Мұқағали оқулары

 

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный ЖОББҚМ

Сембі Жансая Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

 

Мұқағали оқулары /аудандық/

 

 

1 – жүргізуші: Кеш жарық  құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың  қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық  шынымен бақытты халық.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын.

Халқымының өз айтқанын қайталадым

Күпі күйген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

2 – жүргізуші: Құрметті аудандық Мұқағали оқуларына жиналған қауым, бүгін біз қазақ  поэзиясының  өткір де тұщымды  тіл құралының құндылығы мен өзектілігіне мән бере отырып, қалам шеберінің  туындыларының «Менің жүрегімдегі орны мен тұлғалық болмысының қалыптасуындағы ықпалы қандай?» деген сұрақтарға бүгінгі кеш жауап табуға мүмкіндік жасайды. М.Мақатаев ең алдымен халық ақыны, қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы.

Сырым да – осы,

Жырым да – осы

Алдыңда

Байқалып бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

… Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

1 – жүргізуші: Жыр додасына айналар аудандық Мұқағали оқуларын бастап беру үшін, кейінгі Мұқағали поэзиясының жалғасын жалғастырушы шәкірттерге оң сапар тілеу үшін сөз

беріледі.

2 – жүргізуші: Жалғасы бар

Жырымның жалғасы бар.

Жырларым жылдарменен

Жалғасыңдар – деп Мұқағали

айтқандай Мұқағали үні мәңгілік жалғасуда. Ендігі сөз облыстық Мұқағали оқуларына қатысқан                                             түлегі

беріледі.

1 – жүргізуші:  Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің

Бір түйір жерге түскен тамшым едің

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

 

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, —

деген екен. Ақынның жырын жырлап  отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де — өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр  ақынның рухына арналады.

2 – жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған аудандық Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндетттері:  /слайдттан көрсетіле тұрып айтылады/

— Аудандық жалпы білім беретін мектептерінің  оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

— Аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.

— Оқушылардың поэзияға  деген құштарлығын арттыру,өлең сөздің құдіреті мен қуатын жаны мен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

— Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымын;өмрге көзқарасын қалыптастыу;

1 —  жүргізуші: Мұқағали оқуларының шарттары: /Салайдттан көрсетіле тұрып айтылады/

  1. «Менің пірім- Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.
  2. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап… » айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.
  3. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Қырандар, қош болыңдар», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа оқиды. Оқушылар жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өз ара сынға түседі.
  4. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал.
  5. «Өлең мен өрілген ой» айдарында үміткер Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда оқушының шешендігі ой жүйелілігі ұтымды жауабы ескеріледі.
  6. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» — сұрақ – жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы жорға ойыны секілді. Бір минутта он сұрақтың қаншасына жауап береді, оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі.

2 – жүргізуші: Мұқағали оқуларына  қатысушы  түлектерді көрермендерге таныстырып өтейін.

Ескерту аты аталған қатысушы орнына тұрып сахнаға келуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – жүргізуші: Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы түлектер барлығыңызға сәт сапар тілеймін және алдарыңыздағы үстелде дөңгелекшелер, жатыр, сол дөңгелекшелерді таңдап суырып алыңыздар: Ол сіздердің   рет сандарыңызды білдіреді.

2 – жүргізуші:  Бүгінгі жыр  додасына әділдік жүргізер сарапшы әділ – қазыларды таныстырып өтейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- жүргізуші: «Естеліктер» кітабында Нұрғиса Тілендиевтің мынадай сөздері бар:

— Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпепетімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз» депті.

Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген өлеңі «Есіңе мені алғайсың» екен, —  деп еске алады.

Ендеше жыр додасына қатысушыларды, көрермендерді бір серпілтіп алу үшін осы әнді Сагиев Аңсардың орындауында тыңдасақ.

2- жүргізуші:  Мен сенің үніңменен үндесемін,

Мен сенің тіліңменен тілдесемін.

Сауық құрып бойында бір көшенің

Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін –

деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше жарысымыздың  бірінші бөлімін «Менің пірім — Мұқағали» айдарын бастайық. Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп оқып береді. Әрі осы бөлімге «Өлеңмен өрілген ой» бөлімін жалғастырып кетеміз. Бұнда оқушы өзі оқыған өлеңді шартта берілгендей талдайды.

1 – жүргізуші:  Дүниеден өтті қанша ұлылар,

Ұлылар да уақытпен құбылар

Сиқырыңды  зерттеп бітпес біз үшін

Бір өзің бір құбылыссың сыры бар

деп еске алған Мұқағали ақынды Қанипа ақын. 

Ендігі кезек, «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімі. Бұл бөлімде оқушы өзінің  төл туындысын оқиды.

2 – жүргізуші:

Жанымды жырға бөлеп, таң атырған,

Әкем едің ақ таңда жаратылған.

Төліңнен айналайын жаңа туған

Айналайын еліңнен дара туған!!!

Көрермендер мен қатысушыларды серпілту үшін тағы да кезекті әнге берейік.

Ән:

орындайтын 10ә сынып оқушылары Бекетова Фариза,

Бақтығалиева Асылгүл.

1 – жүргізуші:   Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім.

«Жыр эстафетасы» бөлімі үміткерлер алдарындағы үстелден екі қағаздың біреуін суырып өзіңізге берілген поэманы жатқа айту керек.

Ескерту: Бұл бөлімде Мұқағалидың екі поэмасын жатқа айтуға тапсырма берілген.

  1. «Қырандар, қош болыңдар»
  2. «Райымбек, Райымбек»

2 – жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта

                            Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа

Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Бұл кезде тағы да мына алдымдағы үстелден билет суырып орныңызға отырып, жазып әділ қазыларға бересіз.

1 – жүргізуші: «Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған» деп Тұманбай Молдағалиев баға берген.

Келесі бөлім «Мұқағали  мұрасын кім көп біледі?» 1 минуттың ішінде Мұқағали өмірімен шығармашылығынан он сұрақ қойылады, жауап алынады.

2 – жүргізуші: Жыр додасы өз  мәресіне жақындады әділ қазылар әділ шешімін шығарғанша Мұқағалидың поэзиясын тыңдап, ән — әуезге кезек берейік.

Ән:

Орындайтын:  

 

 

1 – жүргізуші: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Оқитын 9в сынып оқушысы Төлеуова Әйгерім.

2– жүргізуші:

Ән:

Орындайтын:

 

1 – жүргізуші: Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

2 – жүргізуші: Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан — ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.

… Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығында көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай

— деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

1 – жүргізуші: Облыстық Мұқағали оқуларына қатысушы түлекке аудан намысын жер қылмай ту қылып көтеріп келуіне, жүлделі орынға жетуіне тілектеспіз.

Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы, болсын.