PAINT редакторының командалары

Сабақтың  тақырыбы: PAINT редакторының командалары

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың графикалық редактор туралы алған білімдерін пайдалана отырып,сурет салуға үйрету.

Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, бір-бірінің ойын тыңдауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Пәнге қызығушылығын, іздемпаздығын,байқау қабілеттерін жетілдіру, дамыту.

Сабақтың  түрі:  аралас  сабақ.

Сабақта  қолданылатын  көрнекті  құралдар:  компьютер, оқулық,

дәптер, электронды  оқулық,слайд, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру («Не білемін?»)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру («Не білгім келеді?»)

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту («Не білдім?»)

Ү. Сабақты қорытындылау («Мәреге жет!»)

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақ кезеңдері

 

 

 

 

     Не білемін?             Не білгім келеді?               Не білдім?                 Мәреге жет!

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеруНе білемін?

 

Тест сұрақтары:

  1. Paint графикалық редакторын іске қосудың дұрыс ретін көрсетіңіз?
  2. Пуск – программы – Paint
  3. Пуск – программы – стандартные – Paint
  4. Пуск – стандартные – Paint

2.Суретке мәтінді жазу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

  1. Бүріккіш (распылитель)
  2. Қылқалам (кисть)
  3. Жазу (надпись)
  4. Paint графикалық редакторында тік төртбұрыш салу үшін қандай құралды пайдаланамыз?
  5. Түзу сызық
  6. Тік төртбұрыш
  7. Қисық сызық
  8. Paint графикалық редакторында суретті бояу үшін қандай құралды пайдаланамыз?
  9. Құю
  10. Бүріккіш
  11. Қылқалам

 

  1. Қисық сызықтар сызу үшін пайдаланылатын құрал:
  2. а)
  3. ә)
  4. б)

 

 

 

 

Өткен  сабақты  қайталау:

«Графикалық диктант»

 

              …………….. графикалық    редактор. Ол ………………………………  бағдарламаға  жатады. Paint   ………………    салуға,   …………………… бояуға,  …………………  енгізуге, салынған  суретті  …………………. шығаруға   мүмкіндік береді. Программаны іске қосу үшін  ……………………..- ……………………-……………………..-………………  командасын  орындау керек. Сурет салғанда ………….құралды  пайдалануға болады.

Салынған суретті  ………………………..   командасы  арқылы сақтаймыз.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Не білгім келеді?

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Paint графикалық редакторының командалары».

Команданы орындатпау

Егер бір жұмыстарын ойдағыдай болмас, абыржымаңдар.  Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларына болады, ол үшін  Орындатпау (Отменить) командасын пайдалану. Правка – Отменить командасын орындау  арқылы соңғы үш әрекетті  болдырмауға болады.

 

 

Команданы қайталау

Егер сендер бір әрекетті қателесіп алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка – Повторить командасын  орындап, алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Осы әрекетті үш рет қатар жасауға болады.

 

 

Суреттерді қалай сақтайды

Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда, оған ат беру керек,  ал файлды кеңейту Paint-тың  bmp программасы автоматты түрде орындайды.

Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап өою үшін Файл – Сохранить как… командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как… диалогтық терезесі пайда болады.  Имя файла өрісінде  файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

 

 

Қайта  сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.

 

Суретті қалай ашады

Дискіде  сақтаулы суретті ашу үшін Файл – Открыть командасын орындау. Экранда  диалогтық терезесі ашылады., онда  меңзерді  қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шерту.

 

 

 

Егер сендер Paint программасымен жұмыс барысында жаңа ғана салынған суретті сақтамай, жаңа құжат жасағыларың келсе, Файл – Құру (Создать) командасын орындау. Экранда құжатты сақтау жөнінде сұрау терезесі пайда болады. Жоқ(нет) батырмасын шерту.

 

  1. IV. Дәптермен жұмыс.

Команданы орындатпау.

Түзету-Болдырмау   (Правка – Отменить)

Команданы қайталау.

Түзету-Қайталау   (Правка – Повторить)

Суретті сақтау.

Файл – Деп сақтау  (Сохранить как..)- имя файл өрісінде файлға ат беру – сақтау (Сохранить) батырмасын шерту.

 

Суретті ашу.

Файл – Ашу  (Открыть)

V.Тапсырмаларды орындау.

 

Кітаппен  жұмыс.

122-128  беттердегі тапсырмаларды  орындау.

 

Тапсырмалар: 

  1.  Төмендегі заттардың суреттерін компьютерде салып жанына аттарын  жазыңдар:

 

 

 

 

 

 

1-топ    1-ші деңгейлік тапсырма2-топ

 

 

 

  • Топ 2-ші деңгейлік тапсырма                                      2-топ

 

 

 

2 топқа бірдей  3-ші деңгейлік тапсырма

6.Толғаныс

Бір оқушы  компьютерде  Түймедақ гүлін    салады,

Екінші  оқушы дәл  осы  тапсырманы  қағазға  орындау  керек.

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы

Венн диаграммасы арқылы салыстырып  ойларын  жазу  керек.

 

Компьютерде салынған                   Қағазға салынған

сурет                                            сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

айырмашылығы

 

  1. Жұбын тап ойыны

Перне                    аппарат

Қатты                    тану

Фота                      сақтау

Ақпарат                 тану

Мәліметтерді        блок

Файлдарды           шығару

Жүйелік                  диск

 

Бекіту сұрақтар.Не білдім?

 

  1. Егер бір жұмыстарың ойдағыдай  болмаса,  соңғы  неше  әрекетті  болдырмауға  болады?
  2. Ол үшін не істейсің?
  3. Суретті қалай сақтаймыз?
  4. Сақталған суретті қалай  ашамыз?
  5. Суретке мәтінді қалай  жазамыз.
  6. Жаңа құжат құрғымыз  келсе  не  істейміз?

 

Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.3. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі

4.3.1,2,3    тапсырмаларды орындау

 

Қорытындылау:

Бағалау:

Үйге тапсырма: Тақырыпты  оқып  келу,саңырауқұлақтың, қоянның суретін салып келу, дәптерге  ережелерін  түсіру.