Б. Момышұлы «Жауынгер тұлғасы»

Сабақтың тақырыбы:

                                   Б. Момышұлы 

                                  «Жауынгер тұлғасы»

Мақсаты:    1. Аты аңызға айналған қазақ елінің   ақиық қыраны Момышұлының ғажайып өмір жолы мен шығармасын оқыту.

  1. «Жауынгер тұлғасы» атты үзіндіні оқыта отырып, Ұлы Отан соғысы, ондағы ерліктер, жауынгерлердің еліне деген патриоттық сезімдерін көрсете білу.
  2. Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта білу. Жолдастыққа, сыйластық пен ізгілікке үйрету. Өз Отанын ағаларындай сүйе білетін елінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімдерін жинақтау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, көркем оқу, сұрақ-жауап, салыстыру жұмыстары, талдау жұмысының түрлері.

 Сабақтың көрнекілігі: Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған плакат, түрлі кестелер мен сызбалар, әдеби көрме.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы назарын сабаққа аудару.

  1. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Таныстыру.

     І                                     ІІ                                          ІІІ          «Жігер»                      «Азамат»                           «Намыс»

«Жігер жоқ жерде     «Азамат жолы-           «Ел намысы-

    жол тұйық»               ар жолы»                     ер намысы»

 

Ой шақыру.

-қадірін білмеппіз ғой тірі кезінде,-

деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,- деп өзіне арнап

 

                                            

 

1947 жылдың 6-желтоқсанында жазған  Б. Момышұлының бір шумақ өлеңінде қанша сыр бар.

Міне, бүгін сол ұрпағы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Б. Момышұлының 100 жылдық мерейтойын атап отыр. «Жауынгер тұлғасы» үзіндісін талдамас бұрын Б. Момышұлының өскен ортасы мен білім алған жерлері жайында айтып өтейік.

Б. Момышұлының әкесі Момыналы Имашұлы зерделі де ширақ, пайымшыл да алғыр кісі болған. Жастайынан ескіше хат

танып, білім алған, өздігінен оқып-үйреніп, жақсылық пен ізгілікті, адамгершілік пен парасаттылық үлгілерін көңіліне тоқи білген.

 Осыған орай, бүкіл Жуалы, Әулиеата, Түлкібас аймағы «Момын молда» ретінде әбден таныған.

Бауыржанның анасы Разиядан төрт  қыз, бір ұл дүниеге келген. Әкесі Бауыржанға жастайынан-ақ арабша, орысша әліппені, арифметиканыүйреткен. Көптеген ертегілер айтқан қисса, дастан, өлең оқып беріп отырған. Әулиатадағы Аса интернатында оқиды. Алғаш Евгеньевка ауылында тұратын орыс мектебіне берген. 1925 жылы Аса интернатының төртінші класын бітіреді. Арифметика мен диктанттан үздік баға алып, бесінші класқа өтеді. Шымкенттегі қазақ орта мектебіне жіберіледі. Онда Ораз Байшымыров, Дәулетжан Ыбырайымов, Әбділда Тәжібаев тағы басқа шәкірттер келеді. Өзге құрбыларының арасынан Ә. Тәжібаевты көбірек ұнатады. Өзі ақындығы таныла бастаған зерек те зерделі, шешен де ділмар бала болатын. 1928 жылы орнына түсуді алдына мақсат етіп қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтастыру.

                                        

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кубизм.

1.Суреттеу. Оқиға болған жерді суреттеу.                      

Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыс…

(сурет салуға да болады)

2.Салыстыру. Б. Момышұлы мен Ә. Тәжібаевтың шығармаларын салыстыра қарау. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде жауынгерлердің ерлік істері. Отанға деген

сүйіспеншіліктері жайында айтылады. «Толағай» әдеби ертегісінде негізгі ой-жас баланың ерлігі. Өз елін қиыншылықтан құтқаруды алдына мақсат етеді.

3.Зерттеу. Әңгіменің тақырыбын, автор идеясын ашу.

Б. Момышұлының шығармаларындағы ерекшелік жайында айтып өту.

«Жастар-біз бастаған істің жалғасы, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың өміріне немқұрайлы қарай алмаймын»,-деп жазады жауынгер жазушы.

4.Талдау. Мәтінмен жұмыс жүргізу. Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу әдістері арқылы әңгімені талдау жұмысы.

5.Сәйкестендіру. Әңгіме желісіне негізделе отырып, тест жұмысын жүргізу.

6.Қолдану. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел білетіндерін байқау

(ерлік, батырлық, қырағылық, отансүйгіштік, қайсарлық, шыдамдылық) Мәтін барысында қолданылған мақал-мәтелге тоқталу, екі негізгі мақалға талдау жасау. (оқушы ойы)

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.          

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

«Тұжырым» кестесін өз беттерімен толтырады.

Рет саныКейіпкерлерІс-әрекеттерАдамгершілік қасиеттері
1СеребряковПолковник. Өз қарамағындағы жауынгерлерді жақсы біледі, бағалайды.Қайратты, адамгершілігі мол, өзгені жақсы түсіне біледі.
2Бауыржан МомышұлыӨз Отанын жаудан қорғауда бар шеберлігін, бойындағы қайсар-жігерін, өмірін де қиюға даярНамысшыл, тік, батыр.
3МұхамедқұлШайқаста ерлік, табандылық көрсете білді.Сабырлы, табанды, істі ақылға салып істейді.

Эйлер шеңбері.

                                            1.Батыр

                                           2.Намысшыл

                                          3.Тік мінезді

                                         4.Жолдастыққа берік

                                        5.Қайратты

            

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға алдын-ала ізденіс

жұмысы берілген болатын. Онда олар Б. Момышұлы туралы жазылған шығармалар, кинофильмдер жайында қарастырулары қажет еді.

 Оқушылардың өлеңдерін тыңдау.

Б. Момышұлы ел ұғымында толымды, жинақы, тұтас бейне. Соғыс қаһарманы ғана емес, жарқын азаматтың бейнесі, қайталанбас тұлға.

Үй тапсырмасы: «Туады ерлер ел үшін» тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау. Оқушы білімін бағалау кезеңі.