Ақпарат енгізу манипуляторы (тышқан, сканер, джостик, ) Басу құрылғысы (принтер)
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы (тышқан, сканер, джостик, ) Басу құрылғысы(принтер)
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Ақпаратты енгізу манипуляторымен таныстыру (тышқын, джостик, сканер). Принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшелігмен таныстыру.
- Тышқанның, сканердің, принтердің жұмыс принципін біле отырып, практикалық жұмыс кезінде білімідерін дамыту
- Өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Көрсете отырып, түсіндіру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
-амандасу
-түгендеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
- Үй жұмысын тексеру:
-интербелсенді тақтаны пайдаланып өткен тақырыпқа тапсырмалар беру(Монитор, Пернетақта)
Енгізу құрылғылары Шығару құрылғылары:
- Тапсырма: Пернетақта бөліктерін жаз:
- Тапсырма: Пернелер қызметін жаз
| Перне аты | Пернелердің қызметі |
| Enter | |
| Baskspase
| |
| Бос орын | |
| Shift | |
| Caps Lock | |
| Delete | |
| Num Losk
|
- Жаңа тақырып:
Тышқан
Тышқан-ақпаратты енгізу құрылғысы болып табылады.
Тышқанның мынадай түрлері болады:
2 батырмалы, 3 батырмалы, оптикалық.
Қазіргі кезде 2 батырмалы тышқан жиі пайдаланылады.
Тышқан қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Тышқанды арнайы кілемше бетінде жылжытқанда, шар айналады.
Сканер
Сканер- қағаздағы кескінді(жазуды, суретті) түсіріп, монитор экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суреттерді, графикті, мәтіндерді сканерлеуге болады.
Түрлері:
Планшетті
Оптикалық
Барабанды
Принтер
Принтер- ақпараттарды қағазға басп шығаратын құрылғы.
Түрлері:
Сия бүріккіш
(струйный) Матрицалық Лазерлік
(инелі)
| Матрицалық принтер | Сия бүріккіш принтер | Лазерліе принтер |
| жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетіне із қалдырады.
| Матрицалық принтерден айырмашылығы-тек бас тиегінің құрылымында ғана. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. | Басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз қызып, оған жабысады. |
Принтердегі сия кішкене картриджде(ыдыста) сақталады, оны сия біткен скезде ауыстыруға болады.
- Бекіту кезеңі: Интербелсенді тақтада өңдемесі бар
- Сергіту сәті:
Көз жаттығуларын істеу
- Рефлексия: Кестені толтырыңдар:
| Құрылғылар | Құрылғыларға анықтама бер және түрлерін жаз |
- Бағалау: Берген карточкаларды толтырып болған соң, бір-бірлерімізбен аусып бағалау.