«АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

«АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ»

 

 

 

 

 

                               Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Сералиева

 

 

 

Шымкент қаласы – 2010

 

 

 

 

 

Күні:                 16.03.2010 ж.

Тақырыбы:    Абайдың табиғат лирикасы.

Мақсаты:     1.   Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас

                      сөйлемдерді қайталау, оның жасалу жолдарын

бекіту;

  1. а) Қазақстанның қорықтары жайлы білімін бекіте келе табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге шақыру, экологиялық тәрбие беру;

ә) Абайдың табиғат лирикасы туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту;

  1. Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Әдістер:           Компьютерді – интерактивті тақтаны қолдану,

                             түсіндіру,проблемалық, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,

тест, талдау, іздену

Көрнекіліктер:  Интерактивті тақта, қорықтар туралы кітаптар,

                             қорықтардың суреттері, буклеттер.

Пәнаралық байланыс:  биология, жағрапия, әдебиет,

                                           табиғаттану, ән-күй

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі:              

Оқушыларды тыныштандыру, сабаққа қажетті оқу құралдарын алғызып, амандасу. ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік әнұранын орындау.

  • Сыныпта кім кезекші?
  • Бүгін қай күн?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Ауа райы қандай?
  • Көктемде адамдар қалай киінеді?
  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

Өтілетін сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы біз өткен сабақтарда әңгімелеген болатынбыз. Сонымен қатар «Барсакелмес» қорығы туралы әңгімелеген едік. Қазір сол өткен тапсырмаларды еске түсірелік.

Құрмалас сөйлемдер неше түрге бөлінеді? (4-слайд)

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? (5-слайд)

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер қалай жасалады? (6-слайд)

Енді осы тақырыпты бекіту үшін мынадай тапсырмаларды орындап көрелік: тақтадағы сөйлемдерден қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді  табыңыз. Ол сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз (7-слайд).

Жақсы, қазір қорықтар туралы өткен тақырыптарды еске түсірелік. Қорық дегеніміз не? Қазақстанда қандай қорықтар бар? (8,9,10,11,12,13-слайдтар)

 

Жаңа сабақ:

Кіріспе: — Балалар, бүгін біз сендермен «Абайдың табиғат лирикасы» деген тақырыпта сабақ өткелі отырмыз.

Бекіту:

Пысықтау:

Қорытындылау

Үйге тапсырма:

Бағалау: