Х дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың  мақсаты:                       

Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана  туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық,                                            ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

Сабақтың формасы: топтық

Сабақтың әдісі: СТО

Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.

БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Қызығушылықты ояту.

-Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара  келіпті (бейне таспа  жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.

— Әр топ өздерін таныстырсын.

1 топтың аты: «Білімділер»                                                                                                               Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

2-топтың аты: «Талаптылар»                                                                                                   Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

-Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл кітапқа, жақсы орындаған топ көк кітапқа  ие болады. Қай топтың қызыл кітабы көп болса сол топ Дараға жақсы көмектесіп жеңіске жетеді.

Әліппе

Әліппе

ІІ.Өткенді пысықтау.

-Я,Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту.

Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық.

1-тапсырма. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею.

2-тапсырма. 1 топ «Білімділер» Жарыс мәтінін оқу, 2-топ «Талаптылар» сұрақтарға жауап беру.

Дараның кітаптарын үстелге жинадық.Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға)

 

ІІ.Мағынаны тану.

-Енді кітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі суреттерді айтып қайталасақ ,бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз.( «Сиқырлы кітап» бейне таспа жіберу) .

-Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс?  Х-дауыссыз дыбыс,себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр.   Х — әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Суретергі назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.

— Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.

— Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах.

-Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.

-Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді  Дара жолға шығуға дайын.

 

-Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ  Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.

Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс.

тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?

тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?

-хат -хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.

Хор-музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.

Хан-ел билеушi .

Саяхат — алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.

Дәріхана-Дәpi-дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;

Хабар-жаңалық

Халат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.

Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.

Шахмат-ойын

Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.

Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.

Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.

-Күзетшінің тапсырмасын орындадық Дара көпірден өтті.

-Міне енді Дара кітапханаға да жетті.   Әр топтың басшыларына тапсырма беріледі.

1 топтың басшысы сурет бойынша әңгімелеу.

2 топтың басшысы кітапхандан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.

-Мәтінді  оқу.

Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да бар.Кітапхана қоры- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.

Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.

Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.

(Балалар міне Дарамен бірге кітапханға да жеттік, Дара кітаптарын тапсырды.) Дараға өте жақсы көмектескен, топтардың ұпайын санайық. Бейне таспадан біз жеңдік әнін орындау. Қане өзімізге қошемет білдіріп қояйық.)

Сергіту сәті.

Ризамыз әнін орындау.

2.Дәптермен жұмыс.

Х дыбысын жазу.

ІҮ.Ой толғаныс.

 

ӘріпБөлінуіорналасуыҚолданылуы
дауыстыдауыссызбасыортасыаяғыҚазақ тіліОрыс тілі
Х++++++

-Не үйрендік?

-Не білдік?

 

Ү.Үй жұмысы:  99-бетті оқу, «Кітапхана» мәтінін әңгімелеу.

ҮІ.Мадақтау,бағалау.