Отбасы. Мен және біз.

  1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Мен және біз.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2  Қамқорлыққа баулу. 3.Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:      -Кім айтады, үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Мұрын, тіл, тері. » туралы не білесің?-Адамның сезім мүшелерін ата.-Мұрын қандай қызмет атқарады? -Сезім мүшелерін қалай қорғаймыз?

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1)  Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту: -Өз отбасыңда кімдер барын айт.-Ата-анаңнан басқа үлкендер болса, олардың кімдер екенін айт?-Отбасына сенің қандай көмегің тиетінін айт.-Үлкендер саған қандай көмек беретінін әңгімеле.

«Қамқоршы» деген сөзді түсініп ал.-«Туыс» деп кімдерді айтады?- «Мен» және «біз» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Отбасы. Мен және біз»» түсініп оқуға.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?