан біз нені үйренеміз?  ойнауды, оқуды ,сөйлеуді.Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы ақпаратты алуымен басталады Ақпаратты біз  ауызша немесе жазбаша түрде,  тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Күнделікті  жаңалықтармен таныса отырып,біз ақпарат аламыз.Адамдардың бірігіп істеген кез келген іс-әрекеттері тек  ақпарат алмасумен болуы мүмкін.

Адам ақпаратты қайдан алады? Бізді  дүние жүзіндегі  күнделікті  жаңалықтармен  таныстыратын газеттерді,радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.Диктор теледидар  арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша  хабар  келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер  бір-біріңнен : «кеше біздің футбол командамыз жөнінде  жаңалық  естідің бе?» немесе  «бүгін соңғы хабарды  естідің бе?»деп сұрайсыңдар . Бұл  мысалдарда  «ақпарат» деген  сөз белгілі бір  хабардың,жаңалықтардың, өткен  оқиғалардың  мазмұнын  білдіреді.

Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды.

Көзбен көру  арқылы адам қөршаған орта туралы ақпарат алады.

Көру  заттардың түстерін, оның өлшемін, пішінін  танып  айжыратуға  және  олар алыста ма  немесе жақында ма, жүреді ме  немесе жылжымайтының білуге  көмектеседі. Көру арқылы біз кітаптарды оқимыз, теледидардағы бағдарламаларды қараймыз, табиғаттың көркінің тамашалаймыз. Көздер  дегеніміз әлемнің терезесі. Сондықтан көздерінді  күту керек!

Құлақпен есту арқылы адам дыбыс түрінде ақпарат алады.

Біз үшін ең маңызды басқа адамдардың сөйлегенің есту.Сөйлесу арқылы біз бір-бірімізге өз ойымызды,білімізді береміз. Табиғаттың тамаша дыбыстары, музыкалар да бізге өте керек. Осы дыбыстар — бізді қоршаған сұлулықтың бөлігі. Айғай-шу кедергі жасағанмен  пайдалы ақпарат беруі мүмкін, мысалы машинаның шуы біз үшін мынандай ақпарат береді: машина келе жатыр,байқау керек! Есінде сақта, құлаққа қатты естілетін шу зиян,сондықтан көбірек тыныштықта демалу керек!

Иіс сезу арқылы да адам өзің қоршаған орта туралы ақпарат алады.

Көбінесе гүлдердің  жұпар иісі, орманның иісі құаныш сезімін оятады. Кейбір иістер қауіп-қатер туралы ескертеді. Мысалы,үйдегі  газ  балоннан газ шығып жатқаны немесе тамақ жеуге жарамсыз болуы туралы.

Тіл арқылы адам дәм сезеді,мысалы шай тәтті  немесе тәтті емес екендігін.

Тері арқылы адам ақпарат алады,мысалы  затқа қолды тигізгенде ыстық немесе суық екендігін сезеді.

Ақпаратсыз адам өмір сұре ала ма? Адам ақпаратпен не істей алады?

Адам ақпараттарды сақтай алады;

Адам ақпарттарды шығарап бере алады;     Ақпараттық процестер

Адам ақпараттарды өңдей алады.

Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.

Адамның  ақпаратты өңдеуі  үздіксіз процесс,тіпті  сендер ұйықтап   жатқанда  да ой процесі, яғни ақпаратты  өңдеу процесі  жалғаса  береді. Алынған  мәліметтерді  өңдеу, математикалық  есептерді  шешуді қиын жағдайдан шығу  жолын  іздегенде,  адам бұрын  өзінде  болмаған  жаңа  ақпарат  ойлап   шығарады.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырма 1.

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма 2.

Ақпаратпен  не болатының түсіндір.(қарандашпен сызып көрсет)

 

Ақпаратты сақтау

 

Фотаға түсіру

Аудиокассетаны ойнату
Нота арқылы ойнау
Ақпаратты беру

Ақпаратты сақтау

 

Математикалық есеп шығару

Сағаттың жүріп-тұруы
Дауыстап оқу
Ақпаратты өңдеу

Ақпаратты сақтау

 

Компьютерде ойнау

Мұғалімнің түсіндіруі
Сабақ кестесін күнделікке толтыруы

 

Тапсырма 3. Кестедегі берілген ақпарат бойынша ақпарат  көзін  және  ақпарат қабылдаушыны анықта.

