Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы. “Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңі.

Күні: 06.12.2011 ж.

Сабақтың тақырыбы:  Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңі.

Сабақтың мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

Дамытушылық мақсаты: Абайды оқуды одан әрі жаңартып, білімін толықтыруға, ізденушілікке ықпал жасау, бағыт беру.

Тәрбиелік мақсаты: Абай шығармашылығын оқи отырып, халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: алған білмдерін жинақтау және дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,проблемалық, іздендіру, зерттеу.
Сабақтың типі: алған білімдерін жинақтау және дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,кітап көрмесі, сызбалар

                                  Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі:
1)Оқушылармен сәлемдесу.
2) Жо
қ оқушыны түгендеу.
3) О
қушылардың зейінің сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы.
Өткен тақырыптарды қайталау.
1. М.Өтемісұлын кім деп танимыз?
2.М.
Өтемісұлының өлеңдерін ата?
3.Махамбетті
ң қай өлеңін жатқа білесің?
4.Ш.
Қанайұлының туған жері?
5. М.С
ұлтанқожаұлының толғауларын ата?

III.Жаңа сабақ. 1- слайд. Абайдың портреті.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір ж
ұмбақ адаммын, оны да ойла
Абай

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:
…Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» — Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған.
Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.

Топтастыру.    3-слайд.

Ақын                          аударма

табиғат жыршысы                  Абай                            философ

ғажайып суреткер

Қара сөздің шебері               ұлт мақтанышы

4-слайд.

Ескендір                                            Масғұт

поэмалары

Әзім әңгімесі

5-слайд. 1.Абайдың әжесі Зере.

  1. Жас Абай.
  2. Абайдың әкесі Құнанбай.
  3. Абай оқып жүргенде.
  4.     Абай әкесімен бірге.

Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы” өлеңі.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге же
ңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс ж
ұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — а
қынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен ты
ңдаушы көбі надан,
Б
ұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пай
ғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
М
үнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір с
өзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлең құрылысына талдау.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге же
ңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

 1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11 буын, қара өлең ұйқасы.

                    Поэзия минуты

1.“Ғылым таппай мақтан ба”.
 2.“Әсемпаз болма әрнеге”.
3.“
Құлақтан кіріп бойды алар”

6-слайд.

             “Қожанасырдың қоржыны”
ойыны.

  1. Абай қай жылы, қай жерде туған?
  2. Абайдың әкесі қандай адам болған?
  3. Абайдың анасы қандай адам болған?
  4. Абай қайда оқыған?
  5. Абайды кім тәрбиелейді?
  6. Абайды кім деп танимыз?
  7. Абайдың шын аты?
  8. Абайдың жыл мезгілдеріне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
  9. Абайдың қанша қарасөзі бар?

10.Абай орыс ғалымдарынан кімдермен дос болған?

     Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті — өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.
Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.
Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.

Сабақты бекіту.  7-слайд.

               “Адам болам десеңіз…”
(
өз ойыңмен ой толғау).

           еңбек                      талап                           рақым

                               Адам болам десеңіз

     терең ой                                            рақым

 

                   өсек                                      мақтаншақ

                Надандықтың белгісі

бекер мал шашпақ                     өтірік               еріншек

    

 Сабақты Нұрсұлтан Назарбаевтың “Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс” деп айтқан пікірімен аяқтаймын.

Үйге тапсырма:
1. Абай Құнанбайұлының өмірі.
2. “
Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы” өлеңін жаттау. 

Бағалау.