Функцияларды пайдалану: аргументтер, автоқосынды, функцияны редакторлеу, функцияның түрлері

Сабақтың тақырыбы: Функцияларды пайдалану: аргументтер, автоқосынды, функцияны редакторлеу, функцияның түрлері

(4 сағат)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Функцияларды пайдалану: аргументтер, автоқосынды, функцияны   редакторлеу, функцияның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:  Жекелеме тапсырманы орындату арқылы

оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:      Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу

Сабақ түрі:   Практикалық сабақ.

Сабақтың жоспары :

  1. Ұйымдастырушылық кезең.
  2. Қайталау.
  3. Практикалық жұмыс.
  4. Үйге тапсырма.
  5. Бағалау.

Практикалық жұмыс.

Excel 97  программасында функция  мәндерін  кесте түрінде

есептеп  шығару

Функцияны кестелеу  әдісі  бойынша  есеп шығару

Есептің  берілгені :

У=к*(х2-1)/(х22+1)  фунциясының  мәндерін х  айнымалысын [-2,2] аралығында    0,2 қадамымен  өзгергендегі   мәндерді  үшін  есептеу   керек . Мұндағы К=10.

Есептің нәтижесін мынадай  кесте  түрінде  көрсету  қажет  болсын ;

 

хкУ1=х2-1У2=х2-1У=k3(у1/у2)
  1. EXCEI кестесінде  адрестерді  көрсету  әдістері. 

Ұяшық  пен  блоктардың адрестерін  абсолютті,  салыстырмалы  және  аралас  түрде  бейнелеу

Салыстырмалы  адрес.  Ұяшықтармен  жұмыс жасау кездерінде D3, А1:Н9 т.с.с сілтемелерді қолдануға болады. Адрестердің мұндай  турде  көрсетілуі  салыстырмалы  деп  аталады.  Салыстырмалы  адрестер  формулаларды  жылжыту  кезінде  өте ыңғайлы.  Формулаларда  мұндай адрестерді  қолдану  барысында  EXCELкестесі  ұяшықтың  адресін  ағымдағы

Ұяшық  адресіне  салыстырмалы  түрде  сақтайды.  Мысалы,  D4  ұяшығына=D1+D2  формуласын  енгізетін  болса,  EXCEl  програмасы  бұл формуланы екпінді  ұяшықтан  үш  қатар  жоғары  және  екі  қатар  төмен  ұяшықтағы мәндерді  қосу керек “  деп  қабылдайды.  Егер  D4  ұяшығын,  яғни =D1+D2 формуласын  C4   ұяшығына  көшірсек,  С4  ұяшығына =C1+C2  формуласы, ал  D5 ұяшығына  =D2+D3  формуласы  автоматты  түрде  енгізіледі.

       Абсолютті  адрес.  Егер  формуланы  көшіру  барысында  белгілі  бір ұяшыққа  немесе  аймаққа  сілтеме  жасау  қажет  болса,  абсолютті  адресті  қолданамыз.  Абсолютті  сілтеме $   белгісінің  көмегімен   жазылады.  Мысалы,

$C$15 түрінде  сілтеме  жазылса  , формуланы  қай   орынға  орналастырсақ  та,сол  формулада  тұрақты  түрде  тек  С15ұяшығындағы  мән  пайдаланады.

Аралас  адрес  $  белгісі  кажетті орында ғана  жазылады, мысалы  $C15  немесе  $C15  .  Егер  абсалютті  адрес  белгісі  ұяшық  адресінің  алдында  ғана  жазылса  ($C15), бағана  мәні  тұрақты  ,қатар  мәні  өзгереді.   Керісінше    қатарды   тұрақты  қалдырып,  бағананы  өзгертү  үшін (C$15)  түрінде  жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі және қосалқы  кестелерді  толтыру

А1  Ұяшығына  кестенің  тақырыбын  жазыңыз: Кестенің  тақырыбы  деп  сол  кестенің  бағаналар  аты  көрсетілген,  жоғарғы  қатарын  айтамыз. Яғни  есептің  берілгені  бойынша:

  • А1 ұяшығына 1 енгіземіз  (есептің  бірінші  бағанасының  аты);
  • В1 ұяшығына  х енгіземіз ( кестенің  екінші  бығынысының  аты);
  • C1 ұяшығына  k енгізуміз ( кестенің  үшінші  бағанасының  аты);
  • E1 ұяшығына y1=х^2-1 енгіземіз( кестенің төртінші  бағанасының  аты);
  • F1 ұяшығына y1=k^2+1 енгіземіз ( кестенің бесінші  бағанасының  аты);
  • F1 ұяшығына y= k* (y1/y2)  енгіземіз ( кестенің  алтыншы  бағанасының  аты)
  • Бағаналардың  енін барлық  жазнлар  көрініп  тұратындай етіп  өзгуртіңіз.

Н1 ұяшығынан бастап бастапқы берілгенді жазатын қосалқы кестені толтырыңыз:

X0STEPK
-20.210

Мұндағы X0-X-тің бастапқы мәні,step-x-тің өзгеру қадамы,k-коэффициент (const).

  • Ол үшін А2 ұяшвғына 1санын, ал В2 ұяшығына 2 санын теріп жазыңыз;
  • А2:В2 блогын белгілеңіз де, тышқанның курсорын осы блоктың оң жақ төменгі шетіне орналастырып, пайда болған қара түсті қосу белгісін А22 ұяшығына дейін жеткізген соң тышқанның батырмасын босатыңыз.
  • В2 ұяшығына =$H$2 адресін теріңіз.

Бұл абсолютті адрестеу В2 ұяшығына Н2 (х-тің бастапқы мәні) ұяшығының мәні енгізілетінін көрсетеді.

  • В3 ұяшығына =B2+$I $2 формуласын жазыңыз.

Бұл х-тің бастапқы мәніне І2 ұяшығының мәні, яғни қадамы қосылатындығын білдіреді. Қадам тұрақты 0,2 тең болғандықтан абсолютті адрестеуді қолданамыз.

  • Осы формуланы В4:В22 ұяшықтарына көшіріңіз (автотолтыру функциясын, Түзету/Көшіру және Түзету/ Енгізу батырмаларының өзіңізге ыңғайлы біреуін қолдануға болады).

Нәтижесінде осы блок –2 мен 2 аралығындағы қадамы 0,2-ге өсіп отыратындай шамалармен толтырылуы   керек  (-2: 1,8: -1,6…2)2,5  С бағанасына   К   коэффициентінің    мәндерін    жазыңыз:

  • С2 ұяшығына =$J$2   абсолютті   адрестерін   жазыңыз.
  • С3 ұяшығына=С2формуласын теріңіз. Осы   формуланың    жазылуын   түсіндіріңіз
  • С3 ұяшығндағы формуланы   С4:С22  ұяшықтарына    көшіріңіз. Коэффициент  10-ға   тең   болғандықтан,   осы   блоктағы    ұяшықтарға10 саны     жазылуы   керек.

D  бағанасына  у1=х^2-1  функциясының   мәндерін   есептеу    формуласын    өрнектеңіз

Ол   үшін:

  • D2 ұяшығына =В2×В2-1 формуласын    жазыңыз,
  • Осы формуланыD3:D22 ұяшықтарына көшіріңіз.

Нәтижесінде бағанадағы ұяшықтар бастапқы мәні 3 және соңғы мәні3 болатын y1-дің оң және теріс мәндермен толтырылуы керек.

Дәл жоғарыдағы тәсіл бойынша Е бағанасына y2=x^2+1 функциясын мәндерін есептеу формуласын өрнектейміз.

Нәтижесінде:барлық сандар оң және бастапқы шама 5 соңғы шама 5болуы керек.

F бағанасын y=k*(x^2-1)/(x^2+1) функциясының мәндерімен толтырыңыз.

  • F2 ұяшығына =C2*(D2/E2)формуласын жазыңыз;
  • Осы формуланы F2:F22 ұяшықтарына көшіріңіз.

Нәтижесінде: Функцияның басиапқы мәні 6,соңғы мәні 6 оң және теріс сандар болуы керек.                                                                                       Бағалау.  Үйге тапсырма.