Электрондық кестеде көркем құжаттарды құру

Тақырыбы: Электрондық кестеде көркем құжаттарды құру

Мақсаты: Гиперсілтеме, макрокоманда тәсілдерін қолдану .

Тапсырма№12

Алдымен пәндер тізімін жасаймыз. Тізімдегі пәннің атын басқанда гиперсілтеме іске қосылып, сол пән тұрған бетке өтеміз. Өткен бетте сол пәннен тест сұрақтары тұрсын. Тестің дұрыс жауабын шерткенде 1 ұпай қосылсын, қате шерткенде 0 қосылады. Сұрақтар біткен соң жалпы ұпай саны көрініп, баға да өздігінен шығып тұратын етейік.

  • Әзірге тестімізде 2 сұрақ бар болсын. Әр сұраққа келтірілген үш жауаптың біреуі дұрыс болсын. Excel-де жұмыс істейміз.
  • Лист5 бетінде жауаптар талданады, дұрыс жауап саны шығады, үлгерім пайзы, бағалау мәні шығу керек. Информатика бетіне тест жасау мысалын қарастырайық.
  • Жауап тұсына (В7) айырып-қосқыш кнопкалар қоямыз: вид → панели инструментов → формы → переключателькнопкасын белгілейміз. Жауап тұсына В7-ұяшығына мауыс сілтемесін апарсақ + таңбасы көрінеді, әдеттегідей кнопка суретін саламыз. Ары қарай осы кнопканы төменгі жауаптар тұсына көшіреміз. Кнопкалар ұяшықтарға тура келмесе басқарушы пернелермен жылжытып туралау дұрыс.
  • Осы кнопкаға арнап макрокоманда жазамыз. Оны былай жасаймыз: сервис →макросы →начать запись (Зап.макр.сұхбат терезесі ашылады) → ок.
  • Макросқа жазылатын әрекеттер тізбегін жасап (мауыспен шертіп) шығамыз.
  • Листь5 →С3 ұяшығы →0(немесе 1) →enter-ді басамыз→информатика →В12 → enter-ді басамыз.
  • Макрокоманда жазылды. Листь5-тегі С3-ке 0 жазған себебімі 1-жауап дұрыс емес.
  • Жауап тұсындағы кнопканы осы макроспен байланыстырамыз. Ол үшін алдымен кнопка суретін шертіп бөлектеп қоямыз, ары қарай:
  • маустың оң жағы →назначить макрос (наз.макр.объекту сұқб.терезе ашылады) макрос1-ді шертеміз →ок.
  • Енді маус сілтемесін кнопкаға апарсақ қол белгісі көрінеді. Басып қалсақ Ортасында нүкте пайда болады. Жауап есепке алынды деген сөз. Лист5 беттегі С3 ұяшығына қарасаңыз ол жерде 0 саны тұрады.
  • Тура осы әдіспен екінші кнопканы (В8) бөлектеп алып, дұрыс жауап кнопкасы үшін макрокоманда жазып аламыз да, оны да сәйкес кнопкамен, жоғарыда айтылған әдіспен байлыныстырамыз. Листь5-тегі С3-ке 1 жазамыз, себебі 2-жауап дұрыс. Бәрін дұрыс істесеңіз, тексергенде Листь5-тегі С3-ұяшықта 1 саны көрінеді. Қалған жауап кнопкаларына да осы 1 – 4 әрекеттерді қайталаймыз.
  • Енді, Листь5 бетіне өтіп жауаптарды талдау амалдарын алгоритмдейміз. Мұнда С бағаны макрокомандалар көмегімен 0 не 1 сандарымен
  • толтырыллады. С9-ға С3-С8 аралығындағы сандардың қосындысын шығаратын формула жазамыз.
  • С9→ =СУММА(С3:С8) -ұпайлар саны
  • C11→ =C9*100/5 -сапа пайзы
  • E3 → =физика!A2–сұрақтар саны «физика» бетінің А2-ұяшығында, тестілеу басталар алдында жазылады.
  • C13 → =ЕСЛИ(C11>80;5;ЕСЛИ(C11>50;4;ЕСЛИ(C11>20;3;2)))-баға шығару формуласы.
  • A1 → =физика!C3-тест тапсырушының аты-жөні.
  • С3:С8 бағанындағы сандары түсін ақ (фон) түсіпен жазып көрінбейтін етіп қоюға болады.
  • Тест сұрақтарының соңына нәтижелерін көру үшін Листь5 бетіне өтетін пернені «формы» панелінен аламып қоямыз. НӘТИЖЕЛЕР деп жазамыз. Осы пернеге жоғарыдай әдіспен макрокоманда жазамыз. Макрокоманда Листь5-ке өту әрекетінен ғана тұрады. Тест дайын. Оның безендіруін, форматтауын әркім өзінше жасай береді.

 

Сабақты бекіту:  Практикалық жұмысты тексеру және тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындайды.

Студенттер білімін бағалау

Сабақ соңында әр студент өзінің білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай өз білімдерін бағалайды. Оны іске асыру бағалау мониторнигі арқылы іске асырылады.

 

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Терминдерді қайталау.

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
  • Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
  • Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
  • Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
  • Ұсыныстарыңыз бар ма?

Сабақты қорытындылау.

  • Сабақтың мақсатына жеттік пе?
  • Не үйрендік?
  • Келешекте не үйренгіміз келеді?

Үйге тапсырма беру.

Конспект жазу Г.Ә. Жапарова «Информатика негіздері» , 192-193 бет