Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу

Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар.  5 сынып

Сабақтың тақырыбыГрафиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу
Сілтеме                                            Жоспар
Жалпы мақсатыМәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып,  мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат беру .

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын  үйрету. Жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижеМәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып,  мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат алатын болады .

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын  үйренеді.  Жұппен жұмыс жасайды.

 Негізгі идеялар

 

Мәтінге кескіндерді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

1.Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферінен мәтінге кірістіру. )

2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру-Кескін);

3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті  Paint-те салу (кірістіру – Paint суреті)

ТапсырмаларТоптық жұмыс: Мәтінмен жұмыс

Жеке жұмыс: Тәжірбиелік жұмыстар орындау. (А, В деңгейлі тапсырмаларды орындау).

 

Негізгі дереккөздер: Оқулық. Информатика, 5 сынып, Арман -ПВ, 2013 ж,

МАН материалдары, Математика және информатика журналдары

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)

І .Ұйымдастыру  кезеңі. 1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату. АКТ. Сергіту сәті. Қауіпсіздік техника ережесі. 1.2.Назарларын  сабаққа аудару, оқушылар реттілік бойынша(1,2,3,4 ) саналып,  4 топқа бөлу   (1-3 мин). 1.3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. Білімді өзектендіру.

Сұрақтар: 1.Мәтіндік және графикалық редакторлар арасында ақпарат өзара қалай алмасады?

  1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар..

3.Алмасу буферімен жұмыс істеу командаларын атаңдар.

  1. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.
  2. Кірістіру-Кескін және Кірістіру- Paint

Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын пысықтау.§25. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларының нәтижелерін тексеру. Мадақтау арқылы бағалау.

 Топтық  жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру тәжірибелік жұмысты орындаумен қатар жүреді . Мәтіннен суреттің жылжымайтынын көрсету. Оқушылар құжатқа сурет қою тәсілдерін дәптерге жазып алады. «Рисунок Paint» командасымен қойылған суретті редакциялауға келмейді, шрифті өзгерткенде мәтіндегі сурет өлшемі өзгермейді.

  1. Мәтіндік құжаттарды құру үшін қолданылатын қандай стандарттық программаларды білесіңдер? Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?
  2. Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?

3.Қалй ойлайсыңдар, мәтінге түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек.

Жеке жұмыс: Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау және  жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, оларға жауап беру.

1 тапсырма: 1) Paint-ті іске қосыңдар.

2) Жұлдызшаның суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа «Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

3) WordPad- ті іске қосыңдар.

4) «Мен мәтінге файлдан сурет кірісітіремін» мәтінін теріңдер.

5) Кескін батырмасын шертіңдер.

6) Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

7) Paint-ке ауысып, суретке найзағай бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

8) WordPad-ке ауысыңдар. Мәтіндік сурет өзгерген жоқ.

2 тапсырма: 1) Графикалық редакторда «Жалау» өлеңіне сурет салыңдар.

2) Мәтіндік редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оңға қарай жылжытып орналастырыңдар.

3) Өз суреттеріңді графикалық редактордан мәтінге көшіріңдер.

Жалау

Жалғыз жалау желбіреп

Тұманды теңіз төрінде

Жат жерде жүр не тыңдап?

Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М.Ю. Лермонтовтан)

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың  рекордшылары- тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз-олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр-15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні –есек -50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқаларынан көп қмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.     (В.Песков)

Мадақтау арқылы бағалау. Кері байланыс: -Маған қызықты болғаны… Маған қиын болғаны…

Кейінгі тапсырмалар: §25. Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.  184-188  бет оқу.