М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

 

 

                         

 

                                             Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы ЖББ Оян ОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                             Мухамбетжанова Гульжан Амангельдиевна

 

 

Тақырыбы.М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».   Аққу-Ана-Бала(2-сағат)

Мақсаты:1.Білімділік. Оқуылардың поэма жайында игерген материалдарын

нақтылау, шығармашылық жұмысқа үйрету.

2.ДамытушылықШығармаға жан-жақты талдау жасау арқылы

оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту.

3.ТәрбиелікОқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны

қорғай білуге тәрбиелеу.

Түрі: Білімді бекіту сабағыӘдіс-тәсілдерСТО әдістері

Көрнекілігі: слайд материалдарыПәнаралық байланыс Музыка, биология.

Сабақтың құрылысы: СТО стратегияларын қолдану

  1. Қызығушылықты ояту сатысы: 1) Ассоциациялау

                                                             2) Категориялық топтастыру

  1. Мағынаны тану сатысы: 1) ББҮ кестесі

                                                     2) Семантикалық карта

  1. Толғаныс сатысы: 1) Эссе

                                       2) Бес жолды өлең   

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру жұмыстары. 1)Оқушылармен амандасу

2)Сыныптың сабаққа дайындығын пысықтау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Кіріспе сөз: Әр ғасырдың біртуар адамы болады.Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз боп қадалған Абай, Мағжан, Қасым, …Мұқағали болар?Мұқағали «Абай жаққансәулені» сөндірмей, кейінгі ұрпағына қалдырды.Сол жыр сәулені лаулатарақын келеріне сенді.

Туады, туады әлі нағыз ақын,

 Нағыз ақын бал мен у тамызатын- деген болатын.

Әр ақынның өнер-болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда –ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида қасиет басымырақ.Табиғат -Ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді:

       Табиғат, жанымды алсаң алшы менің,

       Бір түйір жерге түскен тамшы едім,

       Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

       Артымда қалсын жерім, қалсын елім,-деп ақын таусыла жырлайды.

Ақынның өзін тыңдап көрелік.

Поэзия.

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім.

Қарауытқан таңдардан сені іздедім… Әрі қарай оқушылардың үйден дайындалып, жаттап келген«Менің Мұқағалиым» тақырыбында ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту және сенің Мұқағалиің екенін дәлелдеу тапсырмасы сұралады.Сұрақ: «Сенің Мұқағалиің қандай?»

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Слайдтағы Мұқағали сөзімен үй тапсырмасын қорытындылау.

«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды  ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем.Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай…»

М.Мақатаев

Оқушыларды топқа бөлу. (Молекула, атом4)

ІІІ.СТО стратегияларын пайдалана отырып жаңа сабақты бастау.

Біз Мұқағали ақынды –поэзия патшасы десек, ендеше,поэзия патшалығыа сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың  сырына үңіліп көрейікші.Іске сәт!

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тыңдау

  1. Қызығушылықты ояту сатысы.Оқушылар екі топқа бөлінген болатын.
  • Ассоцияциялау

Сұрақ. Поэма не туралы жазылған? Кейіпкерлері кімдер?

Жеке жұмыс.Оқушылар жеке ойланып, өз білетіндерін дәптерге жазады.

Жұппен жұмыс. Бірін-бірі тексеріп, алып қосарларын қосады.

Топпен жұмыс.Барлығы бірігіп қажет дегендер тақтаға жазылады.

Мыс: аққу,ана,бала,жылқышы,сәуегей қарт,әке…

 

  • Категориялық топтастыру

Сұрақ. Басты кейіпкерлерге сипаттама бер.Ана-Аққу-Бала

Оқушылар әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін алғашқы тапысрмаға қосыптолықтырады.

Жеке жұмыс.Оқушылар жеке ойланып, өз білетіндерін дәптерге жазады.

Жұппен жұмыс. Бірін-бірі тексеріп, алып қосарларын қосады.

Топпен жұмыс.Барлығы бірігіп қажет дегендерді тақтаға жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мағынаны тану сатысы. Оқушылар, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білеміз?

