Оператор.Паскаль тілінің қарапайым операторы

Сабақтың  тақырыбы:  Оператор.Паскаль  тілінің  қарапайым операторы

Сабақтың мақсаты:   1.Жаңа  тақырыпты өткен  сабақпен  байланыстыра

отырып, қарапайым   оператор,оның  жазылу   тәртібі

мен    қолдану  ережесін  түсіндіру, оқушыларға мысал

келтіру, есеп     шығарту

2.Оқушылардың  пәнге  қызығушылығын   әр түрлі

тапсырмалар  арқылы   дамыту, теориялық  білімін

практикамен  ұштастыруға, берілген  тапсырмаларды

тиянақты  орындауға, программа  құрылымының

сауаттылығын  дамыту

3.Ұқыптылыққа,  өзбетінше  еңбектенуге , нәтижелікке,

өзін — өзі  бағалауға , салауатты өмір сүруге  тәрбиелеу

Сабақтың  түрі:                 жаңа  сабақты  меңгерту

Оқыту  әдісі:                     сөздік,көрнекі, практикалық,жобалық

Оқыту  формасы:            ұжымдық, жеке

С.көрнекілігі:   ЭҚ «Жоба», интерактивті  тақта, Паскаль  бағдарламасы,

үлестірме бетшелер

Пән  аралық  байланыс:   ағылшын, қазақ  әдебиеті,дене, биология

 

С.жоспары:

 

І.Үй  тапсырмасын  тексеру

Жадымызды  жаңғыртайық

ОЭ-1.  Ақиқат  пікірді  тап

ОЭ-2.  Шама  түрін анықта

ОЭ-3.  Сызбаны  толтыр

ІІ. Зертханалық  жұмыс

Операторлар  бөлімін  зерттеу  алгоритмі  (59-60 бет)

 1.Оператор дегеніміз не?

2.Операторлар қалай жазылады?

3.Жазылу түрі қандай?

4.Операторларды  пайдаланып  не істеуге  болады?

5.Операторлар нешеге бөлінеді? Олардың  құрамы.

ІІІ.Жаңа  сабақ  (Нұсқау  хат)

ІҮ.Пысықтау, бекіту

ОЭ-4. Қатені тап, дәлелде

ОЭ-5.Жаттығу  жұмысы

Ү.Жоба  қорғау.Зерттеу жұмысы

ҮІ.Өткенді  қайталау

ОЭ-6. Синонимді  тап

ОЭ-7.Жасырын  сөзді  тап

ҮІІ.Үйге  тапсырма  беру

ҮІІІ.Оқушы  білімін  бағалау

 

С.барысы:  

Ұйымдастыру

1.Оқушыларды  түгендеу, оқу  құралдарын  ретке  келтіру,журнал  толтырту

 

Бүгінгі  сабағымыз  спортқа  арналады. 2011  жылы  Қазақстанда  7 – ші  қысқы Азия  ойындары  өтетіні   баршаңызға  белгілі .Бұл  ойынның  тұмары  болып  — қар барысы  саналады.2011 жылы 11  қаңтарда   Азия  Олимпиадалық кеңесінің  штаб-пәтері  орналасқан  Эль-Кувейт  қаласында  біздің  эстафетаның  алауы жағлады. 20 күн  ішінде Алау   Қазақстанның   барлық   қалаларын  аралып, 30 қаңтар   күні  «Астана — Арена» стадионында   Азия  ойындарының  салтанатты  ашылу   рәсімінде  мәресіне  жетеді.

Баршаңыздыда ортаға шақырамын. Бір – бірімізге  сәттілік  тілеп, іштеріңізден  бір адам барлық  спортшылар   атынан   ант   қабылдау  керек.

І. Үй  тапсырмасын  тексеру,қайталау

Мақсат: Түрлі  оқу  элементтері  көмегімен  үй  тапсырмасын  тексеру арқылы, сабаққа  дайындықтарын  тексеру

1.Ақиқат  пікірді  тап

А .sqrt  — санның  екі  дәрежесі

Б. DIV —   қалдықты  табу

В. АВС(х) – х санының абсолют  шамасы

Г. Паскаль  тілін  ұсынған  Блез  Паскаль.

Д. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен  тұрады.

