Адамның сезім мүшелері.Құлақ-есту мүшесі.Мұрын-иіс сезу мүшесі
| Күні:25.09.2013 | Пәні: Дүниетану | Сынып: 1 Б |
| Сабақтың тақырыбы: | Адамның сезім мүшелері.Құлақ-есту мүшесі.Мұрын-иіс сезу мүшесі. | |
| Мақсаты: | Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі,олардың маңызы туралы түсінеді. | |
| Табыс критерийлері: | · Сезім мүшелерін қызметін ажырата алады. · Сабақты түсінеді,өз ойларын айта алады. · Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді. | |
| Сабақтың әдісі: Бағалау: | Топтық жұмыс,сұрақ-жауап Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы | |
| Ұйымдастыру кезеңі:
| Жүректен-жүрекке. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.) (2 минут) | |
| Қызығушылықты ояту | Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау,топтық ережені құру (спикер,хатшы,басшы) (5 минут) | |
| Мағынаны тану | Мағынаны тану Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға арналған жұмбақтар Екі көлдің арасы, Арада тұр жарасып (мұрын) Екі жарда екі кебіс ілулі тұр (құлақ ) (5 минут) | |
| Ой толғаныс | -Адамға құлақ қажет пе?Неліктен? -Адамға мұрын қажет пе?Неліктен? (6 минут) | |
| Ойын-жаттығу | Ойын жаттығу «Дауысын тап» (3 минут) | |
| Сергіту сәті | Көңілді жаттығу (2 минут) | |
| Шығармашылық жұмыс | «Карусель» әдісін қолдану,ойлан тап (берілген суреттер арасынан көрсетілген сезім мүшелеріне қатысты суреттерді таңдап жапсыру,болған соң жұмыстарын бір-бірімен ауыстырып,толықтыру,жұмыстарын қорғау) (10 минут) | |
| Жеке жұмыс | «Ақыл кеңес айдары» оқушылардың сезім мүшелерін қалай күту керектігі жөнінде ойларын тыңдау (3 минут) | |
| Қорытынды Рефлексия | Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру) (5 минут) | |