MS Excel — мен танысу

Сабақтың тақырыбы: MS Excel  — мен танысу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға MS Excel бағдарламасымен сандық кестелермен жұмыс істеуді, мәндерді талдауды, нәтижесін  алуды   туралы толық мағлұмат беру.

 

Сабақтың міндеттері:

  1. Электрондық кесте  туралы  ұғым қалыптасады.
  2. Сандық мәліметтер  туралы біледі.
  3. Кестенің элементтері  туралы мағлұмат беріледі.

 

Күтілетін нәтиже:

  1. MS Excel  — дің қызметі  туралы  біледі.
  2. Электронды кестеде еркін жұмыс істей  алады.
  3. Жұмыс кітабының терезе элементтері   туралы айта алады.

 

Дереккөздері: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева  Информатика 8 сынып,

Интернет ресурстары,    Электронды оқулықтар.

 

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: «Геометриялық фигуралар» бөліну әдісі, Диалогтық әдіс, «Визуальды айғақтар» кестесі, ментальды карта, Венн диаграммасы, Джигсо — І топтастыру.

«Соңғы бес минут» әдісі.

Бағалау критерийлері:

  1. 1. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
  2. «Визуальды айғақтар» топтастыруды қорғауы 3 балл
  3. Венн диаграммасы. /интерактивті тақтада жұмыс/ 1 балл
  4. «Соңғы бес минут» тақтаға шығып, мәтінің мазмұнын айту 1 балл

Көрнекіліктер: ОЕТС, интерактивті тақта, слайд көрсетілімі, қима суреттері, ментальды карта

 

Сабақ барысыМұғалімнің іс әрекетіОқушының  іс әрекеті
І.Қызығушылықты ояту

\2 минут\

 

 

 

\3 минут\

 

 

 

 

 

\5 минут\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

\10 минут\

 

А. Сергіту сәті

Оқушылар өздерінің көңіл-күйлері туралы бөліседі.

«Қарлы кесек» әдісі.

 

 

Ә. Оқушыларды топқа бөлу:

3 топ – «Геометриялық фигуралар» бөліну әдісі.

1-топ: шеңбер, 2-топ: үшбұрыш, 3-топ: төртбұрыш

 

«Миға шабуыл»

Б. MS Word мәтіндік редакторын қайталау:

1. MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу үшін оны неше әдіспен іске қосуға болады?

2. Мәтіндік редактор немесе процессор дегенді қалай  түсінесіңдер?

3. MS Word мәтіндік редакторында кесте құру командасы неше әдіспен жүзеге асады?

4. MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Құжатты баспаға қалай жіберер едіңдер?

В.«Визуальды айғақтар» кестесі. Оқушыларға компьютерлердің суреттері таратылады.

«Визуальды айғақтар» кестесі.

XІХ

ғасыр

ХХ ғасырХХІ ғасыр
   

Мұғалім тақтада ілінген суреттерге байланысты сұрақ қоя отырып оқушыларды жаңа сабаққа алып келеді.

Оқушылар өз есімдеріне сыни тұрғыдан қарайды да, /қандай? Деген сұраққа жауап/ мысал келтіреді.

Балнұр – байсалды,

Дидар – дарынды

Бақытжан – бақытты  т.б.с.с.

Оқушылар  тақтаға шығып, кезекпен бір-бір геометриялық фигураны түсіне қарай таңдап, топқа бөлінеді.

 

 

 

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар плакатқа есептеуіш техниканың  даму кезеңімен бөліп, жабыстырады.

Компьютерлер туралы ойларын топтастыру түрінде құрайды, тақтаға шығып, оны қорғайды.

 

 

ІІ. Мағынаны тану

\15 минут\

 

 

 

Джигсо І (жанұя тобы, жұмыс тобы).  Оқулықтағы мәтінді үшке бөліп беру.

Мұғалім бақылап тұрады.

Жанұя тобындағы оқушылар 1-3-ке дейін  санап,         3  жұмыс тобына бөлінеді. Жанұя топта мәтінді жеке оқиды, жұпта, топта талқылайды, тезистер арқылы дәптерге жазады.

Оқушылар жанұя тобына оралады, мәтінді кезекпен түсіндіреді.

Тақтаға 3 оқушы шығады, түсінгендері бойынша өзі оқымаған мәтіннің мағынасын ашады.

ІІІ. Ой толғаныс

\5 минут\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

\5 минут\

 

А. Топтастыру

Венн диаграммасы.

Word           Excel

 

 

 

 

 

 
Электронды оқулықтан электрондық кесте  туралы мәліметті тыңдайды.

Мұғалім сабақты қорытып, аяқтайды.

Ә. Үй жұмысы:

Электрондық кесте туралы мәлімет  жинап  слайд жасап келу.

Б. Кері байланыс

1. Сабақта не ұнады?

2. Сабақта не ұнаған жоқ?

3. Өзінді қалай бағалайсың? Неліктен?

4. Пікір-ұсыныстар.

Шығу парағына  жапсыру.

Word  мәтіндік редакторы  және         Excel электронды кестенің қызметтері   туралы топтастыруға жаңа ойларын қосады, ортақ қасиеттерін жазады, тақтаға шығып, оны қорғайды.

 

 

 

 

«Соңғы бес минут» әдісі тақтаға бір оқушы шығып, топтағы оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.

 

Оқушылар интернет ресурстарын және кітаптарды пайдалана отырып, электрондық кесте туралы мәлімет  жинап  слайд жасап келуі керек.

Кері байланыста оқушылар сабақта алған әсерлерін жазады, өзіне баға қояды.