1)ББҮ кестесімен жұмыс

 

Білемін

 

Білгім келедіҮйрендім
Оқушылар поэма туралы не білетіндіктерін жазады.Жоспар түрінде көрсетуге болады.

 

Поэма мазмұнынан басқа не білгің келеді?

(оқушылар сұрақтар жазады)

Сабақтан қандай жаңа ақпараттар алдың?

(оқушылар мәтінен алған жауаптарын толықтырады)

   Еске түсіріп жіберу.Поэма қалай басталып еді?

                                        Поэма қалай аяқталды?    

«Аққу»мәтінін беру.Оқушылар мәтінмен танысып, өздері білмейтін жаңа мәліметтерді, жаңа ақпараттарды  дәптерлерінің «Үйрендім» бөліміне толтырады.

Аққу

      Аққулар (лат.Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген.

Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см.

Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың  мойындары 20—25 омыртқадан тұрады.  Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.

Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Аққуды қазақ халқы ежелден  қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстандымекендейтінекеуі – сыбырлақжәнесұңқылдақаққулар. КішіаққутундраданқыстайтынжерлерінеұшқанкездеҚазақстандакездеседі.

Қазақтараққудыкиеліқұсдеген:

  • Аққуқұсыәдеміқұсболғандықтан, жалпыақтүстіболыпкеледі — сұлулыққатеңеген. Қазақтыңәдеміқыздарынаққуғатеңеген.
  • Құстардыңішіненжұптасыпөмірсүретінбірден-бірқұс.
  • ЕгерЖұбынанайырылыпқалса, не біреуіқазаболса, екіншісіадамшақайғырып,ауырыпөлугебарған. Осы жағдайданкейінекіншіаққуғақосылмайтынболған.

Осыданқазақхалқы «Аққудыатуғаболмайды», «Махаббаттарыңайдындажүзгенқосаққудайболсын» -деген дана сөздерқалдырған.

Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

 

 

2)Семантикалық карта

 

Кейіпкерлер сөзіАнаӘкеЖылқышыТәуіп шал
……    
……    
…..    
…..    

 

Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы кейіпкерлерге сәйкесті сөздерді мәтіннен алып толтырады.

  1. Толғаныс сатысы. Балалар, поэма мазмұнымен, аққулардың тіршілігімен толық таныстық. Қалай ойлайсыздар, поэмадағы бақытсыз жан кім?

(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

  • Эссе. «Поэмадағы ең бақытсыз жан кім?»

Ендеше өздеріңді сол рөлге қойып көріп, себебін 5 минут уақыт аралығында жазып беріңіздер. Мұғалім өзі де бірге орындау.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

 

  • Бес жолды өлең. Балалар, бүгін біз сабағымызда аққу, ана, бала туралы сөз қозғадық.Ой бөлістік. Енді « Аққу-Ана-Бала»тақырыбын негізге ала отырыпмына сызбаны пайдалана отырып сызбаға сәйкесті мәліметтерді толтыра қояйық.

 

1-жол 1 зат есім (кім?)                                 Аққу            Ана         Бала

2-жол 2 сын есім (қандай?)

3-жол 3 етістік (не істеді?)

4-жол 4 сөзден тұратын мағыналы сөйлем

5-жол тақырыптың синонимі

Сабақты қорыту. Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,

                             Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, -депті ақиық ақын.

Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын.Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы  1973жылы «Жалын» альманағында жарияланды.Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.»Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым.Разы болып,мына алтын қаламды сыйлады»-деді Мұқағали.Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің,Мұқа» Ғабең  ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз»-дедім тебіреніп.Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды.Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді. Мұқағали –жыр жазудың шебері.Осы поэмада басы артық дүние жоқ.Абай айтқандай,  «теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы»деген өлшемге компазициясы да  сыйып тұрған поэма.

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу

Қаңқылдап қанатымен сабалап су,

Таранып қаранады жан-жағына,

Сұлуды тасалама ,көк торғын құс!

Құрметті шәкірттерім, ақын Ф.Оңғарсынова “Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық” деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар!

 

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша бірін -бірі бағалайды

 

Үйге тапсырма. Поэмадан өздеріне ұнаған жерлерінен үзінді жаттау.