 

АқпаратАқпарат  көзіАқпарат  қабылдаушыАқпарат

қабылдау түрі

Оқушы сабақты оқулықтан оқиды.оқулықоқушы таңбалы
Мұғалім сынып журналына баға қойдымұғалімсынып журналы таңбалы
Ұл бала  компьютерде ойнап отыр.компьютерұл бала бейнелі
Суретші қағазға сурет салдысуретшіқағаз бейнелі
Бойжеткен телефон номерін терді.бойжеткентелефон таңбалы
Ағам теледидардан хоккей ойының көрдітеледидарағам бейнелі
 Әпкем құттықтау ашық хатын жазып отыр.әпкем Ашық хат таңбалы

Тапсырма 4. Артық сөзді тап:

  • Көгілдір, ашық , тәтті , алыс
  • Шулы, тыныш, дауысты, ыстық
  • Жұпар иісті,қышқыл, дәмді, ашты

Тест.

1.Ақпарат сөзі қай  латын  сөзден шыққан?

а)Algorithmi;        ә) Informatio;         б)CapsLock.

  1. Кім ақпаратты хабарласа сол…..

а) Ақпарт көзі;    ә) Ақпарат қабылдаушы; б) Ақпарат процестері.

3.Адамның сөйлесу және жазу түрінде алатын

ақпараттар  қандай ақпараттарға жатады?

а) Таңбалық;        ә) Бейнелік;            б) Информация.

  1. Табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, көру, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды не деп айтады?

а) Таңбалық;        ә) Информация;    б) Бейнелік.

5.Ақпаратпен орындалатын әрекеттер не деп аталады?

а) Информация;  ә) Ақпараттық процестер;   б)Ақпарат көзі.

YІ. Сабақты қорытындылау

YІІ. Үйге тапсырма  

Ақпарат,оның түрлері.Мазмұндау. «Ақпарат» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

 

Тапсырма. Сұраққа жауап бер. Мен үшін ақпарат деген бұл –

 

ҰғымЖауаптар(+; — )
Мен бұрын білмеген жаңалықтар
Компьютердің жадысында сақталғандар
Қоршаған орта туралы мәлімет
Не нәрсені естісемде,көрсемде,сезінсемде
Не нәрсені радиодан, теледидардан хабарласа,хаттарда жазса
Не нәрсені адамдар жазбаларында,кітаптарда,

фильмдерде,фотосуреттерде сақтағандары

Менің қоршауымдағы бәрлық өзгерістер
Менің қоршаған  айналамдағы барлық заттар

 

 

Тапсырма.  Кестені өзің алған ақпаратқа мысалдармен сол ақпарат алған көздерді жаз.

 

АқпаратАқпарат көзі
 Информатика сабағы
Тоққа қосылған үтікке қол тигізу қауіптіАпаңның ескертуі
Тұратын уақыт болды
 Бағдаршам
Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың қосындысы өзгермейді

 

 

Тапсырма. Кестені толтыр.

 

Ақпарат қабылдау арнасыАқпарат қабылдау түріСезім мүшелері
 
 
 
 
СезінуБейнелік- тері арқылы ақпарат алу

 

«Бағалау парағы»

Оқушының аты-жөні

Класы_                                               

Күні  _

 

Сабақтағы жұмыс кезеңдеріСабақтағы қатысуымды бағалау
1.    Менің жұмыс орыным:

Оқу құралдарым бар

Тым болмаса бір оқу құралымн болмауы

 

 
2.    Үй тапсырмасы:

Дұрыс жауап

 
Дұрыс емес

 

Неше сұраққа жауап берді:  
3.    Жаңа тақырып түсіндірудегі оқушының сабақта қатысуы

 
             Өте жақсы қатысты

 
             Жақсы қатысты

 
             Бейтарап қатысуы

 

  
4.    Интерактивті тақтамен жұмыс

 
«5»  —

 
«4» —

 
«3» —

 

 
5.    Жеке тапсырмамен жұмыс

 
«5»  —

 
«4» —

 
«3» —

 

 
6.    Сабақ бойы қатысуына оқушының өз-өзін бағалау

 
Қанағаттану

 
Жақсы  –

 
Өте жақсы –

 
7.   Барлығы: 

Сабақтағы жұмысты бағалау:

 8 —  9  смайлик   –   баға      «5»

 6  7  смайлик   –   баға     «4»

 5  4  смайлик   –   баға     «3»