Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» / 5 –сынып,екінші сағаты/

Қилыбаева Айгерім Амандыққызы,

Б.Қаратаев атындағы Саралжын орта

жалпы білім беретін мектебі.

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы,

Мұхит ауылы.

 

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» / 5 –сынып,екінші сағаты/

Сабақтың мақсаты: білімділік — оқыған шығарманың мазмұнын  меңгерту, мәтінге талдау;

дамытушылық —  ізденушілік белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, қорытынды ой түйіндету;

тәрбиелік – адал достыққа, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Типі:Білімді бекіту

Түрі:Топтық сайыс, әдеби талдау

Әдісі:СТО жобасы стратегиялары, сұрақ — жауап

Көрнекілігі:интерактивтік тақта, сызба – кестелер, Қ.Смағұлов портреті,кітап көрмесі т.б.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих,бейнелеу

Сабақтың барысы: І Қызығушылықты ояту

ІІ Мағынаны тану

ІІІ Ой – толғаныс

І Қызығушылықты ояту. І Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, «Жаңа достар» әңгімесін оқып келу.  Оқушылар үш топқа бөлінеді. І «Ұлағат» тобы

ІІ «Шапағат» тобы, ІІІ «Мейірім» тобы.

Дискуссиялық карта 3 топқа 5 сұрақтан берілген, олар қолдарындағы жауап парағына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

І «Ұлағат» тобы сұрақтары

  1. Ғ.Мүсірепов 1902 жылы дүниеге келді ме?
  2. Әңгіме «Екі ақсақ,бір желаяқ – үш боздақ, енді базарға қарай бет алдық» деп басталады ма ?
  3. «Жаңа достар» «Қазақ солдаты» романынан үзінді ме ?
  4. Мен қазір ондамын… Бұл Шегеннің сөзі ме ?
  5. Оның болмайды, Костия! Оқу керек деген Шеген бе?

ІІ «Шапағат» тобы сұрақтары

1.Ғ.Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген бе?

  1. «Оқимын десең, оқи ғой күнім! Әкеңнің де бір арманы оқу боп өтіп еді» — деген Мария апайдың сөзі ме ?

3.Әңгімеде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Балалар өмірі суреттеле ме?

  1. «Қазақ батыры» «Қазақ солдаты»романының бұрынғы атауы ма?
  2. Жас милиционер маған темекі ұсынып еді, мен алдым да, ортасынан бір сындырып лақтырып жібердім. Шегеннің сөзі ме, Бораштың сөзі ме?

 

ІІІ «Мейірім» тобы сұрақтары

1.Ғ.Мүсірепов әңгіме жазудың Бейімбеттен кейінгі шебері ме ?

2.Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай – қарай зытам… әңгіме осылай аяқтала ма ?

  1. Балалар тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетті ме ?
  2. Қайрош бейнесі Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бейнесі ме?

 5.Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетті ме ?

ІІ Мағынаны тану

ДЖИГСО әдісі бойынша мына тақырыптарға жоспар құру, мазмұнды жоспарды ұсыну.

 І «Ұлағат» тобы

Қайроштың басынан кешкендері

ІІ «Шапағат» тобы

Жаңа достар Бораш пен Шеген

 ІІІ «Мейірім» тобы.

Әңгімедегі абзал аналар

Сатылай кешенді

 І «Ұлағат» тобы

Кейіпкелерге мінездеме

Портрет

ІІ «Шапағат» тобы

Пейзаж

Мақал – мәтел

ІІІ «Мейірім» тобы

Тұрақты тіркес

Жер-су атаулары

Кейіпкерлердің сөздерін табу семантикалық карта арқылы жеке оқушылармен жұмыстана отырып жүргізіледі.

Семантикалық карта 

 

Кейіпкер

сөзі

ҚайрошМарияБорашШеген
О , қасқаның жатысын – ай!
 

Кейіпкер

сөзі

ҚайрошМарияШегенМилиционер
Адам болады екнсің, айналайын!
 

Кейіпкер

сөзі

ӘйелдерБорашМарияШеген
Мынау бүгін аяқтан айырылыпты ғой. Байғұс — ай
 

Кейіпкер

Сөзі

ӘйелдерБорашМилиционерШеген
Екі мың сегіз жүз сексен жеті! Өлтірдің , Костя, өлтірдің мені.

 

 

Кейіпкер

сөзі

АнасыБорашМарияШеген
Көресіз бе, балаңыз қандай ақылды. Оқу оқығысы келеді.

 

 

ІІІ Ой – толғаныс Үш топ мына тақырыптарда өз ойларын жеткізеді.

І топ «Болмасын, соғыс болмасын »

ІІ топ «Жетімдерді жебей жүр»

ІІІ топ «Менің досым»

Бағалау. Әр топқа бағалау парағы беріледі, сол бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма. Сахналық қойылым әзірлеу / 3-4 бөлімнен /