Paint графиктік редакторы туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы:   Paint графиктік редакторы туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:  1/ Білімділік: Оқушылардың Paint графиктік редакторы туралы білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту.

2/ Тәрбиелік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдылану, қызығушылықтарын арттыру.

3/ Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсендіктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интеактивті тақта, электрондық оқулық, электрондық тест тапсырмалары, зертханалық жұмыстар, сөзжұмбақ т/б.

Сабақтың әдісі: Интерактивті сабақ

Сабақтың түрі: Сот сабағы

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, сызу-сурет, бейнелеу

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Төреші: Құрмашова Нұргүл Жанұзаққызы

Айыптаушы: Әбілғазиева Ақбота

Қорғаушы: Асанов Заманбек

Сот хатшысы: Әйтешова Алтынгүл

Куәгерлер: Арынғазиев Асхат, Әлтаева Әйгерім, Әлиев Рысбек, Әйтешов Асылбек, Бөкешов Нұрлыбек, Ибраев Рауан.

 

Сот хатшысы: Тұрыңдар! Сот келе жатыр!… Отырыңдар!

 

Төреші: Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған білім беру кодексі бойынша желтоқсан айының 20- сы күні қабылданған «Paint графиктік редакторы туралы» заңы бойынша 7а сынып оқушыларының осы заңды толық қабылдап, барлық қасиеттерін, жұмыс жасау жолдарын игергендіктері бойынша ақталады. Сот ашық!

Оқушыларды түгелдеу. Сотқа қатыспай отырғандар бар ма?  /5 мин/

 

ІІ. Үлестірмелі қағаздар тарату. /Жаңа сабақ бойынша/

Төреші: Айыптылар Алмағанбетов Ержан, Серіков Қазыбек, Жали Айжан, Ибраева Жаңагүл, Имағанбетов Асхат.

Сіздер Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған №1-№5 баптары бойынша жазаланасыздар.   /Оқушыларға үлестірмелі қағаздар тарату/

 

ІІІ. Тестілеу. /Үй тапсырмасы бойынша/

Куәгерлер: Арынғазиев Асхат, Әлтаева Әйгерім, Әлиев Рысбек, Әйтешов Асылбек, Бөкешов Нұрлыбек, Ибраев Рауан.

Сіздер шындықты, тек шындықты айтуға уәде бересіздер ме?…

Онда оң жақ қолдарыңызға электронды құрылғыны алыңыздар. Сот барысында қаншалықты шындықты айтатындарыңыз «Жалғандық детекторы» бойынша анықталсын.   /2 мин/

 

ІV. Үлестірмелі қағаздар бойынша сабақты тақтада түсіндіру.

Айыптылар Алмағанбетов Ержан, Серіков Қазыбек, Жали Айжан, Ибраева Жаңагүл, Имағанбетов Асхат сіздер кінәсіз екендігіңізді дәлелдеуге ортаға шақырыласыздар. Кінәсіз екендігіңізді дәлелдеңіз.

 

//Айыпты тақтаға шығып қолындағы қағазда жазылған тексті оқуды былай бастайды//. Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған №1 бап бойынша жазаланамын.

 

Төреші: Ақталыңыз! Айыпты алған тапсырмасын түсіндіреді.

//Қорғаушы мен айыптаушы төрешіге өз бағаларын ұсынады. Егер қатесі болмаса «Сұрағым жоқ» немесе жұмысы бойынша сұрақтар қоюы керек, ал қорғаушы айыптының қатесіз шығарғаны туралы айтып өз бағасын ұсынуы тиіс. Орнына отырарда айыпты соттың әділ шешілуіне әбден сенетінін айтады немесе төрешінің әділ болуын өтінеді//         /20 мин/

 

Сот хатшысы: Сот үзіліс жариялайды. Сотқа қатысушыларға сөзжұмбақ ұсынылады.

 

  1. «Сөзжұмбақ» шешу. /Бекіту сұрақтары/

VІ. Сабақты қорытындылау.

  • ҚР-ның Парламентімен қабылданған білім кодексі бойынша айыптылар ———- , кінәсіз екендіктері толық дәлелденді!

Кінәсіз кіналағаны үшін Мемлекет қаржысынан аз мерзімде 5мың тг. Көлемінде компинсация төленсін.

—  ҚР-ның Парламентімен қабылданған білім кодексі бойынша айыптылар ———— , кінәсіз екендіктері толық дәлелденді!

Кінәсіз кіналағаны үшін Мемлекет қаржысынан аз мерзімде 4мың тг. Көлемінде компинсация төленсін.

  • ҚР-ның Парламентімен қабылданған білім кодексі бойынша айыптылар ————-бос уақытынан 3 сағат конфискацияланып кіналарын толық жойғанша ИЕТ бөлмесіне қамалсын.

 

  • «Жалғандық детекторы» бойынша шындықты айтқан куәгерлерге —————-5мың теңге көлемінде мемлекет қаржысынан компенсация төленсін.
  • «Жалғандық детекторы» бойынша шындықты айтқан куәгерлерге —————-4мың теңге көлемінде мемлекет қаржысынан компенсация төленсін.
  • «Жалғандық детекторы» бойынша жалған жауап берген —————-куәгердің бос уақытынан 3сағаты конфискацияланып, өз  кіналарын толық жойғанша ИЕТ бөлмесіне қамалсын.

-ҚР Парламентімен қабылданған білім беру кодексі бойынша желтоқсан айының 20-да қабылданған «Paint графиктік редакторы» заңы бойынша 7а сынып оқушыларын кінәсіз деп жариялаймын!

Бостандық белгілерін қою үшін айыптаушы мен қорғаушыға құжаттарын жинап әкелсін.       /8 мин/

  1. Үйге тапсырма. /2 мин/

-Келесі отырыста осы мәселе бойынша жеке практикалық жұмыс болатынын ескерте отырып, Сот, дайындалып келулеріңізді өтінеді.

Сот аяқталды! Боссыздар!