Есептеуіш техникасының даму тарихы

 

Пән Информатика   сынып 7 «ә»

 

Тақырып: Есептеуіш техникасының даму тарихы.

Мақсат:

                 1) Оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихы

туралы    білімін қалыптастыру;

                 2) Оқушылардың ЭЕМ-нің қолдану салалары және ЭЕМ-нің рөлі

жайлы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:    

Білімділік – Оқушыларды есептеуіш техникасының даму тарихымен таныстру.

Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін және ЭЕМ-нің даму тарихы мен оны қолдану салалры бойынша білімін  дамыту. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина    Информатика 7 сынып, оқулық;

                                                     2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,  Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,  Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

 

Сабақ барысы

 

  • Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  • Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
  • Компьютер дегеніміз не?
  • Информатика ғылымы нені зерттейді?
  • Мәліметтер дегеніміз не?
  • Компьютерде мәліметтердің қандай түрлері өңделеді?
  • Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру

Есептеуіш, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне  заманда  жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді  жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын,тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүр-гізді. Заттардың саны жерге сызған  сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кер-тіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен  есептелді.

Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір  құралдың  көмегімен жүргізуді талап етті.

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың  пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, есепшотттың  жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Египет, тіпті ежелгі  Греция болуы да мүмкін.  Бұл  санау  құралын  гректер мен  Батыс  Еуропалықтар «абақ» деп, Қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян»  деп атаған. Бұл құралмен есептеулер  оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту  арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті әйнектерден, қола ме-талдан  жасалды. Есепшоттар бұл түрінде қайта  өркендеу   дәуіріне дейін  пайдаланы-лып келді. Оның өзгертілген  түрі  осы күнге  дейін қолданылып келеді.

Есепшот  Ресейде XVI—ΧVII  ғасырларда пайда  болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон  Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр  елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761  жылы  ғана ағылшын  Д. Робертсон жүгіртпесі бар  навигациялық   есептеулер  жүргізуге  арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Нью-тон ұсынған болатын .

Соңғы кезге дейін  логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып  келді, бірақ электронды калькуляторлар соңғы кезде оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жү-зінде бірінші рет қосу машинасы деген  атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу  машинасын құрастырды.

Паскальдың машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін  болды.1694 жылы атақты неміс математигім Лейбниц Паскальдің идеясын  дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар   жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін   жүргізумен  қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін  арифмометр  бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев  пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр  оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының  қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап  басқарады.

Есептеуіш техникаларының  қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы  келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның  қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы  ағылшын оқымыстысы  Чарлз  Бэббидж еді, сондықтан көптеген  адамдар  оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

1833  жылы ол бағдарлама арқылы «Аналитикалық машина» жобасын жасады.Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық   негізгі құраушылар; бастапқы сандар  мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен  амалдар орын-дайтын  арифметикалық  құрылғы, берілген  бағдарлама бойынша есептеу барысын қа-дағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып  шығару құрылғылары болды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық  еді. Оның машинасы өте  күрделі құрылғы  болғандықтан , ол кездегі техникалық  мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Басқару бағдарламасы перфокарта  деп аталған  қатырма қағаздардағы  тесіктердің  көмегімен  когдталды. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы  Бэббидж машинасына бағдарлама  жазған  Ада Лавлейс  бірінші бағдарламалаушы деп саналады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

 

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. ЭЕМ-нің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?
  2. Әр кезеңдегі ЭЕМ-нің негізгі элементтерін атап шық?
  3. Аналитикалық машина жобасы қай жылы салынды?

 

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларды ЭЕМ-нің даму тарихы туралы жалпы мағлұмат беру

 

  1. Үйге тапсырма § 2.1, бет. 27-30

ЭЕМ-нің даму тарихы