ҒАЖАЙЫП АЛАҢ ОЙЫНЫ

ҒАЖАЙЫП АЛАҢ ОЙЫНЫ

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету;

Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;

Тәрбиелік. «Оқу инемен құдық қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Айналдырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т.б.

Музыка ойналады

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!

ІІ. Ойынның шарты: Ойынға әр сыныптан өз еріктерімен 9 оқушы қатыстырылгалы отыр.. Оларды сыныптарына байланысты 3 топқа бөлінеді. Ойын 3 айналымнан тұрады. Бұл тайналымдардан жеңіп шыққан жеңімпаздар финал ойынына қатысады. Финалдан шыққан оқушы «Супер – ойынға» қатысады. «Супер – ойынды» ойнау ойнамауды ойыншы өзі шешеді. Егер ойнайтын болса  барабан бетіне супер ойын сыйлықтары ілінеді. Барабанды айналдырып сыйлығын таңдайды, яғни нұсқағыш қайсысына тоқтайды соны алады. «Супер – ойынның» жеңімпазы арнайы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады.

Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.

ІІІ. Ойынның жүру барысы

Тақтаға сұраққа байланысты жасырын сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айналдыру арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады. Егерде жасырынған сөзде  ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді. Ойыншы үш әріпті қатарынан тапса екі сандықша әкелінеді, 1 сандықшаның ішінде теңге жасырылған, сол сандықшаны тапқан оқушы теңгені алады. Барабанның бетінде сандар, яғни осы сандар арқылы ұпай аласыз және сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боласыз. Барабан бетіндегі К-күйіп кету (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей   күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға кезегіңіз беріледі. Барабан бетіндегі С сыйлық белгісі сіздің алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз таңдау жасайсыз не сыйлықты аласыз, не ойнайсыз. Сыйлықты алсаңыз ойыннан шығасыз.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға

 

Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын І кезеңнің сайыскерін ортаға шақырайық. Олар:

  1. Ереева Әсел 7 «а» сынып оқушысы
  2. Утешев Ақжол 7 «ә» сынып оқушысы
  3. Сагынов Әли 7 «ә» сынып оқушысы

Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

І айналымның сұрағы: 1955 жылы қазан айында, Сиэтлде қарапайым отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді. 1975 жылы дүниежүзіне әйгілі фирма ашты. Ол кім? (Билл Гейтс)

Келесі кезекті әнге берейік:

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

Олай болса ортаға ІІ кезеңнің ойыншыларын шақырайық.

  1. Жасқайратова Айгүл 8 «а» сынып оқушысы
  2. 8 «ә» сынып оқушысы
  3. 8 «б» сынып оқушысы

Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

ІІ айналымның сұрағы:       Дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық – логикалық операциялар  орындауға арналған. Бұл қай құрылғы? (Микропроцессор)

Келесі кезекті әнге берейік:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын – деп ортаға

 

  1. Аяпбергенова Мөлдір 9 «а» сынып оқушысы
  2. Салимова Құралай 9 «ә» сынып оқушысы
  3. Тілепбергенова Гүлдана 9 «б» сынып оқушысы

ІІІ айналымның сұрағы: Компьютерде түсінікті командалар тізбегі арқылы программа құру процесі қалай аталады? (программалау)

Көрермендер ойыны:

Сұрағы:           «Жұмбақтар». Жұмбақтың шешіміне терминологиялық мағынасын түсіндіру қажет.

  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек /Монитор/

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті /Пернелік/

  1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «Ғ» әріпінен басталады. /Функциональдық перне/

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. /Меңзер/

  1. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сүр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның. /Тышқан/

  1. Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. /Бос орын/

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. /Кактус/

  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады. /Принтер/

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. /Бит/

  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? /Сканер/

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс-досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды «Көрермен Жеңімпазға»

 

Ақтық ойынға жолдама алатын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

 

Бұл құралдың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл қандай құрал?

Жауабы: Есепшот

«Супер – ойын» сұрағы:

Бұл құрылғыда цифрлар жазылған цилиндр қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту амалдарын да орындайтын болды. Орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Бұл қандай құрылғы?

Жауабы: Қалта калькуляторы