М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».

 

Сыдықова Гүлжамиля

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

№ 41 М.Оразалиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ақын поэзиясын жүрегімен сезіне білуге құштарлығын ояту.

Тәрбиелік : Әсемдікті,әдемілікті,мейірімділікті,табиғатты аялауды, табиғатты  қорғай  білуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Шығарамадағы аналар бойындағы асыл қасиеттті ашып көрсетуге, батырлық пен ерлікті дәріптеп, адалдық пен мейірім шуағын, жүрек жылуын сөзбен жеткізеді.Анадан құдіреттті ешкім жоқ екенін түсіндіре білу.

Сабақтың әдісі:  Топқа бөлу,карточкелік сұрақтар,сұрақ-жауап,сахналық көрініс, мәнерлеп оқу,дебат, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеп, сабаққа көңіл бөлу. Өткен сабақтан түсінгендерін сұрақ-жауаптарын бағалау, жаңа сабақты сахналық көрініс ретінде көрсетіп, сабақты бекіту.

Сабақтың көрнекілігі:  М.Мақатаев туралы нақыл сөздер өлеңдерінен үзінді портреті. Аққулар суреті, табиғат суреті.

Сабақты ұйымдастыру:

Оқушыларды түгелдеп, көңілдерін сабаққа бейімдеу. Өткен сабақ М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақ-жауап алу, сұрап – жауаптарын бағалау.

Оқушыларды екі топқа бөлу:

  1. Аққулар тобы 2. Табиғат тобы
  2. М.Мақатаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  3. М.Мақатаев өзінің естелігінде не деп жазды?
  4. Ақынның туған жеріне, туған халқына сүйіспеншілігі қандай еді?
  5. Ақынның қай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

«Үш бақытым»

  1. Мұқағали қанша жасынан бастап өлең жаза бастады?

Ал енді «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына тоқталайық. Оны біз өткен сабақта оқып, мазмұнын түсінгенбіз, енді сахналық көрініс ретінде рөлдерде ойнату

Табиғат көрінісі туралы айтылған бұл бөлімде «Жетім көл» деп ІІ бөлімді «Ана тағдыры» ІІІ бөлімге «Аққулар өлімі»деп ат қойдық.

  1. Аққулар айдын көлге келіп қонғанда көл беті қалай еді? Және

Оралмады аққулар осы маңға,

Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?

Жетім көл жетімсіреп қала берді,

Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!

дегенге қалай түсінесіңдер, толықтырып айтып беріңдер.

 

Сахналық көрініс

  1. Автор сөзі

2.Ана сөзі

  1. Тәуіп шал

4.Ана сөзі

  1. Аққулар
  2. Жылқышы ата
  3. Ана сөзі
  4. Аққуды ату

Әдебиет теориясына тоқталу.

  1. Осы поэма қандай оқиғаға құралған (трагедия ) Трагедия дегеніміз не?
  2. Драмалық сахналық шығарма тексі монолгпен диалогтан тұрады.

Монолог дегеніміз не? Бір адамның сезімін, көңіл-күйін, ойын білдіріп, пікір  түйе сөйлеген сөзі (Ананың көңіл күйі)

  1. Диалог дегеніміз не? Екі адамның кезектесіп сөйлеген сөзі. Бұл шығармада қай жерінен көрінеді. (жылқышы мен Ана сөзінен)

Осы шығармада эпилогты тауып жатқа айтыңдар.

  1. Экспозиция дегеніміз— кейіпкер әрекеті басталарт алдында жағдайды көрсететін кіріспе бөлім. ( бұл жетім көл бөлімі)
  2. Кульминация дегеніміз— кейіпкер әрекетінің шыршық атып ең биіктеп жеткен шегі.

Шығарманың шешуі дегеніміз— әрекетті аяқтайтын оқиға.

Сергіту минуты. Екі топ ән айту.

Ана-ақылшың                                              Аққу- махаббат символы

Ана-тірегің                                                    Аққу- тазалық

Ана-асыл жан                                               Аққу -көңіл құсы

Ана- қымбат                                                 Аққу- табиғат сыйы

Ана- ұстаз                                                      Аққу- пәктік

Ана-жанашыр                                              Аққу-адал

Ана-батыл                                                    Аққу-сыңары үшін

 Шығармашылқ жұмыс

«Табиғат »тобы                                       «Аққу тобы»

Мақал-мәтел айтысу

Дебат.

  1. Аққуды ату дұрыс
  2. Аққуды ату дұрыс емес
  3. Ананың балаға сезімі қандай?
  4. Адамның табиғатқа сүйіспеншілігі
  5. Тәуіп шалды тауып, неліктен жазаламайды?

Сабақты қорытындылау

Үйге: «Ана мерген» тақырыбына шығарма жазу.