Paint графикалық редакторындағы жұмыс негізі

Өткізілу мерзімі: 2010 ж.

Сабақтың  тақырыбы: Paint графикалық  редакторындағы  жұмыс  негізі

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  Paint редакторының  жұмыс негізімен  танысу, осы редактор аралығы  қарапайым  графикалық кескіндерді  көруді, оны  мәтіндік  құжаттарға   енгізуді  үйрену.

Дамытушылық: Paint редакторындағы оқушылардың  жұмыс  негізі  туралы  оның  қосымша  білімін  дамыту  оның   қосымша    мүмкіндіктері  туралы    білімдерін  арттыру.

Тәрбиелік:  Оқушыларды   компьютерде  жұмыс жасағанда  уақыттылыққа  жауапкершілікке  баулу қызығушылығын қалыптастыра  отырып түсіндіру.

      Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгеру.

      Сабақтың әдісі: иллюстративті-түсіндірмелі  қолданылатын  құрал-жабдықтар: компьютер, сызбалар.

Пәнаралық   байланыс:  сызу, қазақ тілі, математика.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап:

  1. Microsoft Excel деген не?
  2. M E бағдарламасы  қандай   қызмет   атқарады
  3. Электронды кесте   деген не?
  4. M E электрондық  кестесіне   деректерді   қалай енгізуге   болады?
  5. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Windows операциялық жүйесінің   құрамына   кіретін   программалар Стандартты   программалар  деп  аталады. Ол программалар компьютердің  бас менюінің «Программалар» қатарында Стандартты (Стандартные) программалар  тобына  жинақталған.

     Графиктік ақпарат және  компьютер. Компьютерлік   графика

     Компьютерлік   графика  деп   компьютерде   графикалық    ақпараттың   көрінісін айтады.  Компьютерде  графикалық ақпаратты  әр  түрлі  тәсілдермен көрсетуге  болады. Мысалы, графикалық редактор Paint арқылы. Windows ОЖ-де бұл редактор Стандартты  программалар тобына  жатады, да  базалық  графикалық  құрал  болып есептеді. Оның  әртүрлі   объектілерді салу  мүмкіндіктері   және түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Paint графикалық  редакторы екі түспен  жұмыс  істейді. Оның бірі  фондық түс те, екіншісі оның  үстінен бояйтын негізгі түс болып саналады.

Редактор іске қосылғаннан кейін  бояудың  негізгі түсі қара, ал фонның түсі ақ болады.  Сурет салу  жұмысын  редактор іске  қосылғаннан кейін бірден бастай беруге  болады.  Қажетті сайманды, түсте таңдау әрекетін тышқан көмегімен  жасаған  өте тиімді  болып саналады. Негізгі  түсті  өзгерту  үшін  қажетті түсте  тышқанның   сол жақ батырмасын, ал  фонның  түсін   өзгерту  үшін, оң  жақ батырмасын  шертеміз.

Paint графикалық   редакторы   шашырамалық бейнелерді  салуға  арналған құрал.  Ол негізінен   жеке-жеке  түрлі-түсті  нүктелерден тұрады. Әрбір  бейне   тігінен  және  көлденеңінен  өлшенетін  түрлі-түсті  нүктелер  өлшемінде   анықталады  да, өлшем   шамалары   және   сурет   түстері   алдын-ала  анықталып   пайдаланылады.

 

 

Paint графикалық  редакторын   іске  қосу

  және   оның  жұмысын   аяқтау   реті.

Paint графикалық  редакторы  қарапайым графикалық   кескіндерді   көру  және  оларды  басқа программаларға   енгізуге  негізделген. Ол мәтіндік  құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты   қарапайым   иллюстрацияларды  енгізу   үшін қолданылады.

Paint программасын   Іске  қосу   Бас  меню –Программалар-Стандарттық  бөлімінен  Paint графикалық редакторы  жолын таңдау арқылы іске асырылады.

Paint редакторының жұмысын аяқтау үшін Файл менюінің  Шығу (Выход) командасын   таңдау  немесе   тақырыптар  қатарындағы  басқару  түймесін   басу   жеткілікті. Программадан  шығу  командасын  немесе   сәйкес  түймені   таңдар   алдында  экранда   немесе   компьютер  жадында  сурет  бар болса, онда  сол  әлі жабылмаған редактор   терезесінің   бетінде «Paint» атты  сұхбат  терезе  шығады  Экрандағы  немесе   жадтағы  суретті сақтап  қою үшін  «Да» түймесін, ал егер сурет қажет болмаса «нет» түймесін   басу керек. Егер экрандағы  суретпен   жұмысты   жалғастыру   қажет   болса,  онда «Отмена» түймесін   басу  жеткілікті.

 

Paint графикалық редакторы   терезесінің   элементтері.

Олардың   атқаратын   қызметтері   және  қасиеттері

 

Paint редакторының   атқаратын   қызметтері  және  қасиеттері

 

       Paint  редакторы  терезесінің   жұмыс   алаңының  өлшемдері   компьютерде   пайдаланылатын  Видеоадаптердің  түріне  байланысты  әр түрлі  болады.

Сурет (Рисунок)  менюінің   Атрибуттар (Атрибуты) командасының   көмегімен   жұмыс   алаңының өлшемін  өзгертіп,  оны Түр   менюінің   Суретті  қарау   командасының   көмегімен   дәлірек   көруге   болады.

Жұмыс  алаңында сурет  салу   барысында   курсор   терезедегі   сызықтың  немесе   фигуралардың   салынып  жатқан  орнын   көрсетеді.

