Paint графикалық редакторы

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен танысу.

ә) дамытушылық: Оқушылардың сурет салу, шығармашылық

қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, азаматтыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, карточкалар, мультимедия

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, геометрия

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру:
  1. Графикалық редакторды қалай іске қосамыз?
  2. Графикалық редактордың терезесі қандай элементтерден тұрады?
  3. Суретті сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?
  4. Сақталған суретті ашу үшін қандай командаларды орындаймыз?
    • Жаңа сабақты баяндау:

Paint сурет салу программасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттерден бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Іске қосу үшін:

ПУСК            ПРОГРАММЫ           СТАНДАРТНЫЕ              PAINT

Терезесі мынадай элементтерден тұрады:

  1. Тақырып жолы
  2. Меню қатары
  3. Жұмыс аймағы
  4. Құралдар тақтасы
  5. Түстер палитрасы
    1. Сабақты бекіту: «Бақытты сәт» ойыны (сынып 3 топқа бөлініп ойнайды)

1 – гейм. «Бой сергіту» (Әр комендаға 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады).

  1. ДК жұмыс жасау үшін минимум құрылғыларын ата?
  2. Графикалық редактордың терезесі неше элементтен тұрады?
  3. Сохранить командасы қандай қызмет атқарады?
  4. Открыть командасы қандай қызмет атқарады?
  5. Надпись құралы қандай қызмет атқарады?
  6. Графикалық редактордың Меню қатарында қандай мәзірлер орналасқан?
  7. Карандаш құралы қандай қызмет атқарады?
  8. Линия құралы қандай қызмет атқарады?
  9. Распылитель (Шашыратқыш) құралы қандай қызмет атқарады?
  10. Заливка (құю) құралы қандай қызмет атқарады?
  11. Масштаб құралы қандай қызмет атқарады?
  12. Ластик құралы қандай қызмет атқарады?
  13. Компьютердің миы деп нені айтады?
  14. Көпбұрыш (Многоугольник) құралының қызметі?
  15. Эллипс құралының қызметі?

2 – гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» (Команда мүшелері бөшкеден Paint графикалық редакторының құралдарының суреті бар карточкаларды алып қызметін түсіндіреді)

3 – гейм. «Көкпар» ойыны (Үш командаға сұрақ қойылады, қайсы топтағы қол көтерген оқушы саны көп болса сол топ «Көкпарды» алды делініп, жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Сұраққа толық жауап берген оқушы ең көп ұпайға ие болады)

  1. Үшбұрыш салу үшін қандай құрал қолданылады?
  2. Қисық сызық салу үшін қандай құрал қолданылады?
  3. Жасыру, үлкейту- кішірейту жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?
  4. Палитра не үшін қолданылады?
  5. Ерекшелеу (выделение) құралының қызметі?
  6. Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) құралының қызметі?

4 – гейм. «Шығармашылық тапсырма» Paint редакторында сурет салу.

Тақырыптар:  «Біздің ауыл»

                      «Әрқашан бұлт төнбесін»

                      «Біздің мектеп»

5 – гейм. «Капитандар білімі». Техникалық диктант.

  1. Компьютер алдында отырғанда ________ бен ____________________60-70 см болуы керек.
  2. Көз шаршағанда _________________________ жасауға болады.
  3. _________________ — бұл қоршаған орта туралы мәлімет.
  4. Нысан – бұл _____________________________________ құбылысы.
  5. Ортақ белгілері _________________________________ деп аталады.
  6. Ақпараттың әр түрлі болуына байланысты __________________________ де түрлі- түрлі болады.
  7. Ақпарат ______________________ сақталады.
  8. Компьютердің жады __________________________ деп бөлінеді.
  9. Иілгіш және қатты магниттік дискілер немесе лазерлік ______________ ақпаратты ____________________ үшін қолданылады.
    1. Қорытынды: Тест орындау
    2. Графикалық редакторды іске қосу үшін неше әрекет жасалады?

а) 2                      ә) 4                      б) 3

  1. Түзу сызық сызу үшін қандай құрал қолданылады?

а) сызық (линия)          ә) өшіргіш (ластик)               б) қисық сызық (кривая)

  1. компьютер жады нешеге бөлінеді?

а) магнитті, магнитсіз  ә) қосымша және негізгі        б) ішкі және сыртқы

  1. Өшіргіш не үшін қажет?

а) бейнені көшіру үшін     ә) бейнені өшіру үшін б) бейнені көбейту үшін

  1. Графикалық редакторда суретті қай жерге саламыз?

а) құралдар тақтасында                 ә) Меню қатарында     б) жұмыс аймағында

  1. Үйге тапсырма: Еркін тақырыпта сурет салу
  • Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағалау