Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі
| 1. тақырып | program программа аты жазылады; | |
| 2. сипаттау бөлімі | … Var типтері көрсетілген айнымалылар; | |
| Begin | ||
| 3. операторлар бөлімі | Операторлар; | |
| end. |
Мысал:
ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.
program esep01;
var x,y:integer;
begin
write(‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’);
read(x,y);
write(x,’+’,y,’=’,x+y);
end.
| Шамаларды сипаттау |
| Белгілерді |
| Тұрақтыларды |
| Label 1-сан, 2-сан, к-сан, 1-атау, 2-атау, n—атау |
| Айнымалыларды |
| Const атау1=мәні; Атау2=мәні; . . . ., Атау n=мәні; |
| var айнымалы атауларының тізімі: тип; |
| Const p=3.14; E=2.7; A=’bol’; Max=1000; |
| Label 14, 7, 13, san, k7, n, belgi 1; |
| var af,m,n: integer; h,sg: real; d,ch: char; kd,b: boolean; |
Негізгі ұғым: Оператор дегеніміз – белгілі бір шамаларға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау.
Құрамына басқа операторлар кірмейтін операторлар жай (қарапайым )операторлар деп аталоады.
Есіңе сақта: Begin,end қызметші сөздері операторлық жақша деп аталады.
| Операторлар |
| Жай |
| Күрделі |
| Меншіктеу, шартсыз көшіру, прцедура шақыру |
| Таңдау Case |
| Тармақталу OF |
| Қайталау While,Repeat,For |
Есіңе сақта: Программада өңделетін мәліметтерді Input файлынан оқиды.
Программада өңделу нәтижесін Output файлына жазады.
Тапсырма№1: Паскаль тілінде жазылған төмендегі операторлардың қатесін табыңдар:
А) Write (Y1; Y2);
Ә) Write (Y1 Y2);
Б) Write (Y1, Y2);
В) Write [Y1,Y2];
Г) Write 1.62;
Д) Write (A, B/F).
Тапсырма№2: Берілген бүтін х, у екі санның көбейтіндісін кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.