Саймандар жиыны   сурет салу   арналған  құралдардан тұрады.  Бұл саймандар   жиыны  құраында  суретті   салу,  бөлу   немесе  жарты   бөлігін өшіру  сияқты   құралдар   бар.

Түс палитрасы   тақтасы  түрлі-түсті   бояулар    үлгілерінен  тұрады да,  оның   көмегімен   суреттің   өзінің  және   оның  фонының  түсін   өзгертуге   болады.

Түзу, қисық   сызықтар  сызуға  арналған  құралдарды   пайдаланғанда  арнайы   тақтада   пайда  болған   сызық  жуандықтарының   үлгілерінің ішінен  сурет   салуға   қажетті   сызықтың   жуандығын таңдау   мүмкіндігі  бар.

 

 

 

Графикалық редактор терезесінің   элементтері

 

Саймандар  тақтасы

 

 

Бояулармен  жұмыс. Бояуды   таңдап  алу   тышқанның  сол  жақ бастамасы   арқылы   іске   асырылады. Суретті  салу  үшін – тышқанның  сол жақ  батырмасын, ал фондық түстерді  өзгерту  үшін  оның  оң  жақ   батырмасын  пайдаланамыз. Қалам  түсі негізгі  түс  деп  саналады.

gҚұйғыш (Заливка) құралы   тұйықталған сызықтар үшін  негізгі  түспен  бояуға  арналған. Бұл үшін құйғышты   боялатын аймаққа  әкеліп,  тышқанның  сол жақ батырмасын  бір рет   басу   жеткілікті.

gБүріккіш (Распылитель) құралы кез келген бейнені  бояулар  арқылы   өрнектеуге   негізделген.

gТүстер палитрасының  кескіні.  Түстер  палитрасы  Paint терезесінің   төменгі бөлігінде  орналасқан. Палитраның  сол  жақ  шетінде  бірінің   үстінде  бірі   қабаттасып, орналасқан  кішкене  екі  төртбұрыш  көрсетілген, олардың   үстіңгісі  негізгі  түсті, астыңғысы фондық  түсті   көрсетіп  тұрады.

Егер  бояуға қажетті  түс  палитрада  жоқ болса, онда   керекті  түсті палитраға   шығарып алу  үшін   сол  палитраның  кез  келген  жеріне   курсорды  алып   барып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу  керек  немесе   меню  қатарынан  Параметрлер-Паоитраны  өзгерту (Изменение палитры) командасын таңдау керек. Команда  орындалғаннан кейін, экранға «Ищменение  палитры» сұхбат  терезесі  шығады.

Пайда  болған терезенің  Базалық палитра:  (Базовая палитра:) қатарынан керекті  түсті таңдауға  болады, егер  керекті  түс ол жерде  болмаса, онда  оны Қосымша  түстер: (Дополнительные  цвета:) қатарына (керекті  түсті) осы терезеде  көрсетілген  түстер  айнасының  керекті  жерінде    тышқанды  шертіп, шығарып алып, таңдауға  да  болады.           Егер сурет салу  барысында сол  суретте  бұрын  қолданылған  түсті  таңдап  алу   керек  болса:

-Түс таңдау (Выбор цветов) құралын  пайдалануға   болады. Ол үшін  сол  салынып жатқан суреттің  қажетті түсі  бар  жерінде   тышқанның  сол жақ батырмасын   бір рет  басу   жеткілікті.

Суреттің  өлшемдерін  өзгерту.

Әр түрлі  суреттерді,  кескіндерді  немесе   сызуларды  әдемілеп  жасау  (әшекейлеу) барысында  суреттің   көлемін  өзгертіп (үлкейтіп-кішірейтіп) өңдеу  қажет  болады.  Мұндай  жағдайда, Бейне   масштабы (Масштаб рисунка) командасының    кірме  командалары  немесе   саймандар  тақтасының – Масштаб арнайы  құралы   қолданылады. Бұл командаларды таңдау көрсетілген   жолдармен  орындалады:

  1. Меню қатарында Сыртқы түр-Масштаб-Ірі (бейне 4есе ірі)
  2. Меню қатары Сыртқы  түр-Масштаб-Таңдау

Екінші  жолмен  «Таңдау командасын  енгізгеннен кейін   экранға «масштаб атты  сұхбат терезесі  шығады  Осы  терезеден таңдалған  параметрлерге  сәйкес суреттің масштабын  еселеп  өзгертуге  болады. Мысалы, ең үлкен масштаб  сегіз  (8) есе

Енгізілген  өзгерістерді   тез  бағалау  үшін   экранда   кішкене   терезеде  суреттің  жай  масштабтағы  кескіні   шығады.

Құралдар  тақтасының   төменгі  бөлігінде  масштаб өлшемдері  (1х, 2х, 8х) орналасқан.  Тышқан   арқылы   қажетті  масштабты  таңдап   алуға  болады.

 

  1. 4. Жаңа тақырыпты бекіту

Кестені   толтыру:

Пайдаланылатын құралдардың  атыОрындалатын  әрекеттерСурет

мысалдары

 

  1. Сабақты қорытындылау
  2. Үйге тапсырма беру
  • Барыстың бейнесін және оның жанына Қазақстан-2030 жазуын жазыңыз
  • «Азиада -2011» символы бейнесінің жанына «Азиада-2011» жазуын жазыңыз.
  1. Бағалау, қойылған  бағаларға  түсінік  беру
  2. Сабақтың аяқталуы