МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді:

  • Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарын экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға болады.
  • Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
  • Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға болады.
  • Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, танымдық бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
  • Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, мәтіндік редакторы қолданылады. Мәтіндік редактор қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады.

Мәтіндік редакторды оқытудағы ең басты көрнекілік компьютер болып табылады. Мәтіндік редакторды іске қосып, оның функцияларын практика арқылы іс жүзінде көрсету. Оқушы мәтіндік редактордың функцияларын толық игеріп болғанда біз оқыту мақсатына жетеміз.

Мәтіндік редакторды оқытудың мақсаттары:

  • Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі – мәтінмен жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастырыу;
  • Мәтіндерді компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жайлы болжам қалыптастыру;
  • Мәтінмен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу іскерлілігін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;
  • Қандай да бір әрекетті саусақпен орындаудан бұрын ойлау дағдысын бекіту.

Жалпы мәтіндік редакторды оқытудағы мақсат оқушыларды мәтіндік редактордың функцияларын игерту. Осы мақсатта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға көмек жасау. Осы арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, ойлау қабілетінің дамуына, ізденімпаздққа, өзіндік ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Мұғалім ең алдымен өтілетін тақырыптың оқу бағдарламасына көрсетілген сағат санына назар аударып, төменде келтірілген кестедегідей күнтізбелік тақырыптық жоспарын құру керек (1-кесте және 2-кесте).

 

Тақырыптың атыСағат саны
1WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу1
2WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері1
3Windows’ХР-дің Блокнот бағдарламасымен танысу1
4Барлығы3

1-Кесте  7-сыныптың  WordPad және блокнот мәтіндік редакторларын оқытуға  арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары.

 

Тақырыптың атыСағат саны
1MS  Word  іске  қосу.  Мәтіндік  құжат құру2
2Мәтіннің  орнын  ауыстыру  және  көшірмесін  алу2
3Мәтіндік  құжаттарды  баспаға  шығару1
4Практикалық  жұмыс.Мәтінді пішімдеу, көшірме  алу1
5Кесте  құру  жолдары1
6Практикалық  жұмыс.  Қарапайым  және  күрделі  кестелер  құру1
7MS  Word  — тың  графикалық  мүмкіндіктері. Суреттерді  кірістіру1
8Қайталау. Қорытынды сабақ.1
9Барлығы10

 

2-Кесте  8-сыныптың  MS  Word  мәтіндік редакторын оқытуға  арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары.

 

Жалпы мәтіндік редакторларға арналған әртүрлі сабақ жоспарлары және оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында келтірілген тест сұрақтары да «Информатика негіздері» журналында көптеп кездеседі. Дегенмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және   шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырмаларды берсек артық болмас деп ойлаймын:

1) Дұрыс жауаптарды жасыл түспен, қате жауаптарды қызыл түспен бояңдар (Сөйлемдерді өздері  теріп жазады).

2) Сурет салу «Рисование» панелін қолданып «Автофигура» режимінде келесі пішіндерді салыңыз.

 

 

 

 

 

3) Күрделі кесте құрыңыз: (екі тәсілін қөрсету).

Сатылым нәтижесі
жыл2008
тоқсан1234
КірісСатылған9917815678
Баға4456
Нәтиже396712780468
ШығынМатериалдар0.750.750.750.75
Еңбек шығыны0.250.250.250.25
Тасылғандар130150170120

 

 

4) Word графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, төмендегідей  мақтау қағазын жасаңдар:

5)  Word-тағы сурет салу құралдарының көмегімен төмендегідей схема құрыңыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

6) Word құралдарымен web-сайт құру. Нәтижесінде суреттегідей  web-сайт шығуы керек.

 

«Информатика» пәні бойынша төл оқулықтарымыз алғаш 2003 жылдан бастап шыға бастады. 2007 жылы екінші рет 7-сынып «Информатика» оқулықтары (оқу құрал, дидактикалық материалдар, әдістемелік құрал) қайтадан басқа авторларымен жарыққа шықты.

Авторлары Н.Т.Ермеков және Н.Ф.Стифутина болған 2004 жылы басылым көрген 8 сынып «Информатика» оқулығында 9 бөлім «WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ» тақырыбы 5 кіші тақырыптарға  бөлініп көрсетілген. Ондағы әр бір тақырыптың мазмұндары көп болған. Кейбір атаулар мен командалар  Microsoft Word бағдарламасындағыдай орыс атауларымен алынған. Ал, авторлары Е.В.Шевучук және Н.С.Кольва болған 2008 жылы басылым көрген 8 сынып «Информатика» оқулығында 7 бөлім «WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ» тақырыбы 8 кіші тақырыптарға  бөлініп көрсетілген. Әр тақырып қысқа да нақты түсіндірілген. Онда кейбір атаулар мен командалар  қазақшаға аударылған және жүйелі деп айтуға болады, сонымен қатар әр бір қазақша атаудың жанына Microsoft Word бағдарламасындағыдай орыс тіліндегі баламасы көрсетілген.

Мәтіндік редакторларды оқытуда оқулықтағы материалдар мазмұнының жаңару ғана әсер етпейді, сонымен бірге сабақ жоспарын құрғанда әдіс тәсілдерді тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.

 

Өскемен қаласы