Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы
І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп
(сын тұрғысынан ойлау технологиясы)
9 – сынып
Өткізген: Қожанова Г
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2006 – 2007 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы
Сабақтың мақсаты: білімділік: Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін таныту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалау білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: тіл мәдениетін, танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Оқытудың формасы: ұжымдық
Оқытудың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Ғ.Мүсіреповтің портреті, шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Танысу
Ұстаз тұлға. Арнаған көпке ісін.
Әр ғылымның ақтарған сыр кенішін
Үргенішбаев мектебінен келіп тұрмын
Сіздерді білімменен баурау үшін.
- Сөз зергері өмірден өрнек төккен
Тарих – шежіресін ақтап өткен
Дара ана Ұлпан жайлы сырды қозғап
Ұрпағына «Ұлпан – мұра» тастап кеткен
Ұлы жазушы Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романына талдау жасаймыз.
ІІ. Не білеміз?
Деңгейлік сұрақтар.
ІІІ. Ғ.Мүсірепов кім? Ол туралы не білесің?
- Жазушы шығармашылығы туралы не айта аласың? Қандай шығармалары мен таныссың?
- «Ұлпан» романы жазылу тарихы туралы не білесің?\
- Романда қандай күй аттарын кездестірдің? Оны кім тартады?
ІІ. Роман не себепті «Ұлпан» деп аталған? Ойыңды мысалмен түсіндір.
- Есеней Ұлпанды не себепті «Ақ нарым» деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір.
- Ұлпан кімді өзіне аға тұтты, не себепті? Бұл жерден Ұлпан бойындағы қандай қасиетті байқадың?
- Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады? Мәтіннен үзінді келтір?
І. 1. Романдағы Ұлпан бейнесі қазіргі кездегі әйел басшылардың бейнесімен салыстыр.
- Ұлпан Есенейге қосылуға не себепті келісім берді? Бұл келісімге сенің көзқарасың қандай?
- Ұлпанның өмірден ерте кетуіне не себепші болды? Ұлпна тағдыры туралы өз ойыңды айт.
- Романда суреттелген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз ойыңды айт. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Не білуге болады?
№1 тапсырма
Романның композициялық құрылысына жоспар құру.
Басталуы – Есенейдің көші
Байланысуы – Ескі доспен кездесу
Дамуы – 1. Құдалық
- Ел ісіне араласқан Ұлпан
- Ұлпанк көлі
- Есенейдің қазасы
Шиеленісуі – Ұлпанның шешімі.
Шарықтау шегі – Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.
Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі
№2 тапсырма
Ұлпанның өсу жолын кестеге түсіре отырып, әңгіме мазмұнымен байланыстыра түсіндір.
Ақырғы дем
Ел анасы атануы
Ел билеу ісіне араласуы
Есенейге ұзатылуы
Балалық шағы
№3 тапсырма
Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Кейіпкерлері
Портреттері
Көркем сөз айшықтары
Тұрақты тіркестер
Мақал-мәтелдер
№4 тапсырма
а)
Есеней | Ұқсастығы | Артықбай |
ә)
Ұлпан | Ұқсастығы | Шынар |
б)
Торсан | Ұқсастығы | Жәуке |
ІҮ. Не білгіміз келеді?
Көрініс. «Ұлпан» бекеті
ІҮ. Не білдік?
Шығармашылық жұмыс
«Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.
Қорыту: Арнау сөз
- Ұлпан анаға
- Ғ.Мүсіреповке
- Бүгінгі сабаққа
Үйге тапсырма: Ұлпан бейнесін Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбына жазылған шығармаларындағы аналар бейнесімен салыстырып жазу.
Нұсқау: Ғ.Мүсіреповтің «Ер Ана», «Ақлима», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Өлімді жеңген ана» шығармалары.
Бағалау.