Білім мен еңбек, бәрін жеңбек

Сабақтың тақырыбы: Білім мен еңбек, бәрін жеңбек

Сабақтың мақсаты:     1. Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

  1. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  2. Тәрбиелілік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                  ойын сабақ.

Көрнекілігі:                  Интерактивті тақта, компьютер, проектор, компьютерлік презентация

Сабақтың барысы:

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортағы.

 

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады, — деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

 

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

 

Қымбатты әділ-қазылар!

Әділет пен шындықтың,

Туын тіккен пенделер

Сәлем сізге біздерден.

Сайыскерлер сәлемім,

Қабылдайық ағайын.

Сайысқа келіп отырған,

Жанкүйерлер қолдасын.

 

І. “Таныстыру”.

 

Оқушылар үш топқа бөлінеді, өзінің аттарын қояды және әр топтың топ басшысы сайланады.

«Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске» — деп 3-топтың капитандары өздерін таныстырып кетсе:

команда «ПРОЦЕССОР»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

Ұраны:       «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

команда «МОНИТОР»

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен  қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Ұраны:       «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.»

команда «ПРИНТЕР»

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»

Ұраны:       «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

ІІ. “Бой сергіту”.

Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар шаршыны таңдайды. Әр сұрақтын дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі.

 

Сары  шаршы:

1.Информатика дегеніміз не?

2.Ақпараттық процесс дегеніміз не?

3.ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді?

4.Монитор не үшін керек?

5.Сканер не үшін керек?

 

 

 

Жасыл  шаршы:

1.Компьютер дегеніміз не?

2.Ақпарат дегеніміз не?

3.1-ші компьютер қашан шыққан?

4.Пернетақта не үшін керек?

5.Принтер не үшін керек?

 

 

Қызыл  шаршы:

1.Ақпараттың өлшем бірліктері?

2.Бағдарлама дегеніміз не?

3.Дербес компьютер қай буынға жатады?

4.Тышқан не үшін керек?

5.Модем не үшін керек?

 

 

ІІІ. “Құпия алаң”.

Құпия алаңда 20 түрлі-түсті шаршы берілген, әр шаршының астына сұрақтар жасырылған. Әр топтан 3 оқушы шығып, қайталамай бір-бір шаршыдан таңдайды.

Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпайлар әкеледі.

 

 

  1. “Информатика” сөзінің мағынасын түсіндір. (5 ұпай)
  2. Графикалық ақпаратқа не жатады?(

 

 

  1. 15 ұпай)
  2. Paint графикалық редакторының жұмыс істеу қызметі қандай? (25 ұпай)
  3. Операциялық жүйе дегеніміз не? (25 ұпай)
  4. “Интерфейс” сөзінің мағынасы не? Оның түрлерін ата. (5 ұпай)
  5. Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды? (10 ұпай)
  6. Банкрот (-5 ұпай)
  7. Процессор дегеніміз не? (20 ұпай)
  8. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? (25 ұпай)
  9. Қапшық (папка) дегеніміз не? (Ұпай жоқ)
  10. Мәтіндік процессор туралы негізгі мағлұматтар? (20 ұпай)
  11. Сыйлық (5 ұпай)
  12. Файл дегеніміз не? (5 ұпай)
  13. Компьютерлік дискілерді ата? (15 ұпай)
  14. Флешка дегеніміз не? (5 ұпай)
  15. Енгізу құрылғыларын ата. ? (15 ұпай)
  16. Банкрот (-5 ұпай)
  17. Шығару құрылғыларын ата.? (15 ұпай)
  18. Интернет туралы не білесің? (25 ұпай)

 

 

ІҮ. “Ребус шешу”.

Топ капитандарына ребус беріледі. Қай топ бірінші шешсе сол топқа

10 пай беріледі.

 

Бишілер өнеріне сеніңіздер,

         Меніменен кәнекей еріңіздер.

         Әлемді қыдырғандай сезінесіз

Өнерді жүрекпенен көріңіздер

дей келе капитандар дайындалып болғанша сіздердің назарларыңызға  Қара жорға”  биін  ұсынамыз.

 

Ү. “Жұмбақ шешу”.

Әр  топтың капитаны шығып, әріппен белгіленген шаршыны таңдауы тиіс. Таңдалған шаршы қайталанбауы тиіс. Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Егер жауабын капитан таппаса, оның командасы көмектесе алады.

 

 

 

ҮІ.  Ақпаратты сәйкестендіру.

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

 

  1. Жігітті компьютеріне қарап бағала
  2. Байт биттен тұрады
  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас
  4. Компьютердің жұмысы, пайдаланушыға мәлім
  5. Дизайнердің өз еркі, сайтты қалай жасаса
  6. Білмесең “анықтамадан” сұра
  7. Бір ядролы процесс жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы
  8. Антивирусы күштіні – вирус ала алмайды
  9. Күлсең ескірген компьютерге күл
  10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

 

ҮІІ.  Жеңімпазды анықтау.

Тағыда үйренеміз аман болсақ,

          Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

         Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

 Жадыратар жанымызды күй тындасақ!-деп, Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, дайыдалып болғанша, сіздердің назарларыңызға күй ұсынамыз.

 

Мұғалім:

 ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

 

 

 

 

 

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.

 

Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды.  Баршыңызға сәттілік тілеймін! Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалдық ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.