Информатика және ақпарат.Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
| Апта:2 Күні: 08.09.14 | Пәні Информатика | Мұғалім аты-жөні Өмірзақов Н.Т. | Астана қаласы №48 мектеп-лицей 7 «а,ә,б,в,г» — сыныптары | Оқу-ісінің меңгерушісі
________Мұқатова Ж.М. | ||||||
| Сабақтың тақырыбы: Информатика және ақпарат.Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. | ||||||||||
| Сілтеме: | · 7-сынып оқулығы; · 7-сынып электронды оқулығы; · Стендтер. | |||||||||
| Сабақтың мақсаты: | ||||||||||
| Білімділік мәні: | Ақпарат ұғымы, ақпаратты қабылдау, сақтау және жіберу құралдарын, ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету. | |||||||||
| Дамытушылық мәні: | Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру. | |||||||||
| Тәрбиелік мәні: | Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу | |||||||||
| Нәтиже: | · Ақпаратың түрлерімен танысады. · Адам ақпаратты қалай қабылдайды. · Ақпаратты өңдеу құралдарын біледі. · Ақпаратты жөнелту арналарын біледі. · Ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді · Ақпаратты сақтау құралдарын біледі. | |||||||||
| Түйінді идеялар: | · Адам ақпаратпен не істейді. · Ақпарат түрлері. · Ақпаратты жөнелту. · Ақпаратты өңдеу. · Ежелгі және қазіргі уақыттағы ақпарат сақтау және тасымалдаушылар | |||||||||
| Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||||||||
| Әдіс-тәсілдері: | АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту | |||||||||
| Пәнаралық байланыс: | Математика | |||||||||
| Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| · Сәлемдесу · Өздерін ретке келтіру · Топқа бөліну · Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру | |||||||||
| Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | ||||||||||
| · Ақпарат дегеніміз не? · Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар? · Ақпараттың қасиеттерін атаңдар? · Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды? · Қандай ақпарат тасығыштар бар? | ||||||||||
| Қызығушылықты ояту (2 мин.) | ||||||||||
| 7-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды
| |||||||||
| Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) | ||||||||||
| ББҮ (2 мин.) | ||||||||||
| ББҮ-ны толтыру | ББ бойынша флипчартта жазу | |||||||||
| Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? | ||||||||
| Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 7-сынып оқулығында «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын оқыту. Әрбір топқа ақпарат сақтау құралдарының суреттері беріледі.
| Оқушылар белсене қатысады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді. | |||||||||
| Ой толғаныс (4 мин.) | ||||||||||
| Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері ақырыбында 5 жолды өлең жазу | «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» 5 жолды өлең құрастырады | |||||||||
| Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. | |||||||||
| Бағалау (2 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |||||||||
| Үйге тапсырма (1 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Үйге«Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |||||||||
| Рефлексия (2 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады. | |||||||||