А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

 

 

 

Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаев  «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты 1.«Қансонарда бүркітші шығады аңға  » өлеңі туралы білу;

2.  Өлең құрылысын талдау арқылы мазмұнын  түсіну;

3.  Өлеңді   мәнерлеп  оқу техникасын   қолдану арқылы үйрену;

 

Күтілетін нәтиже 1.Ақынның  өмірі мен шығармалары туралы білетін болады.

2.Өлеңді бунағына, ұйқасына, тармағына  талдау арқылы  түсінеді;

3.Өлеңге әдеби- теориялық талдау жасап және мәнерлеп оқу

техникасын меңгеру арқылы оқып үйренеді;

 

Негізгі идеялар Қазақ халқы  бүркітті киелі құс санап, оларға «Аспан еркесі»,   «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы» деп мақтау мадақтау айтқан.
Тапсырмалар 1.       Ойқозғау (сұрақ-жауап)

2.       Топтық жұмыс (мәтінді  талқылау)

3.       АКТ-ны пайдалану (бейне сюжет көрсету)

4.       Жұптық жұмыс (кесте толтыру)

5.       Жеке жұмыс (блум таксономиясы)

КезеңМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Білу

Мақсаты  : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін  нақтылау

3 минут

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

1.Қолайлы психологиялық  жағдай қалыптастыру;

2.Түрлі түсті қағаз   қиындылары арқылы оқушыларды  топқа бөлу;(жасыл, қызыл, сары)

«Айнымалы бекеттер»   (топтық жұмыс)

«Ой қозғау» кезеңі

—          Балалар қандай жыртқыш құстарды білесіздер?

—          Не себепті бүркітті қазақ халқы киелі құс санаған?

—           Ендеше , бүркітке байланысты  қандай өлең шумақтарын  білесіздер ?

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру

А. Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі

Оқушылардың назарын интер белсенді тақтасына аударып, бүркітке байланысты бейне сюжет көрсету.

 

Алған сурет қиындылары арқылы топтасып, топқа бөлінеді

 

 

Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білетіндерін ортаға салады.

 

 

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен  жұмыс істеуін қадағалау

7 минут

«Мағынаны тану »

1.Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топқа        2-топқа       3-топқа

Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын  постер арқылы жеткізу.

 

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Топта бес рөлді анықтайды:көшбасшы,баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің  міндеттерін атқарады. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.
Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

1.       Дәптермен жұмыс

1-топ   А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңіне композициялық  талдау жасайды.

2- топ ­Өлеңді құрылысына қарай  талдайды

3-топ    А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі бойынша сурет салады

 

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді композициясына, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратады,өз ойларын еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

 

 

 

 

Өлеңнің атауыЖыр жолдарын жалғастырыңыз
«Әсемпаз болма әрнеге»

«Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Оқушылар берілген кестені толтырады.

 

Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда  өзара бағалауы жүзеге асады.

 

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

 

7 минут

Ойлау деңгейлеріСұрақтармен тапсырмаларОқушының жауабы
БілуА.Құнанбаев кім ?
ТүсінуҚазақ халқының өмірінде аңшылық, саятшылық, құсбегіліктің мәні неде ?
ҚолдануТүсіндірме сөздік бойынша дұрыс жауабын  жазыңыз

Қансонар  —

Томаға –

Қырық пышақпен қыржыңдап –

Сегіз найза —

ТалдауӨлеңнен мүлде қарама-қарсы ұғымдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын  көркемдік әдіс  турін табыңыз ?
Жинақтау«Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңіне кешенді талдау жасаңыз?

 

БағалауАбай шығармашылығымен танысу сіз үшін қаншалақты маңызды?

 

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген кестені толтыруға тырысады.
Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

Рефлексия      2минут

 

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын  болды?

Тағы не  үйренгім келеді?

 

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.