Операциялық жүйелер және олардың дамуы. Windows 2000 операциялық жүйесі. Қолданушының интерфейсі

  1. Сабақтың тақырыбы:  Операциялық жүйелер және олардың дамуы.

                 Windows 2000 операциялық жүйесі. Қолданушының интерфейсі

  1. Сабақтың мақсаты:

         Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында  білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа  тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

        III. Сабақтың түрі:     аралас сабақ

  1. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
  2. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.
  3. VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

        VII.  Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIII.  Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б)  сабақ сұрау

В) Бағалау

Г) Жаңа сабақ

Д) Бекіту

Е) Үйге тапсырма

Ж) Қорытынды

Балалар біз өткен сабақта  Бағдарламалау жүйелері деп аталатын жаңа тақырып өткен болатынбыз. Өткен сабақтар бойынша кім үйге берілген сабақты айтады деп? Деп бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Операциялық жүйелердің (ОЖ) дамуы көбінесе компьютерлердің аппараттық базасының  жетілдіруімен байланысты. Ең бірінші компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ – олар бір ғана енгізілген программаны орындады; программаны дайындау мен енгізу бойынша барлық әрекетті, сонымен қатар деректер мен нәтижелерді енгізу/шығару пайдаланушыдың өзімен қамтамасыздандырылды. Сонымен бірге ОЖ шығу тарихы компьютерлердің ең алғаш пайда болуынан басталды, 1949 жылы ағылшын компьютері ЕDSАС өзінің бірінші автоматтық есептеуін жасады. Оның оған дейінгі компьютерлерден негізгі айырмашылығы программалық жабдықтаманы ұйымдастыру жаңа концепциясында болды: оперативті жадта сақталатын программа, жиі пайдаланылатын есептеулер үшін стандартты программалар кітапханасы және программалардағы қателерді табу құралы. ЕDSАС  үшін есептеу процесін автоматты басқаратын және компьютер ресурстарын жобалауды қамтамасыз ететін программалар жиыны ретінде бірінші ОЖ жасалды. Компьютерлердің 1 және 2 кезендері үшін операциялық жүйелер өзінің дамуының бірінші қадамдарында, негізгі зейінін дестені орындау процесінде пайдалунышы мәселелерін автоматты ауыстыруына бөліп, бірінен соң бірі жүретін мәселелер дестелерін автоматты орындау функцияларын қолдайтын. ОЖ-нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық  және жоспарлаушы функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық режимдердің т.б. пайда болуында көрінеді.

3-кезендегі компьютерлердің аппараттық құралдарының дамуы ОЖ-нің ары қарай дамуына түрткі берді. Бұл кезде аппараттандырудың жоғары дәрежелі пайдаланушылардың көптеген тапсырмалар ағымын бір уақытта орындауға мүмкіндік беретін дестелік өндеу режимінің қалыптасуы аяқталды.

Қазіргі заманғы ОЖ-ге мынадай талаптар қойылады:

  • сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ-лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын құралдарды қамтуы тиіс;
  • көшірушілік – ОЖ- ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ-ні ішкі және сыртқы қателіктерден, іркілестерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады;
  • қауіпсіздік – ОЖ-де бір пайдаланушының ресурстарын екінші пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс;
  • ұлғайтылымдығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің қолайлылығын қамтамасыз етуге тиіс;
  • өнімділігі – жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс.

Windows 95-тің пайда болуы операциялық жүйе MS-DOS кезеңінен дербес компьютерлер әлемінде жаңа эраға өтуі болды. Келесі нұсқа —  Windows 98-ті пайдаланушыларға одан да көп құрал және жұмыс өнімділігін арттыру мен Internet-те жұмыс істеу үшін ыңғайлы интерфейс мүмкіндігін ұсынды. 2000 жылғы қарай   — Windows NТ дің мирасқоры болып табылатын, жаңа операциялық жүйе  Windows 2000 шығарылды. Windows 2000-да өндірістік операциялық жүйе Windows NТ- дің мүмкіндіктері мен Windows 98-дің қарапайым интерфейсі мен қуаты қосылды. Мағлұматты ары қарай беру барысында Windows 2000-дағы жұмыс қарастырылады, бірақ айтылған Windows 98-ге қатысы бар.

Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ережелер бар:

  • әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;
  • уақыттың әр сәтінде бір ғана бағдарлама пәрменді;
  • пәрменді бағдарламаның тақырыбы ерекшеленген, пәрменді емес бағдарламалар «сөндірілген».
  • пәрменді бағдарламаның терезесі әманда алдыңғы қатарда болады.
  • пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін оның терезесін пәрменді ету керек;
  • бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының міндеттер панелінде өздерінің батырмалары болады.