  1. Шама түрін (типін) анықта:

А. 19,5; 1,5; 136,18 ; 1012  — нақты

Б. -49;  127;  -12698  — бүтін

В. «Паскаль тілі»; « 9 сынып»; «16 желтоқсан» — тіркестік

Г. True, false — логикалық

Д. «3»; «с»; «#» — символдық

  1. 3. Сызбаны толтыр. Сипаттау бөлімінің   реттілігі:

1.Кітапханалық модуль

2.Белгі

3.Тұрақты

4.Типті

5.Айнымалы

6.Процедура

7.Функция

ІІ. Зертханалық   жұмыс

Мақсат: Берілген  алгоритмге  жүгініп, сұрақтар бойынша оқулыққа зерттеу  жүргізу

1.Оператор дегеніміз не?                      2.Операторлар қалай жазылады?

3.Жазылу түрі қандай?                         4.Операторларды  пайдаланып  не істеуге  болады?

5.Операторлар нешеге бөлінеді? Олардың  құрамы.

  1. Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге  асыру  барысында   орындалатын іс — әрекеттерді  анықтайтын  тілдің  қарапайым  сөйлемі.
  2. Жазылу ретіне қарай операторлар  бірінен  кейін   бірі  тізбектей  орындалады.Әр  жол  нүктелі   үтір (;)   арқылы  бөлініп  жазылады.
  3. BEGIN

1 – оператор;

2- оператор;

………………..;

n – оператор;

END.

4.Операторларды  пайдаланып айнымалыға  мән  меншіктеуге, берілген  мәліметтерге  амалдар  қолдануға,программаны басқаруға, мәндер  енгізуге, шығаруға,процедура мен функцияны  орындауға  болады

5.Оператор  екіге  бөлінеді: қарапайым  және құрама.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақтың  тақырыбы:  Оператор.Паскаль тілінің  қарапайым операторы.

Олимпиада алдында  сіздерге  мынадай  нұсқау  хат.

 

Меншіктеу  операторы  —  жазылғын  өрнектің  мәнін  есептеп,айнымалыға  меншіктеу

Жазылу пішімі:  <айнымалы  атауы> := <өрнек>

Айнымалы  атауының   типі  мен  қабылдайтын  мәннің  типі  бірдей болуы қажет.

Мысалы:        var  n: real;

begin

n:=19.36;

Төмендегі  кестеден  қайсысы   меншіктеу  операторы болатыны  немесе  болмайтыны  мысал  ретінде  келтірілген.

 

ӨрнекТүсініктеме
z:=0Болады
a=c+1Болмайды,меншіктеу таңбасы салынбаған
-z:=yБолмайды,айнымалы атауы  теріс болмауы тиіс
2*p+3:=xБолмайды,айнымалы мен өрнек орны  ауысқан

 

Көшу операторы

Көшу  операторы операторлардың  рет-ретімен  орналасуын  бұзып, келесі атқарылуды,яғни  белгісі  бар  операторға   көшуді  орындайды

Жазылу пішімі:  GOTO  <белгі>;

……………….

<белгі>: end .

Көшу  операторын   қолданған  жағдайда: оны программа  мәтіні  бойынша  тек төмен  қарай  көшу  үшін  пайдаланған  жөн.  Белгі  тұрған орын  мен  көшу  операторының  арасы  мәтін  бойынша бір беттен артпауы  тиіс.

Бос  оператор

Ол  ешқандайда  амал  орындамайды. Бос  оператор   қалдырылып  кеткен оператордың  орнын  белгілеу  үшін  пайдаланылады.

 

Енгізу  операторы  —  мәліметтерді   енгізу . READ (ағылшынша — оқу)

 

Жазылу пішімі:

             read (a,b,c); — айнымалы  мәндері  пернелер  арқылы араларына 1 бос орын  қалдыру арқылы  енгізілген  соң,курсорды  келесі  қатарға  көшірмейді.

readln (a,b,c); — пернелерден  мәндер  енгізілгеннен   кейін   курсорды  келесі  қатарға  көшіріп  жібереді.

readln; — ешқандай мән енгізбейді,тек курсорды  келесі  қатарға  көшіреді.

Мысалы:        var  n: real;

m: integer;

k: char;

begin

read (n,m,k);

……………

Программаға    212.5   38    `d`  — мәлімет енгізу  дұрыс  орындалған

`d`   212.5   38   — мәлімет енгізу  дұрыс  орындалмаған

Енгізілген  айнымалы  мәні  өз  типтеріне  сәйкес   келуі  шарт.

 

Шығару  операторы  —  нәтижені экранға  шығару. WRITE (ағылшынша – жазу)

Жазылу пішімі:

             write (a,b,c);  — мәнді  бір  жолға  шығарады

writeln (a,b,c); — мәнді  әр жолға, бірінің астына бірін  шығарып  көрсетеді

Мысалы:

Бүтін санды  экранға  шығару   

var     k: integer;

r: real;

begin

read (r);

write (k:n);

 

 

 

Есеп  №1

Радиусы  R  болатын  шеңбер  ұзындығын  есептеу программасын  құрып көрсету  қажет .

