Паскаль программасының құрылымы, енгізу-шығару операторлары

Тақырыбы: Паскаль программасының құрылымы, енгізу-шығару операторлары.

Мақсаты:  Оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, бағдарлама бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Міндеттері:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару.

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және  дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті  жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру және  тәжірибеде қолдану сабағы.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, көрмелер, тесттік тапсырмалар, компьютер, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырып,үйге берілген тапсырманы тексереді.

Сұрақ-жауап. (үй тапсырмасы)(2-флипчарт)

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритның неше қасиеті бар?

3.Алгоритм қасиеттерін ата?

4.Алгоритмнің неше түрі бар?

5.Қандай программалау тілдерін білесің?

І. Қызығушылықты ояту

Әр топ тақырып бойынша «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.(3-флипчарт)

 

БілемінБілгім келедіҮйрендім
   

 

 

 

 

ІІ. Мағынаны ашу.

Мәтінмен жұмыс. (оқушылар өз беттерінше орындайды) .(4-флипчарт)

Компьютерде алдын-ала тақырыпқа байланысты мәтіндер беріледі. Оқушылар жұптасып мәтінмен жұмыс жасайды. Әр оқушы дәптеріне қысқаша мәліметтер мен  жаңа сөздерді жазып алады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор. Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар  сөйлемін оператор дейді.Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.

1. тақырыпprogram программа аты жазылады;
2. сипаттау бөлімі

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

begin
3. операторлар бөлімі   Операторлар;
end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен  бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z);    клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп <enter> клавшін басамыз.

Readln(x)  — сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.

Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.

Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында  қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде  атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе   writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  write(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m);          Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.

Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе   readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі:  read(a1, a2, a3, …, an);    мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп <enter> пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек.  Мысалы: x –айнымалы болсын,

read(x);           Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп <enter>-ді басамыз.

 

  1. (Мұғалім тақырыпты толықтырады)

Турбо Паскаль бағдарламасы туралы мағлұматтар толықтырып. Есеп шығару барысында көрсетеді.(1-слайд)

 

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз: (2-слайд)

 

Математикалық моделіПаскаль программа
1. Не белгілі?   Екі бүтін сан, х, у – бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан енгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у;                           аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

 write(‘көбейтінді = ‘,z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.

 

  1. Практикалық бөлім

Әр топ берілген тапсырмаларды компьютерде Паскаль бағдарламасында орындайды. (3-слайд)

№1 Енгізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп бағдарламаға өзгеріс енгізіңіз.

№2  Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп бағдарламаға өзгеріс енгізіңіз.

№3  Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз.

 

ІІІ. Ой-толғаныс.

  1. Тест. (4-слайд)

Әр оқушы компьютерде тест қаптамасын орындап, өз бағаларын шығарады.

 

2.Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдері негізінде ББҮ кестесіндегі  «Үйрендім» бағанын толтырады.  (3-флипчарт)

 

Үйге тапсырма: §2.2  оқу және кестені толтыру. (5-флипчарт)

 

Бағалау.