Анықтаманың инструменттер панелінде (құралдар панелінде) мына командалар бар:

Начало – мұнда анықтама бөлімдерінің мазмұны, ақауларды жою жөнінде ұсынымдар мен қосымша анықтамалық ресурстар тізімі бар.

Указатель – шешуші терминдер мен сөз тіркестері бойынша анықтама бөлімін табуға мүмкіндік береді.

Іздеу үшін: 1. Тізімнің жай-күйін қадағалай отырып, мәтін өрісіне сөзді енгізе баста.

2.Тізімде керек термин (сөз тіркесі) пайда болған кезде, оны

тышқанды шертіп ерекшелейсің.

  1. Показать батырмасын шертесің, егер термин бірнеше бөлімдерде

түсіндірілетін болса, қажет бөлімді таңдап аласың.

Пайдаланушы интерфейсі және файл қосымша жүйесі.

Windows 2000-ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан қосымшасы бар Windows 98 интерфейсі еске салады. Интерфейстің негізі – Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы. Айталып кеткендей, Windows 2000 объективті-бағдарлық жүйе болып саналады. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір қасиеттер тобын береді. Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы  пиктограммалар(дискілер, принтерлер, компьютер желілері) бар.

Белгішелер мен таңбашаларды жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыру үшін оларды осы жерге апару керек. Оны апару (тасымалдау) тышқанның сол жақ батырмасын (левой кнопки мыши) басу кезінде жүзеге асырылады. Белгішелерге, таңбашаларға және қапшықтарға шерту көмегімен, Открытие (Ореn) —  Windowsтің тиісті объектілеріне қол жеткізуге (Windowsті пәрменді етуге) мүмкіндік береді.

Мой компьютер (Му Соmputer), Сетевое окружение (Му Network Рlaсе), Корзина (Reсусlе Віn) белгішелері типтік белгішелері типтік белгішелер болып табылады. Мой компьютер (Му Соmputer) белгішесі компьютердің файлдарына, қапшықтарына және басқа да тұрақты ресурстарына (басқару тақтасына, принтерлерге )қол жеткізеді. Сетевое окружение желінің ресурстарымен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте желімен жұмыс істеу желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты болмайды. Корзина – пайдаланушы алып тастаған объектілер болады. Оларды қалпына келтіру үшін маустың оң жақ батырмасымен контексті менюді шақырып, ондағы Восстановить пунктін таңдап алса болғаны.

Windows-те терезелердің бірнеше түрі пайдаланылады:

  • Қосымша терезесі нақты қосымшамен байланысты болады және меню, инструменттер панельдері, жай-күй жолдары сияқты және басқа да қосымша элементтердің болуымен сипатталады
  • Құжат терезесі қосымшаның өзінен туындайды. Мысалы, Мicrosoft Word редакторы құжатының терезесі
  • Диалогтық терезесі пайдаланушының ОЖ-нің әр түрлі қосымшаларымен өзара әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оны тек жабуға немесе көшіруге ғана болады.
  • Жүйелік хабарлар терезесі ОЖ немесе қосымша жасайтын әр түрлі алдын алулар мен хабарларды шығаруға арналған

Мicrosoft Оffice панелі қосымшаларды тез жіберуді қамтамасыз етеді.

Міндеттер панелі пайдаланушыға жұмыс істеу үшін құралдарды береді және жұмыс үстелінің кез келген шетінде (әдетте оның төменгі бөлігінде) орналасады. Панель сүйретіп әкелінеді. Міндеттер панелінде Пуск (Start) батырмасы мен ағымдағы кездегі қосымшалардың пәрменді батырмалары орналасады.

 

 

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. ОЖ-ның дамуы неге байланысты?
  2. ОЖ функциялары тарихи қалай өзгерді?
  3. Windows 2000 – ның негізгі сипаттамаларын атаңдар.
  4. Жедел көмекті қалай алуға болады?
  5. Windows 2000 пайдаланушы интерфейсі несімен сипатталады?
  6. «Терезе» ұғымына анықтама беріңдер.

 

Жаңа сабақты бекіту

  IX .Үйге тапсырма

                  Операциялық жүйелер және олардың дамуы.

                 Windows 2000 операциялық жүйесі. Бағдарламалау жүйелері

  X . Сабақты қорытындылау

  Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.

 XI . Бағалау.