Pi=3.14     L:=2*pi*R

ІҮ.  Пысықтау , бекіту .

Нұсқау  хатты  басшылыққа  ала  отырып, олимпиада  ойынына қатысайық.

  1. Биатлон

ОЭ-4. Қатені  тап, дәлелде 

Мақсат : Берілгендердің  қатесін  тауып, дәлелдеу

 

  1. Х = K + 4

 

  1. X := 3,74*A

 

  1. 3*K := M

 

  1. 4. Begin, intejer, program

 

  1. 5. Writeln (‘c=’, c:2:6);

 

 

 

2.Тау  шаңғысы

Оқулықтағы  №1, 5 (а), 12 есеп.

Мақсат : Жаңа сабақ   бойынша  оқушылардың   түсініктерін  бақылау, теориялық  білімдерін   практикамен   ұштап, пысықтау

№1

Program alma;

    Var m,k,l,t : integer;

           a:integer;

begin

        readln(m,k,l,t);

       a:=t*(m+k+l);

       writeln(a);

      readln;

end.

 

  

 

Ү.Өткенді  қайталау

3.Хоккей

Мақсат: Бағдарламаның  сөздік қорындағы бастапқы сөздерге  сәйкес  синонимді  табу

 

Бастапқы   сөзСиноним  сөз
АлгоритмЗаңдылық,реттілік,тізбек,тәртіп
ҚайталануЦикл, әйтпесе
Айнымалыға  теңестіруМеншіктеу
СоңыБітті,аяқталды
ТұрақтыКонстанта
АтауИдентификатор
Нәтижені табуШығару,есептеу
ҚатарЖол

 

                                   

4.Фристайл

М:Берілген  тақырыпқа   жоба  қорғау. Көркем — әдеби  шығармаларға   зерттеу   жүргізіп, алгоритмнің  қай   құрылымына   келетінін  түсіндіру

Тақырыбы:

Алға қойылған мақсатқа жетуде алгоритімді қолдану шарт па , шарт емес пе ?

1 .Гипотеза  «Алға  қойылған  мақсатқа жетуде  алгоритмді  қолдану шарт»    Дайындаан: Ғиззатуллина Әсем

2.Алға қойылған  мақсатқа жетуде  алгоритмді  қолдану    шарт емес»                               Дайындаған: Сапарова  Арайлым

Түйін : 2 оқушының  пікірінде  тыңдадық.  2-ші  пікірде  айтылған  гипотеза  шектеулі. Тек  шығармашылық  адамдарға  ғана  тән  қасиет. Әрине, бұның  орны  бар.Бірақ  біздер  қоғамда  өмір  сүргесін  белгілі  бір  заңға, шартқа бағынғанымыз  жөн. Бұл алгоритмдеу  кез келген  салада бізге  көздеген    мақсатымызға  жетуде  көмек. Сондықтан  алгоритмне  бағыну, оны  қолдану  шарт деп  түйіндеймін.

 

5.Мәнерлеп  сырғанау

М: Шахматтағы   аттың   жүрісімен   мәнерлеп сырғанап, жасырылған  сөзді  табу.

аОт
ыт
рққ

 

paп
ео
 тОр

  

  1. Іс — әрекеттің  орындалу  тәртібі
  2. Пайдалану құндылығын  арттыратын   алгоритмнің    қай   қасиеті?

 

Ү. Үйге  тапсырма

  1. $ 3 .3 – 3.4 № 5 (ә,б,в) № 17
  2. Шығармашылық тапсырма .

Зерттеу жұмысы: Пән  оқулықтарына зерттеу жүргізіп,  ішінен қарпайым  операторларға сәйкес келетінін тауып, талдау  жасау

 

ҮІ.Оқушы білімін бағалау.

 

Оқушылар  сабақ  бойы  жинаған  ұпайларын  санап, оны  қосып    бағалау  норамсымен  танысып,бірін-бірі бағалайды.

  • Сабақтағы өз  жұмыстарыңызға  баға  беріңіздер . Өздеріңнің  сабақтан  кейінгі  көңіл – күйлеріңді  көңіл — күй нышанымен (смайлик) білдіріп, мониторға жапсырып  қойыңдар.
  • Сабақта сіздермен  бірге  жұмыс  жасау  мен үшін үлкен мәртебе.   Сабақ  соңында   сіздерге    өзімнің  көңіл – күйімді де   білдіргім   келеді.

Сабақ  аяқталды. Сау болыңыздар